daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Фромилид Таблеткалары 500 Мг №14 | KRKA d.d., Novo mesto

Астане қаласындағы Фромилид Таблеткалары 500 Мг №14 | KRKA d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Екі жақ беті дөңес, сопақша пішінді, ашық қоңыр-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Кларитромицин

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза 101, микрокристалды целлюлоза 102, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, желатинделген крахмал, калий полакрилині, тальк, магний стеараты, үлбірлі қабығы: гипромеллоза 6 cps, тальк, темірдің сары тотығы (Е172), пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171).

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 250 мг және 500 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Фромилид® емдеу үшін ересектер мен 12 жастағы және одан асқан балаларда қолдануға арналған:

ЛОР-ағзаларының, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларын (тонзиллофарингит, ортаңғы отит, жедел синусит, жедел бактериялық бронхит, созылмалы бронхиттің асқынуы, ауруханадан тыс бактериялық пневмония, атипиялық пневмония)

тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын

микобактериялардан (M. avium complex, M. kansasii, M. marinum, M. leprea) туындаған инфекцияларды және олардың ЖИТС-ке шалдыққан науқастардағы профилактикасы

он екі елі ішектің немесе асқазанның ойық жарасы ауруы бар пациенттердегі Helicobacter pylori эрадикациясында біріктірілген емнің құрамында

препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған басқа инфекциялық-қабынбалы ауруларды емдеу үшін

Қарсы көрсеткіштер

макролидтер тобынан антибиотиктерге және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

бір мезгілде қабылдау:

- астемизолмен, цизапридпен, домперидонмен, пимозидпен, терфенадинмен (қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясын және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса алғанда, QT аралығының және жүрек аритмиясының ұзару қаупіне байланысты)

- тикагрелормен немесе ранолазинмен

- ломитапидпен

- эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен (қастауыш алкалоидтары уыттылығының артуына байланысты)

- рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупінің жоғарылауына байланысты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен: ловастатин немесе симвастатин)

- колхицинмен

кларитромицин мен мидазоламды бір мезгілде пероральді қабылдауға болмайды

torsades de pointes түріндегі қарыншалық тахикардияны қоса, анамнезінде QT ұзартылған аралық синдромының немесе қарыншалық жүрек аритмиясының болуы

кларитромицинді электролиттік бұзылулары (QT аралығының ұзару қаупіне байланысты гипокалиемиясы немесе гипомагнемиясы) бар пациенттерде қолдануға болмайды

бүйрек жеткіліксіздігімен бірге бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

12 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесудің ауыр салдарының ықтимал дамуына байланысты келесі препараттарды қолдану қатаң қарсы көрсетілімді

Цизаприд, домперидон, пимозид, астемизол, терфенадин: қан сарысуындағы цизаприд деңгейінің жоғарылауы кларитромицинмен бірге қолданғанда байқалды. Бұл QT аралығының ұзаруына және жүрек аритмиясының пайда болуына, соның ішінде қарыншалық тахикардияға, қарыншалардың фибрилляциясына және дірілдеу-жыпылықтауға әкелуі мүмкін. Осындай әсерлер кларитромицин мен пимозидті бірге қолданғанда да байқалған

Макролидтер терфенадиннің метаболизмін өзгертетіні атап өтілді, осының нәтижесінде оның қан сарысуындағы концентрациясы жоғарылайды, бұл QT аралығының ұзаруына және жүрек аритмиясының, оның ішінде қарыншалық тахикардияның, қарыншалардың фибрилляциясының пайда болуына және «пируэт» типті екі бағытты тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін. Кларитромицин мен терфенадинді бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы терфенадиннің қышқыл метаболиті деңгейінің 2-3 есе артуын және QT аралығының ұзаруын көрсетті, бұл клиникалық тұрғыдан маңызды емес. Ұқсас әсерлер астемизолды және басқа макролидтерді бірге қолданғанда да байқалды.

Эрготамин/дигидроэрготамин: маркетингтен кейінгі есептер кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қолдану орталық жүйке жүйесін қоса, аяқ-қолдың және басқа да тіндердің ишемиясымен және вазоспазмымен сипатталатын жедел эрготизм белгілерімен астасқанын көрсетеді. Кларитромицин мен осы дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пероральді мидазолам: Мидазоламды кларитромицин таблеткаларымен (күніне екі рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда мидазоламның AUC мидазоламды пероральді қабылдағаннан кейін 7 есе артты. Пероральді мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер): кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен біріктіріп қолдануға болмайды, өйткені бұл статиндер негізінен CYP3A4 ферментімен метаболизденеді және кларитромицинмен қатар емдеу олардың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады, бұл рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупін арттырады. Кларитромицинді статиндермен бірге қолданғанда пациенттерде рабдомиолиздің дамуы туралы хабарланды. Кларитромицинмен емдеу қажет болған жағдайда ловастатинмен немесе симвастатинмен емдеуді емдеу курсы ішінде тоқтату керек.

Кларитромицинді статиндермен тағайындағанда сақ болу керек. Кларитромицинді статиндермен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайларда статиннің ең аз тіркелген дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A метаболизміне тәуелді емес статиндерді (мысалы, флувастатин) қолдану қарастырылуы мүмкін. Пациенттерді миопатияның белгілері мен симптомдарына бақылау қажет.

Ломитапид: кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қолдану трансаминазалар деңгейінің ықтимал елеулі артуына байланысты қарсы көрсетілімді.

Басқа дәрілік заттардың кларитромицин фармакокинетикасына әсері

CYP3A индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай препараттары) кларитромицин метаболизмін индукциялауы мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапиялық концентрациясына және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, CYP3A индукторының кларитромицинмен CYP3A тежелуіне байланысты жоғарылауы ықтимал, плазмалық концентрацияларының мониторингі талап етілуі мүмкін. Рифабутин мен кларитромицинді бір мезгілде қолдану рифабутин концентрациясының жоғарылауына және плазмадағы кларитромицин концентрациясының төмендеуіне, увеиттің даму қаупінің бір мезгілде артуына алып келді.

Қандағы кларитромицин концентрациясына келесі дәрілік заттардың әсері белгілі немесе болжанады, сондықтан дозаны өзгерту немесе баламалы емді қолдану қажет болуы мүмкін.

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин: эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттерінің қуатты индукторлары кларитромициннің метаболизмін оның қан плазмасындағы концентрациясын төмендету арқылы жеделдете алады, бірақ микробиологиялық белсенді метаболит - 14-ОН-кларитромициннің концентрациясын арттырады. Кларитромициннің және 14-ОН-кларитромициннің микробиологиялық белсенділігі әртүрлі бактерияларға қатысты әртүрлі болғандықтан, кларитромицин мен Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттерінің индукторларын бірге қолдану салдарынан күтілетін емдік әсерге қол жеткізілмеуі мүмкін.

Этравирин: кларитромицин концентрациясы этравиринді пайдалану кезінде төмендейді, бірақ белсенді метаболит - 14-ОН-кларитромициннің концентрациясы артады. 14-ОН-кларитромициннің Mycobacterium avium complex (MAC) инфекцияларына қатысты белсенділігі төмен болғандықтан, олардың қоздырғыштарына қатысты жалпы белсенділік өзгеруі мүмкін, сондықтан MAC емдеу үшін баламалы емдеуді қарастырған жөн.

Флуконазол: күн сайын 200 мг дозада флуконазолды және 21 дені сау еріктіде тәулігіне екі рет 500 мг дозада кларитромицинді бірлесіп қабылдау кларитромициннің ең төменгі тепе-теңдік концентрациясының (Cmin) орташа мәнінің және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданның (AUC) 33% және тиісінше 18% - ға ұлғаюына әкелді. Бұл ретте бірге қабылдау белсенді метаболит - 14-ОН-кларитромициннің орташа тепе-теңдік концентрациясына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Флуконазолды қатар қабылдаған жағдайда кларитромицин дозасын түзету талап етілмейді.

Ритонавир: фармакокинетикалық зерттеу әрбір 8 сағат сайын 200 мг дозада ритонавирді және әрбір 12 сағат сайын 500 мг дозада кларитромицинді бірге қабылдау кларитромицин метаболизмінің елеулі бәсеңдеуіне әкелгенін көрсетті. Ритонавирді бірге қабылдаған кезде кларитромициннің Cmax 31% - ға, Cmin 182% - ға және AUC 77% - ға өсті. 14-ОН-кларитромицин түзілуінің толық басылуы байқалды. Кларитромициннің кең емдік ауқымының арқасында бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде оның дозасын азайту талап етілмейді. Алайда, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзетудің мынадай нұсқаларын қарастырған жөн: КК 30-60 мл/мин кезінде кларитромицин дозасы 50% - ға азайтылуы тиіс; КК 30 мл/мин-ден аз болған кезде кларитромицин дозасы 75% - ға азайтылуы тиіс. Ритонавирді кларитромицинмен бірге тәулігіне 1 г асатын дозада қабылдауға болмайды.

Дозаны осындай түзетуді атазанавир мен саквинавирді қоса алғанда, АИТВ-протеазаның басқа тежегіштерімен бірге ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде жүргізген жөн.

Кларитромициннің басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері

CYP3A байланысты өзара әрекеттесулер: CYP3A изоферментінің белгілі тежегіші кларитромицинді және негізінен CYP3A қатысуымен метаболизденетін препаратты бірге қолдану осы препараттың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкеледі, бұл өз кезегінде емдік әсерді және жағымсыз реакциялардың туындау қаупін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

Кларитромицинді қолдану QT аралығының ұзару және қарыншалық тахикардияны, қарыншалық фибрилляцияны және пируэтті тахикардияны қоса, жүрек аритмиясының даму қаупіне байланысты астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид және терфенадин сияқты CYP3A субстраттарын алатын пациенттерге қарсы көрсетілген.

Кларитромицинді бір мезгілде қолдану негізінен CYP3A4 (мысалы, ловастатинмен және симвастатинмен), колхицинмен, тикагрелормен және ранолазинмен метаболизденетін, қастауыш алкалоидтарымен, пероральді мидазоламмен, HMG CoA-редуктаза тежегіштерімен де қарсы көрсетілімді.

Кларитромицинді CYP3A субстраттары болып табылатын дәрілік препараттармен ем алатын пациенттерде, әсіресе, егер осы препараттар тар қауіпсіздік бейініне (мысалы, карбамазепин) ие болса және/немесе осы изоэнзиммен экстенсивті метаболизденсе, оларды қолданған кезде сақ болған жөн. Дозаларды мүмкіндігінше түзету мүмкіндігін қарастыру керек, сондай-ақ кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде CYP3A изоферментімен алғашқы метаболизденетін дәрілік препараттардың сарысулық концентрациясына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Келесі дәрілік препараттар немесе препараттар топтары бір CYP3A изоферментімен метаболизденетіні белгілі (немесе болжанып отыр) (тізім толық болып табылмайды): алпразолам, карбамазепин, цилостазол, циклоспорин, дизопирамид, ибрутиниб, метилпреднизолон, мидазолам (вена ішіне), омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан, атипиялық нейролептиктер (мысалы, кветиапин), хинидин, рифабутин, силденафил, сиролимус, такролимус, триазолам және винбластин.

Өзара әрекеттесудің ұқсас механизмі P450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоин, теофиллин және вальпроатты қолдану кезінде байқалады.

Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар: дабигатран P-gp конвейерінің субстраты болып табылады. Ривароксабан мен апиксабан CYP3A4 арқылы метаболизденеді және P-gp үшін субстрат болып табылады. Кларитромицинді осы препараттармен, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерге бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Аритмияға қарсы дәрілер: кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда пайда болған «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның дамуы туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар бар. Кларитромицинді осы препараттармен бірге қолдану кезінде QT аралығының ұзаруын уақтылы анықтау үшін ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Кларитромицинмен емдеу кезінде қан плазмасындағы хинидин мен дизопирамидтің концентрациясын бақылау керек.

Кларитромицинді дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда пайда болған гипогликемияның дамуы туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар бар. Сондықтан кларитромицинді дизопирамидпен бірге қолдану кезінде қандағы глюкоза деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер/инсулин: кларитромицинді және натеглинид және репаглинид сияқты пероральді гипогликемиялық дәрілерді бірге қолданғанда, нәтижесінде гипогликемия болуы мүмкін CYP3A изоферментін кларитромицинмен тежеу орын алуы мүмкін. Глюкоза концентрациясын мұқият бақылау ұсынылады.

Омепразол: дені сау ересек еріктілерде кларитромицинді (әр 8 сағат сайын 500 мг) омепразолмен (күн сайын 40 мг) біріктіріп қолдану зерттелді. Кларитромицин мен омепразолды бірге қолданған кезде омепразолдың тепе-тең плазмалық концентрациясы (Cmax, AUC0-24, және T1/2 30%, 89% және тиісінше 34% - ға артқан) жоғарылаған. 24 сағат ішінде асқазанның рН орташа мәні омепразолды жеке қабылдаған кезде 5,2-ні және омепразолды кларитромицинмен бірге қабылдаған кезде 5,7-ні құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил: осы фосфодиэстераза тежегіштерінің әрқайсысы кем дегенде ішінара CYP3A қатысуымен метаболизденеді. Сонымен қатар, CYP3A кларитромициннің қатысуымен тежелуі мүмкін. Кларитромицинді силденафилмен, тадалафилмен немесе варденафилмен бірге қолдану фосфодиэстеразаға тежейтін әсердің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Осы препараттарды кларитромицинмен бірге қолданғанда силденафил, тадалафил және варденафил дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек.

Теофиллин, карбамазепин: клиникалық зерттеулер нәтижелері қан плазмасындағы теофиллин немесе карбамазепин концентрациясының кларитромицинмен уақтылы қолданған кезде болмашы, бірақ статистикалық маңызды (p < 0.05) ұлғайғанын көрсетті. Дозаны азайту қажет болуы мүмкін.

Толтеродин: толтеродиннің бастапқы метаболизмі Р450 цитохромының 2D6 изоформасы (CYP2D6) арқылы жүзеге асырылады. Алайда, CYP2D6-дан айырылған популяция бөлігінде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Бұл популяция тобында CYP3A-ны басу сарысудағы толтеродиннің едәуір жоғары концентрациясына әкеледі. CYP2D6 арқылы метаболизмінің деңгейі төмен популяцияда кларитромицин сияқты СУР3А тежегіштерінің қатысуымен толтеродин дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Триазолбензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам): мидазолам мен кларитромицинді таблеткалар түрінде (тәулігіне екі рет 500 мг) бірге қолданған кезде мидазоламның AUC ұлғаюы байқалды: мидазоламды вена ішіне енгізгеннен кейін 2.7 есе және пероральді қабылдағаннан кейін 7 есе. Мидазолам мен кларитромицинді бірге пероральді қабылдаудан аулақ болу керек. Егер кларитромицинмен бірге мидазоламның вена ішіне түрі қолданылса, дозаны түзету үшін пациенттің жағдайын мұқият бақылау керек. Осындай сақтық шараларын CYP3A метаболизденетін басқа бензодиазепинамдарға, триазолам мен алпразоламды қоса алғанда, қолданған жөн. Шығарылуы CYP3A-ға (темазепам, нитразепам, лоразепам) тәуелді емес бензодиазепиндер үшін кларитромицинмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі екіталай.

Кларитромицин мен триазоламды бірге қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесу және орталық жүйке жүйесі тарапынан (ОЖЖ) жағымсыз әсерлердің (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) дамуы туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар бар. ОЖЖ фармакологиялық әсерін күшейту мүмкіндігін ескере отырып, пациенттің жағдайын бақылау керек.

Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі

Аминогликозидтер: кларитромицинді басқа отоуытты препараттармен, әсіресе аминогликозидтермен бір мезгілде сақтықпен тағайындау ұсынылады.

Колхицин: колхицин CYP3A және Р-гликопротеид (Pgp) тасымалдаушы ақуызының субстраты болып табылады. Кларитромицин және басқа макролидтер CYP3A және Pgp тежегіштері екені белгілі. Кларитромицин мен колхицинді бірге қабылдаған кезде Pgp және/немесе CYP3A тежелуі колхицин әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Колхицинмен уланудың клиникалық симптомдарының дамуын бақылау керек.

Дигоксин: дигоксин Р-гликопротеидті тасымалдаушы ақуыз (Pgp) үшін субстрат болып табылады деп болжанады. Кларитромициннің Pgp тежейтіні белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бірге қабылдаған кезде кларитромицинмен Pgp тежелуі дигоксин әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі бақылау кезінде кларитромицинді дигоксинмен бірге қабылдайтын пациенттерде қан плазмасындағы дигоксин концентрациясының жоғарылауы туралы хабарланды. Кейбір пациенттерде өлімге әкелетін аритмияны қоса, дигоксиннің уыттылық белгілері дамыған. Кларитромицинмен бірге қолданғанда пациенттерде қан плазмасындағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.

Зидовудин: ересек АИТВ-жұқтырған пациенттермен кларитромицин мен зидовудин таблеткаларын бір мезгілде пероральді қабылдау зидовудиннің тепе-теңдік концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларитромицин пероральді қабылдаған кезде зидовудиннің сіңуіне әсер ететіндіктен, кларитромицин мен зидовудинді 4 сағат аралықпен қабылдау арқылы өзара әрекеттесуді едәуір дәрежеде болдырмауға болады. Кларитромициннің зидовудинмен немесе дидезоксинозинмен балалар суспензиясын қабылдаған АИТВ жұқтырған балаларда мұндай өзара әрекеттесу байқалмады. Кларитромицинді вена ішіне қолданғанда мұндай өзара әрекеттесу мүмкін емес.

Фенитоин және вальпроат: кларитромицинді қоса алғанда, CYP3A тежегіштерінің CYP3A изоферментімен метаболизденбейді деп есептелетін дәрілік заттармен (мысалы, фенитоин және вальпроат) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түсетін немесе жарияланған хабарламалар бар. Кларитромицинмен бір мезгілде тағайындағанда осы дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрациясын анықтау ұсынылады. Плазмалық концентрацияның жоғарылауы туралы хабарланды.

Препараттардың екі бағытты өзара әрекеттесуі

Атазанавир: кларитромицин мен атазанавир CYP3A субстраттары да, тежегіштері де болып табылады. Бұл препараттардың екі жақты өзара әрекеттесуінің дәлелі бар. Кларитромицинді (тәулігіне екі рет 500 мг) және атазанавирді (тәулігіне бір рет 400 мг) бірге қолдану кларитромицин әсерінің екі есе артуына және атазанавирдің AUC 28%-ға ұлғаюымен 14-ОН-кларитромицин әсерінің 70% - ға төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларитромициннің кең емдік ауқымының арқасында бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде оның дозасын азайту талап етілмейді. Орташа бүйрек жеткіліксіздігі (КК 30-60 мл/мин) бар пациенттерде кларитромицин дозасы 50% - ға азайтылуы тиіс. КК 30 мл/мин кем пациенттерде кларитромицин дозасын ол үшін кларитромициннің тиісті дәрілік түрін пайдалана отырып, 75% - ға төмендету керек. Кларитромицинді тәулігіне 1000 мг асатын дозада протеаза тежегіштерімен бірге қолдануға болмайды.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кларитромицинді және CYP3A4 изоферментімен (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторларын бір мезгілде қолданғанда, артериялық гипотензияның туындау қаупі бар болғандықтан, сақтық таныту керек. Кларитромициннің, сондай-ақ кальций өзекшелері блокаторларының плазмалық концентрациясы бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін. Артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз кларитромицин мен верапамилді бір мезгілде қабылдағанда орын алуы мүмкін.

Итраконазол: кларитромицин және итраконазол CYP3A субстраттары мен тежегіштері болып табылады, бұл препараттардың екі бағытты өзара әрекеттесуін анықтайды. Кларитромицин қан плазмасындағы итраконазол концентрациясын жоғарылатуы мүмкін, ал итраконазол кларитромициннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Итраконазол мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерді осы препараттардың фармакологиялық әсерінің күшеюі немесе ұзақтығының артуы симптомдарының болуына мұқият тексеру керек.

Саквинавир: кларитромицин мен саквинавир CYP3A субстраттары мен тежегіштері болып табылады, бұл препараттардың екі бағытты өзара әрекеттесуін анықтайды. Саквинавирді ритонавирмен бірге қабылдаған кезде ритонавирдің кларитромицинге ықтимал әсерін ескеру керек.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыФромилид таблеткалары 500 мг №14дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube