daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Форт Гель 2,5% 50 Г | Тернофарм ООО

Астане қаласындағы Форт Гель 2,5% 50 Г | Тернофарм ООО
Сипаттама:

Түссіз, мөлдір дерлік, консистенциясы біртекті, хош иісі бар гель.

Халықаралық атауы:

Кетопрофен

Өндіруші:

Тернофарм ООО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: этанол 96 %, карбомер, триэтаноламин, лаванда майы, тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

2,5%

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

бұлшықеттердің, сүйектердің немесе буындардың шығу тегі ревматизмдік немесе жарақаттық ауырулары (соғылулар, байламдардың созылуы, бұлшықеттердің созылуы, мойын бұлшықеттерінің сіресуі, люмбаго) кезінде жергілікті емдеу үшін.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

анамнездегі кез келген фотосенсибилизация реакциялары

аса жоғары сезімталдықтың белгілі реакциялары, мысалы, кетопрофенді, фенофибратты, тиапрофен қышқылын, ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қолдану кезінде туындаған демікпе симптомдары, аллергиялық ринит немесе есекжем

анамнезде кетопрофенді, тиапрофен қышқылын, фенофибратты, УК-блокаторлар немесе парфюмерия өнімдерін қолданғандағы аллергияның терідегі көріністерінің болуы

гельмен емдеу кезіндегі және оны тоқтатқаннан кейін 2 апта ішіндегі күн сәулесінің (тіпті шашыраңқы сәуленің) әсері немесе солярийдегі УК-сәуле

гельді терінің зақымдану белгілері, мысалы экзема, акне, инфекциялық үдеріс немесе ашық жаралар бар бөліктеріне қолданбау керек

жүктіліктің үшінші триместрі

15 жасқа дейінгі балаларға.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препаратты тек сыртқа қолдану керек. Егер гельді жағу уақыты өтіп кетсе, келесі қолданғанда дозаны екі еселеу керек.

Жергілікті қолданғанда іс жүзінде кетопрофеннің жүйелі жағымсыз әсерлері болмайтындығына қарамастан, гельді бүйрек, жүрек немесе бауыр функциясы бұзылған, ойық жара ауруы немесе анамнезінде ішек қабынуы, цереброваскулярлық қан кету немесе геморрагиялық диатезі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бүйрек зақымдануымен байланысты жүйелі жағымсыз реакциялардың жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.

Гельді анус немесе гениталий аумағына жақпаңыз. Гельді басқа жергілікті дәрілермен терінің бір ғана жеріне қолданбаған жөн. Гельдің көп мөлшерін жергілікті қолдану бронх демікпесі ұстамаларын және жанаспалы дерматит, есекжем және бронх түйілуі сияқты аса жоғары сезімталдық көріністерін қоса, жүйелі әсерлердің пайда болуына түрткі болуы мүмкін.

Гельдің ұсынылған мөлшерін және емдеу ұзақтығын асырмау керек, өйткені уақыт өте келе жанаспалы дерматиттің және фотосенсибилизация реакцияларының даму қаупі жоғарылайды.

Гельді терінің зақымданған беткейіне (экзема, ашық немесе инфекция жұқтырған жара, экссудаттық фазадағы дерматит) жағу керек. Гельді шырышты қабықтарға, көзге және көз айналасындағы теріге тигізбеу керек. Окклюзиялық таңғыштың астына, терінің үлкен бөліктеріне, қажеттісінен артық мөлшерлерде және қажетті жиілігінен артық, ашық жалынның қасында (өйткені препараттың құрамында этанол бар) қолдануға болмайды. Октокрилен сусабын, қырынудан кейінгі гель, душқа арналған гель, крем, ерін далабы, жасартатын крем, макияжды кетіруге арналған құралдар, шашқа арналған, олардың фотодеградациясын ұстап тұратын лак сияқты кейбір косметикалық және гигиеналық өнімдердің құрамына кіреді.

Теріде өзгерістер пайда болса, емдеуді уақытша тоқтата тұру керек Айқын тітіркену кезінде емді жалғастыру ұсынылмайды. Гельді әрбір рет жаққаннан кейін қолды мұқият жуу керек. Форт-гельді ұзақ ысқылап жағу қажет болған жағдайда, хирургиялық қолғаптарды пайдалану керек. Емделу кезінде, сондай-ақ фотосенсибилизацияның кез келген қаупін азайту үшін емдеуден кейін 2 апта бойы терінің препарат жағылған аумақтарын күннен (оның ішінде солярийдегі УК-сәуледен) қорғау керек; кез келген тері реакциялары, оның ішінде құрамында октокрилен бар өнімдермен (кейбір косметикалық және гигиеналық құралдар) бір мезгілде қолданғаннан кейін тері реакциялары пайда болған жағдайда, емдеуді дереу тоқтату керек. Емделу кезінде және ол аяқталғаннан кейін 2 апта бойы тікелей түсетін күн сәулесінен және солярийдегі сәулені қоса, УК-сәуледен сақтану керек.

Препаратты антикоагулянттар, диуретиктер және литий тұздарын қолданып жүрген пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Кумариндік дәрілермен емдеу курсын өтіп жүрген пациенттердің жағдайына тұрақты бақылау жүргізу ұсынылады.

Гельдің көп мөлшерін жергілікті қолдану бронх демікпесі ұстамаларын және жанаспалы дерматит, есекжем және бронх түйілуі сияқты аса жоғары сезімталдық көріністерінің пайда болуына түрткі болуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Кумарин қабылдайтын пациенттерді қадағалау ұсынылады. Құрамында кетопрофен немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер бар, жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік түрлерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл олардан туындаған жағымсыз реакциялар сияқты, олардың әсерін күшейтуі мүмкін. Ацетилсалицил қышқылы мен кетопрофенді бір мезгілде қолданғанда кетопрофеннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы азаяды. Пробенецид пен кетопрофенді бір мезгілде қолдану кетопрофен клиренсінің және оның ақуыздармен байланысу дәрежесінің төмендеуіне алып келеді. Кетопрофен, басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер сияқты, метотрексаттың шығарылуын төмендетеді, бұл оның уыттылығының жоғарылауына алып келеді. Кетопрофеннің тері арқылы сіңу дәрежесінің төмендігіне қарамастан, оны метотрексаттың жоғарғы дозаларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені метотрексаттың экскрециясы төмендейді, соның салдарынан оның уыттылығы едәуір жоғарылайды.

Кетопрофен мен пероральді антикоагулянттарды немесе кортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупінің жоғарылайтындығына байланысты, пациент үнемі медициналық бақылауда болуы тиіс. Антикоагулянттармен, тромбозға қарсы дәрілермен, ацетилсалицил қышқылымен немесе басқа да ҚҚСП, ГКС-мен – жоғарыда аталған препараттардың әсері күшейеді. Кетопрофен мен жүрек гликозитерін, литий препараттарын және циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда олардың экскрециясының төмендеуі салдарынан уыттылығы жоғарылайды. Кетопрофен диуретиктер мен гипертензияға қарсы препараттардың әсерін төмендетуі, пероральді гипогликемиялық препараттар – сульфонилмочевина туындыларының, сондай-ақ, құрысуға қарсы кейбір дәрілердің (фенитоиннің) тиімділігін арттыруы мүмкін. Кетопрофен мен диуретиктерді немесе ангиотензинконвертаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану бүйрек функциясының бұзылу қаупін жоғарылатады. Кетопрофен мифепристонның әсерін азайтуы мүмкін, сондықтан мифепристонмен емдеу курсы мен кетопрофенмен емдеуді бастау арасында кемінде 8 тәулік өтуі тиіс.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

15 жасқа дейінгі балаларға қолданбау керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

I және II триместрлерде, егер анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен басым түсетін болса ғана, гельді дәрігердің тағайындауымен қолдануға болады. Емдеу кезінде емшек емізуді тоқтату керек.

Простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері, соның ішінде кетопрофен кардиопульмональді жүйенің және шарана бүйрегінің уытты зақымдануын туындатады. Жүктіліктің соңында анасында да, балада да қан кету уақыты ұзаруы мүмкін. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер босануды кідіртуі мүмкін, сондықтан препаратты жүктіліктің III триместрінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Препаратты жұқа қабатпен (3-5 см гель) жағады.

Енгізу әдісі мен жолы

Гель сыртқа қолдануға арналған. Толық сіңгенге дейін абайлап ысқылау керек.

Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі

Тәулігіне 2 рет.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер жекелей белгілейді, бірақ препаратты

10 тәуліктен артық қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Кетопрофенді байқаусызда ішке қолданған жағдайда препарат ұйқышылдықты, бас айналуын, жүрек айнуын, құсуды, эпигастрий аймағының ауыруын туындатуы мүмкін. Бұл симптомдар әдетте, тиісінше симптоматикалық емнен кейін жоғалады. Кетопрофеннің жоғарғы дозалары жүйелі қолданылғанда брадипноэ, кома, конвульсия, асқазан-ішектен қан кетулерді, бүйректің жедел жеткіліксіздігін және артериялық қысымның жоғарылауын немесе төмендеуін туындатуы мүмкін. Жүйелі жағымсыз әсерлер Форт-гельді ұзақ қолданғанда, жоғарғы дозаларда қолданғанда немесе оны терінің ауқымды бөліктеріне жаққан кезде туындауы мүмкін.

Симптомдары: тітіркену, эритема және қышыну немесе басқа жағымсыз реакциялар көріністерінің күшеюі.

Тері арқылы өтетін кетопрофеннің деңгейі қан плазмасында төмен болғандықтан, артық дозалану ықтималдығы аз. Жүйелі жағымсыз реакциялар препаратты ұзақ уақыт, жоғары дозаларда қолданғанда немесе терінің ауқымды бөліктеріне жаққан кезде дамуы мүмкін. Егер теріге гель көп жағылып кетсе, оны сумен жуып-шаю керек. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге тән ықтимал жағымсыз құбылыстар: қыжыл, жүрек айнуы, эпигастрий аймағындағы жағымсыз сезімдер, бас ауыруы, бас айналуы.

Емі: арнайы антидоты жоқ, организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын демеумен бірге симптоматикалық ем ұсынылады. Асқазанды шаю және белсендірілген көмір қабылдау (алғашқы дозасын сорбитолмен бірге тағайындау керек) жағдайға қарай, әсіресе, артық дозаланудан кейін алғашқы 4 сағатта немесе ұсынылған дозадан 5-10 есе артық дозаны қолданғанда жүргізіледі. Тітіркену, эритема және қышыну кезінде тері беткейін ағынды сумен мұқият жуып-шаю керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Егер сізде осы дәріні қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, өз дәрігеріңізден немесе фармацевтен сұраңыз.

Шығарылу түрі

Алюминий сықпаларда 50 г препараттан. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Салмағы

50 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыФорт гель 2,5% 50 гдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube