Қолдану көрсеткіштері
мидың органикалық зақымданулары және невроздық бұзылыстар кезіндегі когнитивті бұзылулар
ми қан тамырларының атеросклероздық өзгерістерден туындаған цереброваскулярлық жеткіліксіздікті кешенді емдеу құрамында; сенильді деменция (бастапқы түрі), ересек жастағы және егде жастағы адамдарда мидың резидуальді органикалық зақымданулары
шизофрениямен ауыратын науқастардағы церебральді органикалық жеткіліксіздік (нейролептиктермен, антидепрессанттармен біріктіріп)
жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары бар науқастарда экстрапирамидті гиперкинез (Гентингтон хореясы, гепатоцеребральді дистрофия, Паркинсон ауруы және т. б.)
бастан өткерген нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдары (кешенді ем құрамында)
нейролептиктердің жағымсыз әсерін түзету үшін және "бүркемелеу емі" ретінде бір мезгілде профилактикалық мақсатта; экстрапирамидтік нейролептикалық синдром (гиперкинетикалық және акинетикалық)
психикалық үдерістер баяу дамитын эпилепсия (құрысуға қарсы препараттармен біріктірілімде)
психоэмоциялық жүктемелер, ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі; зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін
несеп шығару бұзылыстары: энурез, күндізгі несепті ұстай алмау, поллакиурия, императивті несеп шығаруға қысылу
ақыл-ой кемістігі бар балаларда (психикалық, сөйлеу, моторлы даму іркілісі немесе олардың біріктірілімдері), балалардың церебральді салдану; кекештену (көбіне клонус түрінде болатын); эпилепсия кезінде (құрысуға қарсы препараттармен біріктірілген ем құрамында, әсіресе полиморфты ұстамалар мен шағын эпилепсиялық ұстамалар кезінде)