Қолдану көрсеткіштері
- ересектерде эссенциальді гипертензияны емдеуде
- ересектерде эссенциальді гипертензияны емдеуде
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
бауыр энцефалопатиясы немесе бауыр функциясының айқын бұзылуы
гипокалиемия
- лактозаны көтере алмаумен, лактоза тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулар
- жүктілік кезеңі және емшек емізу
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Ұсынылмаған біріктірілімдер:
Литий: қандағы литий концентрациясының жоғарылауы және артық дозалану симптомдарының дамуы, сондай-ақ тұзсыз диета (литийдің несеппен шығарылуының төмендеуі). Мұндай біріктірілімді тағайындау қажет болғанда қан плазмасындағы литий деңгейін мұқият бақылау және диуретиктердің дозасын түзету керек.
Қолданған кезде сақтықты талап ететін біріктірілімдер:
«Пируэт» түріндегі қарыншалық аритмияның даму қаупі (гипокалиемия жағдайында).
- Ia класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид),
- III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)
- кейбір антипсихотикалық препараттармен:
фенотиазиндер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифтоперазин), бензамидтер (амисульпирид, сульпирид, сультоприд, тиаприд), бутирофеноны (дроперидол, галоперидол)
басқа препараттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, вена ішіне эритромицин, галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин IV
Аталған препараттардың біріктірілімі қарыншалық аритмияның, атап айтқанда «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия (гипокалиемия осы әсердің дамуына ықпал етеді) даму қаупін арттырады, осыған байланысты электролиттер деңгейін тұрақты бақылау, қажет жағдайда уақтылы түзету және ЭКГ мониторингтеу қажет.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттар (жүйелі қолдану үшін), циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін және жоғары дозалардағы (>3 г/тәул) салицил қышқылын қоса:
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі мүмкін.
Сусыздануы орын алған пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі (шумақтық сүзілудің күрт төмендеуінің салдарынан). Емнің басынан бүйректің функционалдық белсенділігін қадағалап отыру, қажетіне қарай, организмнің жеткілікті түрде гидратациясын қамтамасыз ету қажет.
Ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері
Гипонатриемия болғанда (әсіресе бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) индапамид пен АӨФ тежегіштерін бір уақытта тағайындау айқын гипотензияның және/немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігінің қаупін арттырады.
Индапамид қабылдағаннан кейін дамитын гипонатриемия нәтижесінде гипертензия дамыған жағдайда:
- АӨФ тежегіштерін тағайындағанға дейін 3 күн бұрын индапамид қабылдауды тоқтату, қажет болса, калий сақтаушы диуретик қабылдауды жаңарту қажет;
- немесе АӨФ тежегіштерін қабылдауды баяу жоғарылатып, аз дозадан бастайды.
Пациентте жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі болғанда АӨФ тежегіштерін қабылдауды қабылдап жүрген калий жинақтаушы диуретиктің дозасын төмендеткеннен кейін өте төменгі дозадан бастау ұсынылады.
Барлық жағдайларда АӨФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы апталарында бүйрек функциясын (плазма креатинині) бақылау керек.
Индапамид пен калий деңгейін төмендететін препараттармен бір уақытта қолдану кезінде (В амфотерицин вена ішіне, глюко- және минералокортикоидтар жүйелі қолданғанда, тетракозактид, стимуляциялайтын іш жүргізгіш дәрілер) гипокалиемияның (аддитивті әсер) даму қаупі жоғарылайды. Калий концентрациясын бақылау, қажет болса, оны түзету керек. Іш жүргізгіш дәрілерді тағайындау қажет болғанда ішек моторикасын стимуляциялайтын әсері жоқ препараттарды пайдалану керек.
Баклофен индапамидтің гипотензиялық әсерінің айқындығын күшейтеді (бүйректің функционалдық жағдайын бақылау және су теңгерімін түзету қажет).
Назарға алынуы тиіс біріктірілімдер
Калий жинақтаушы диуретиктер (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид) индапамидпен біріктірілімде гипокалиемияға (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар пациенттерде) гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Егер қатар қолдану көрсетілсе препараттар аса сақтықпен және сарысудағы калий мөлшерін және ЭКГ жиі мониторингілеумен пайдаланылуы тиіс.
Оймақгүл препараттары
Гипокалиемия және/немесе гипомагнемия, оймақгүл препараттарының уытты әсеріне ықпал етеді. Қандағы калий, магний және ЭКГ деңгейіне мониторинг жүргізу және қажет болғанда емдеуді түзету ұсынылады.
Индапамидтің әсерінен болған функционалдық бүйрек жеткіліксіздігінде метформин қабылдау сүт қышқылды ацидоздың даму қаупін жоғарылатады. Егер сарысу креатинині еркектерде 15мг/л (135 мкмоль/л) және әйелдерде 12мг/л (110 мкмоль/л) асатын болса метформинді пайдаланбаған жөн.
Диурездік препараттарды қабылдаудан туындаған организмнің едәуір сусыздануы кезінде құрамында йод бар контрастылы заттарды жоғары дозаларда қолдану аясында бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғарылайды. Құрамында йод бар контрастылы заттарды қолданар алдында регидратация жүргізу қажет.
Индапамидті имипрамин тәрізді антидепрессанттармен, нейролептиктермен бір мезгілде қолданған кезде гипотензиялық әсердің өзара күшеюі салдарынан ортостатикалық гипотензияның даму қаупі артады.
Кальций тұздарымен бір уақытта қолданғанда қан плазмасындағы кальций мөлшерінің оның несеппен шығарылуының төмендеуі нәтижесінде ұлғаюы мүмкін.
Индапамидті циклоспорин мен такролимус аясында қолданғанда тіпті су-электролиттік теңгерімінің жағдайы қалыпты болғанда да креатининнің плазмадағы деңгейі жоғарылайды.
Кортикостероидтар мен тетракозактид жүйелі қолдану кезінде су және натрий кідіруінің есебінен индапамидтің гипотензиялық әсерін төмендетеді.
Арнайы ескертулер
Бауыр функциясының бұзылуында тиазид және тиазид тәрізді диуретиктер бауыр энцефалопатиясының даму қаупін арттыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда диурездік препараттар қабылдауды тоқтатады.
Индапамид-Тева 1,5 мг препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктерді қабылдау кезінде жоғары фотосезімталдық жағдайлары белгіленген. Емдеу кезінде теріні күннің және жасанды ультракүлгін сәулелерінің әсерінен қорғау ұсынылады. Егер емдеу кезеңінде жоғары фотосезімталдық байқалса, онда препарат қабылдауды тоқтату ұсынылады.
Қандағы натрий және калий деңгейін, әсіресе егде жастағы пациенттерде, бауыр циррозы бар пациенттерде, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек жеткіліксіздігі бар, жүдеген науқастар және/немесе бірнеше препаратты бір уақытта қабылдайтын пациенттерде мұқият бақылау керек. Гипокалиемия (< 3,4 ммоль/л), әсіресе QT аралығының бұрыннан ұзаруында және брадикардияда «пируэт» типті жүрек ырғағы бұзылуының дамуына әкелуі мүмкін. Калий деңгейі төмен болғанда препарат дозасын түзету талап етіледі.
Тиазидтер мен индапамидті қоса, тиазид тәрізді диуретиктер магнийдің несеппен шығарылуын арттырады, бұл гипомагнемияға әкелуі мүмкін. Егер қандағы магний деңгейін түзету жүргізілмесе, қандағы магнийдің төмен концентрациясы аясында анықталған гипокалиемия емдеуге нашар әсер етуі мүмкін.
Тиазидтік және индапамидті қоса, тиазид тәрізді диуретиктерді қабылдау кальцийдің несеппен шығарылуының төмендеуіне және гиперкальциемияның дамуына (гиперпаратиреозбен дифференциациялау керек) әкелуі мүмкін.
Дозалау режимі
Индапамид-Тева 1,5 мг шайнамай, судың жеткілікті мөлшерімен іше отырып, тәулігіне 1 таблеткадан таңертең қабылдайды. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 1 таблетка.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Индапамид-Тева 1,5 мг жоғары дозаларда (40 мг, емдік дозадан 27 есе артық) уытты әсерін тигізбейді.
Жедел уланудың көріністеріне, ең алдымен, су-электролиттік бұзылыстары (гипонатриемия, гипокалиемия) жатады.
Симптомдары
Жүрек айнуы, құсу, гипотензия, құрысу, вертиго, ұйқышылдық, шатасу, олигурияға немесе анурияға ауысатын полиурия (гиповолемияға байланысты).
Емі
Бастапқы шараларға асқазанды шаю және/немесе мамандырылған орталықтағы су/ электролит теңгерімін қалыпты деңгейге дейін қалпына келтіре отырып, белсендірілген көмірді тағайындау жатады.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Егер ем тиімсіз болса, препарат дозасын арттыру ұсынылмайды, себебі гипотензиялық әсерін арттырмай жағымсыз әсерлердің қаупі ұлғаюы мүмкін. Бұл жағдайда сызбаға диуретик емес, басқа гипертензияға қарсы препаратты қосу ұсынылады
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Индапамид-Тева таблеткалары 1,5 мг №30” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.