daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы 200 Мг/100 Мл Инфузияға Арналған Санфлокс Ерітіндісі | Химфарм АО

Қоймада жоқ
Астане қаласындағы 200 Мг/100 Мл Инфузияға Арналған Санфлокс Ерітіндісі | Химфарм АО
Сипаттама:

Жасыл реңді ақшыл-сары түсті, мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Ципрофлоксацин

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий лактаты 60%, натрий хлориді, М хлорсутек қышқылы, иньекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Жасыл реңді ақшыл-сары түсті, мөлдір ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

200 мг/100 мл

Дәрілік түрі:

Инфузияға арналған ерітінді 200 мг/100 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 200.00 мг ципрофлоксацин гидрохлориді моногидраты (ципрофлоксацинге шаққанда)

қосымша заттар: натрий лактаты 60%, натрий хлориді, М хлорсутек қышқылы, иньекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жасыл реңді ақшыл-сары түсті, мөлдір ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

Санфлокс, 200 мг/100 мл, инфузияға арналған ерітінді ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған бірқатар инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Емді бастар алдында микроорганизмдердің ципрофлоксацинге төзімділігі туралы қолда бар ақпаратқа ерекше зейін қою керек.

Антибиотиктерді тиісінше қолдану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.

Ересектер:

Грам-теріс бактериялардан туындаған төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы

созылмалы обструкциялық өкпе ауруының өршуі

муковисцидоздағы немесе бронхоэктазадағы бронх-өкпе инфекциялары

пневмония

созылмалы іріңді ортаңғы отит

созылмалы синуситтің өршуі (әсіресе егер ол грамтеріс бактериялардан туындаса)

несеп шығару жолдарының инфекциялары

орхоэпидидимит, оның ішінде препаратқа сезімтал Neisseria gonorrhoeae туындаған кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары

Жоғарыда аталған жыныс жолдарының инфекцияларында, аурудың себебі ретінде гонококктан күдіктенгенде, қоздырғыштың ципрофлоксацинге төзімділігінің таралымдылығы туралы жергілікті ақпарат алу және зертханалық зерттеулер негізінде микроорганизмнің сезімталдығын растау ерекше маңызды.

асқазан-ішек жолдарының инфекциясы (мысалы, саяхатшылардың диареясы)

құрсақ қуысы инфекциялары

грамтеріс бактериялардан туындаған тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары

қатерлі сыртқы отит

менингококкты инфекциядан туындаған инвазиялық аурулардың

профилактикасы

сүйек пен буындардың инфекциялары

нейтропениясы бар пациенттерді емдеу

нейтропениясы бар науқастардағы инфекциялардың профилактикасы

сібір ойық жарасының өкпелік түрі (жанасудан кейінгі

профилактикасы және радикальді емдеу)

Балалар

- сібір ойық жарасының өкпелік түрі (жанасудан кейінгі профилактикасы және радикальді емдеу)

- Pseudomonas aeruginosa туындаған муковисцидоз аясындағы бронх-өкпе инфекциялары

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ципрофлоксацинге немесе фторхинолондар тобына жататын басқа препараттарға аса жоғары сезімталдық

тизанидинмен бір мезгілде қабылдау

жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (сібір ойық жарасының өкпелік түрін қоспағанда, муковисцидоз аясындағы бронх-өкпе инфекциялары)

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Ципрофлоксацин монотерапия ретінде ауыр инфекцияларды және грамоң немесе анаэробтық патогендерден туындаған инфекцияларды емдеуге жарамайды. Мұндай жағдайларда ципрофлоксацин бактерияларға қарсы сәйкес келетін басқа дәрілермен бірге енгізілуі тиіс.

Ципрофлоксацин, тиімділігі жеткіліксіз болғандықтан, стрептококктік инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды.

Қаңқа -бұлшықет жүйесі

Ципрофлоксацинді, әдеттегідей, сіңір ауралары және анамнезінде фторхинолондарды қолданумен байланысты бұзылыстары бар пациенттерге қолданбау керек. Ципрофлоксацинді қолданған кезде емдеуді бастағаннан кейін алғашқы сағаттар ішінде тендинит немесе сіңірлердің (көбіне ахилл сіңірлері), кейде екі жақты үзілуі туындауы мүмкін. Сіңірлердің қабынуы және үзілуі ципрофлоксацинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін тіпті бірнеше айдан кейін де туындауы мүмкін. Тендинопатия қаупі егде жастағы пациенттерде, бір мезгілде кортикостероидтарды қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ бүйрек, жүрек немесе өкпе трансплантацияларынан кейін жоғары болуы мүмкін. Тендиниттің кез келген белгілері (мысалы, ауыртатын ісіну, қабыну) туындағанда ципрофлоксацинді қолдануды тоқтату, дене жүктемелерін болдырмау керек, өйткені сіңірлердің үзілу қаупі бар. Зақымданған аяқ-қолдардың тыныш болуын қамтамасыз ету керек.

Ципрофлоксацинді гравис миастениясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені симптомдары өршуі мүмкін.

Аневризма және аортаның қатпарлануы, сондай-ақ регургитациясы/жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі

Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондар қолданудан кейін, әсіресе, егде жастағы пациенттерде аневризманың және аорта қатпарлануының, сондай-ақ әсіресе, егде жастағы адамдарда аорталық және митралдық қақпақша регургитациясының жоғары даму қаупі туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде аневризма және аорта қатпарлануының ажырап асқынуы (оның ішінде өліммен аяқталуы бар), сондай-ақ жүрек қақпақшаларының кез келгенінің регургитациясының/жеткіліксіздігінің жағдайлары тіркелген.

Демек, фторхинолондарды пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана және аневризмаға немесе жүрек қақпақшаларының туа біткен ақауына қатысты ауыр отбасылық анамнезі бар пациенттерде, аневризма және/немесе аорта қатпарлануы не анамнезінде жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ басқа да қауіп факторлары немесе соған бейімдейтін жай-күйлері болған кезде басқа да емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана, екі жағдайда да аневризмада және аортаның қатпарлануында, сондай-ақ жүрек қақпақшаларының регургитациясында/ жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит, сияқты дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар), сондай-ақ аневризмада және аортаның қатпарлануында (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қан тамырлары аурулары), сондай-ақ жүрек қақпақшасының регургитациясы/жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, инфекциялық эндокардит) пайдалану керек.

Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аневризма және аортаның қатпарлануы, сондай-ақ жыртылу қаупі артуы мүмкін.

Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы білінген жағдайда пациенттер шұғыл көмек бөлімшесіндегі дәрігерге дереу қаралуы керек.

Пациенттерге жедел ентігу, алғаш рет жүрек соғысы жиілеуі пайда болған, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқтың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Пациенттердің ерекше тобы

Фторхинолонды антибиотиктерді, әсіресе егде жастағы адамдарда, бүйрек аурулары бар пациенттерде; жүйелік кортикостероидтармен ем қабылдап жүрген пациенттерде; ағзалары трансплантацияланғаннан кейін пациенттерде аса сақтықпен пайдалану керек. Осы науқастарда фторхинолонды және хинолонды антибиотиктермен емдеу нәтижесінде туындауы мүмкін сіңірдің зақымдану қаупі жоғарылаған.

Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ)

Ципрофлоксацин, басқа да фторхинолондар сияқты, әдеттегідей, құрысуды туындатады немесе құрысу шегін төмендетеді. Эпилепсиясы бар, сондай-ақ ОЖЖ ауруларын басынан өткерген (мысалы, анамнездегі құрысуға дайындық шегінің төмендеуі, құрысу ұстамалары, ми қан айналымының бұзылулары, мидың органикалық зақымданулары немесе инсульт) пациенттерге ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупінің болуына байланысты, ципрофлоксацинді клиникалық әсері препараттың жағымсыз әсерінің ықтимал қаупінен басым болған кездегі жағдайларда ғана қолдану керек. Препаратты қолданған кезде эпилепсиялық статустың даму жағдайлары туралы мәлімделді. Құрысулар туындаған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек. Психикалық реакциялар тіпті фторхинолондарды алғаш қолданудан кейін де туындауы мүмкін. Сирек жағдайларда депрессия немесе психоздық реакциялар суицидтік ойлардың, суицидке әрекеттенудің немесе суицидтің пайда болуына дейін үдеуі мүмкін. Мұндай жағдайлар туындаған кезде ципрофлоксацин қабылдауды тоқтату және мұны дәрігерге мәлімдеу керек.

Фторхинолонды қабылдап жүрген пациенттерде сенсорлы немесе сенсомоторлы полинейропатия, парестезия, гипестезия, дизестезия және әлсіздік жағдайлары білінді. Ауыру, температураның жоғарылауы, күйдіріп ашу, шаншу, ұю, әлсіздік сияқты симптомдар туындаған кезде ципрофлоксацин қабылдауды тоқтату және қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау мақсатында мұны дәрігерге мәлімдеу керек. Препаратқа жоғары сезімталдық

Кейбір жағдайларда аса жоғары сезімталдық және аллергиялық реакциялар ципрофлоксацинді алғаш қолданудан кейін байқалуы мүмкін, мұны дәрігерге дереу айту керек.

Жекелеген жағдайларда анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдайға дейін үдеуі мүмкін. Кейбір жағдайларла олар ципрофлоксацинді алғаш қабылдағаннан кейін-ақ байқалады. Мұндай жағдайларда ципрофлоксацинді қабылдауды тоқтату және дереу дәрі-дәрмекпен ем жүргізу қажет (анафилаксиялық шокты емдеу).

Гепатобилиарлық жүйе

Ципрофлоксацинді қабылдағанда пациенттің өміріне қауіп төндіретін бауыр некрозының және бауыр функциясы жеткіліксіздігінің даму жағдайлары туралы мәлімделді. Бауыр ауруларының қандай да болсын белгілері және симптомдары (анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе алдыңғы құрсақ қабырғасының керуі) пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату керек. Сондай-ақ, әсіресе мұның алдында бауыр зақымдануы болған пациенттерде, трансаминазалар, сілтілік фосфатаза деңгейлерінің уақытша жоғарылауы, холестаздық сарғаюдың дамуы анықталуы мүмкін.

Теофиллин

Ципрофлоксацинді және құрамында теофиллин бар дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда өмірге қауіп төндіруі мүмкін жағымсыз реакциялар немесе өліммен аяқталу жағдайлары туралы мәлімделді. Егер осы препараттарды қолданбасқа болмаса, қан сарысуында теофиллин концентрациясын бақылау және оның дозасын адекватты түрде төмендету керек.

Clostridium difficile-астасқан диарея

Clostridium difficile әсерінен туындаған антибиотик-астасқан диарея туралы белгілі, ол іс жүзінде барлық бактерияларға қарсы препараттарды пайдаланғанда, соның ішінде ципрофлоксацинді пайдаланған кезде, ауырлығы жөнінен жеңіл диареядан фатальді колитке дейін өзгеруі мүмкін. Бактерияларға қарсы препараттармен емдеу тоқ ішектің қалыпты флорасының өзгеруін туындатады, ол өз кезегінде Clostridium difficile шамадан тыс көбеюіне әкеледі.

Clostridium difficile А және В токсиндерін өндіреді, олар антибиотик- астасқан диареяның дамуына мүмкіндік береді. Clostridium difficile уыттардың көп мөлшерін өндіреді, микробтарға қарсы емнің қоздырғыштарға ықтимал төзімділігіне байланысты аурушаңдықтың және өлімнің жоғарылауын және колэктомия жүргізу қажеттілігін туындатады. Антибиотиктерді қолданудан кейін диареясы бар барлық пациенттерде Clostridium difficile әсерінен туындаған антибиотик-астасқан диареяның пайда болуы мүмкін екендігі туралы ұмытпау қажет. Дәрі-дәрмектік анамнезді мұқият жинау қажет, өйткені бактерияларға қарсы препараттарды енгізуден кейін екі ай ішінде Clostridium difficile әсерінен туындаған антибиотик-астасқан диареяның дамуы мүмкін. Егер Clostridium difficile әсерінен туындаған антибиотик-астасқан диарея диагнозы қарастырылса немесе расталса Clostridium difficile-ге әсер етпейтін антибиотиктерді пайдалануды тоқтату қажет болуы мүмкін. Клиникалық деректерге байланысты су-электролиттік теңгерімге түзету жүргізу, ақуыз препараттарын қосымша енгізу қажеттілігін қарастыру, Clostridium difficile сезімтал болып табылатын бактерияларға қарсы препараттарды қолдану қажет. Сондай-ақ хирургиялық араласым қажеттілігі туындауы мүмкін.

Кардиальді бұзылулар

Ципрофлоксацин электрокардиограммада QT аралығының ұзаруына ықпалын тигізеді («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Егде жастағы пациенттер препараттың QT аралығына әсер етуіне көбірек сезімтал болуы мүмкін. Ципрофлоксацинді QT аралығының ұзару немесе «пируэт» типті аритмиялардың (мысалы, QT аралығының туа бітті ұзару синдромы бар, электролиттік теңгерімі: түзетілмеген гипокалиемия немесе гипомагниемия, сондай-ақ жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия сияқты жүрек ауруларында) даму қаупі жоғарылаған пациенттерде QT аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін препараттармен (мысалы, аритмияларға қарсы Іа немесе ІІІ класының препараттары, трициклдік антидепрессанттар, макролидтер, психозға қарсы препараттар) біріктірілімін сақтықпен қолдану керек.

Жарыққа сезімталдық

Ципрофлоксацин фотосезімталдық реакциялардың туындауына ұшырататыны дәлелденді, сондықтан ципрофлоксацин қабылдап жүрген пациенттер қарқыны күшті күн сәулесінен немесе ультракүлгін сәулеленуден аулақ болуы тиіс. Фотосезімталдық реакциялары туындаған кезде (күннен болған күйіктерге ұқсас) ципрофоксацинмен емдеуді тоқтату керек.

Резистенттілік

Ципрофлоксацинмен емдеу кезінде немесе емдеу курсынан кейін, резистентті бактериялар клиникалық тұрғыдан анықталған немесе онсыз суперинфекциялар бөлініп шығуы мүмкін. Ұзақ емдеу курсы кезінде және ауруханаішілік инфекцияларды және/немесе инфекцияларды емдегенде ципрофлоксацинге резистентті бактериялардың бөлініп шығуының белгілі қаупі болуы мүмкін.

Р450 цитохромы

Ципрофлоксацин CYP1А2 ферментінің орташа әсерінің тежегіші болып табылатыны белгілі. Ципрофлоксацинді және ұқсас ферменттік жолмен метаболизденетін препараттарды (теофиллин, метилксантин, кофеин, тизанидин, ропинирол, клозапин, оланзапин сияқты) бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек. Қан сарысуында осы препараттар концентрациясының артуы олардың метаболизмдік клиренсінің ципрофлоксацинмен бәсеңдеуімен байланысты, бұл спецификалық жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі

Ципрофлоксацинді қолданумен байланысты кристаллурия туралы мәлімделді. Ципрофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін пайдалануы және несептің қышқыл реакциясын сақтауы тиіс.

Ципрофлоксацин қабылдап жүрген пациенттерден алынған үлгілердегі туберкулез микобактерияларына жүргізілген бактериологиялық зерттеулерде ципрофлоксацин жалған теріс реакциялар беруі мүмкін.

Ципрофлоксацинді вена ішіне енгізген кезде инъекция жасалған жерде жергілікті тері реакциялары білінді, көбіне бұл реакциялар инфузия уақыты 30 минуттан азырақ болғанда кездеседі.

Дисгликемия

Фторхинолондар глюкоза деңгейлерін реттеуге күрделі ықпалын тигізуі және оның қандағы деңгейінің едәуір төмендеуін туындатуы мүмкін. Қандағы қанттың төмен деңгейі, әсіресе егде жастағы адамдарда және қантты төмендететін препараттарды қабылдап жүрген, қант диабетімен ауыратын пациенттерде гипогликемиялық комаға дейін дамитын күрделі қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Фторхинолонды антибиотиктер пайдаланылмауы тиіс:

- ауыр емес және бактерияларға қарсы емдеусіз қайтатын инфекцияларды (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциялары) емдегенде;

- бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдегенде;

- саяхатшыларда диареяға және төменгі несеп жолдарының қайталанатын инфекцияларына (қуықтан тыс таралмайтын инфекциялар) жол бермеу үшін;

- егер бактерияларға қарсы әдетте ұсынылатын басқа дәрілерді пайдалану мүмкін емес болса, орташа бактериялық инфекцияларды емдеу үшін.

Гипогликемия

Барлық хинолондар жағдайындағы сияқты, әдетте пероральді гипогликемиялық дәрілермен (мысалы глибенкламидпен) немесе инсулинмен қатар ем қабылдап жүрген, диабеті бар пациенттерде, гипогликемияны қоса, қандағы глюкоза деңгейінің бұзылулары және гипергликемия туралы мәлімделді. Гипогликемиялық кома жағдайлары болған жоқ. Диабеті бар науқастарда қандағы глюкоза деңгейлеріне мониторинг ұсынылады.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда ципрофлоксацинді қолданудың қауіпсіздігі туралы бұрыннан бар деректерді талдағанда шеміршектің немесе буындардың зақымдануы мен препаратты қабылдау арасындағы байланыс анықталды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ципрофлоксацин, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартуға қабілетті препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA ​және III класының препараттары, трициклдік антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Пробенецид ципрофлоксациннің бүйректік секрециясына кедергі жасайды. Пробенецидті және ципрофлоксацинді бірге енгізу қандағы ципрофлоксацин концентрациясын арттырады.

Тизанидин

Тизанидин, гипотензиялық және тыныштандыратын әсерлердің күшейтілуіне байланысты, ципрофлоксацинмен бірге енгізілмеуі тиіс.

Теофиллин

Ципрофлоксацинді және теофиллинді бір мезгілде қолдану сарысуда теофиллин концентрациясының қолайсыз артуына әкелуі мүмкін. Бұл теофиллинмен индукцияланған жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Біріктіру қажет болған жағдайда қан сарысуындағы теофиллин концентрациясы тексерілуі және теофиллин дозасы қажеттілігіне қарай төмендетілуі тиіс.

Қантты төмендететін пероральді дәрілер

Диабетке қарсы пероральді препараттарды, әсіресе сульфонилмочевинаны (мысалы, глибенкламид, глимепирид) бір мезгілде қолданған кезде диабетке қарсы пероральді дәрілер әсерінің ципрофоксацинмен күшеюімен байланысты болуы мүмкін гипогликемия туралы мәлімдемелер болды

Фенитоин

Ципрофлоксацинді және фенитоинды бір мезгілде енгізу фенитоинның сарысулық деңгейі мөлшерінің артуына немесе азаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан құрысулардың туындауына жол бермеу үшін осы препараттардың деңгейлеріне мониторинг ұсынылады.

Циклоспорин

Ципрофлоксацинді және циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда сарысулық креатинин концентрациясының транзиторлық жоғарылауы байқалды. Сондықтан мұндай пациенттерде сарысулық креатинин концентрациясының көрсеткіштерін ұдайы бақылап отыру қажет.

Антикоагулянттық препараттар

Ципрофлоксацинді К дәруменінің антагонистерімен бір мезгілде енгізу антикоагулянттық әсерлерді арттыруы мүмкін. Қауіп инфекциялардың қоздырғыштарына, пациенттің жасына және жалпы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін, өйткені ципрофлоксациннің ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) артуына ықпал етуіне баға беру қиын. ХҚҚ ципрофлоксацинді К дәруменінің антагонисімен (мысалы, варфарин) бірге енгізу кезінде және енгізуден кейін бақылануы тиіс.

Метотрексат

Метотрексаттың тубулярлық тасымалдануы ципрофлоксацинді қатар енгізумен бөгелуі мүмкін, бұл қан плазмасында метотрексат деңгейінің жоғарылауына және метотрексатпен астасқан уытты реакциялар қаупінің жоғарылауына потенциалды түрде әкелуі мүмкін. Қатар пайдалану ұсынылмайды.

Ропинирол

Ропиниролдың жағымсыз әсерлеріне мониторингті және дозаны тиісінше түзетуді ципрофлоксацинмен бірге енгізу кезінде және енгізуден кейін бірден жүзеге асыру ұсынылады.

Клозапин

Тиісінше бақылауды және клозапиннің дозасын түзетуді ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолдану кезінде және қолданудан кейін бірден жүзеге асыру ұсынылады.

Қабынуға қарсы стероидты емес заттар

Зерттеулер фторхинолондардың өте жоғары дозаларын (гираза тежегіштерін) және қабынуға қарсы стероидты емес кейбір препараттарды (ацетилсалицил қышқылынан басқа) біріктіріп қолдану құрысуларды өршітуі мүмкін екендігін көрсетті.

Силденафил

Силденафилді ципрофлоксацинмен бір мезгілде пероральді түрде қабылдаудан кейін силденафилдің Cmax және AUC шамамен екі есе артты, сондықтан, қаупі мен пайдасын назарға ала отырып, ципрофлоксацинді силденафилмен бір мезгілде қолдануды тағайындағанда сақтық танытқан жөн.

Дулоксетин

Клиникалық деректердің жоқтығына қарамастан, ципрофлоксацинді және дулоксетинді қолданған кезде өзара әрекеттесуі мүмкін екендігін алдын ала ескеруге болады.

Ксантиннің басқа туындылары

Ципрофлоксацинді және құрамында кофеин немесе пентоксифиллин бар дәрілерді бір мезгілде қолданудан кейін ксантиннің осы туындыларының сарысудағы концентрацияларын да бақылау қажет.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілікте дәрілік препаратты қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ, осыған байланысты ді жүкті әйелдерге тағайындамау керек.

Ципрофлоксацин емшек сүтіне бөлініп шығады. Жаңа туған нәрестелерде буын шеміршектері зақымдануының потенциалды қаупі бар болғандықтан, ципрофлоксацинді емшек емізетін әйелдерге тағайындамау керек. 

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Санфлоксті® қабылдауға байланысты пациенттердің автокөлікті басқару қабілеті бұзылуы мүмкін болғандықтан, оны қолдану кезінде зейін қою және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін жұмыстарды орындаудан тартына тұру керек.

Қарсы көрсеткіштер

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозалау инфекцияның көрсетілімдеріне, ауырлығына және орнығуына, организмнің ципрофлоксацинге сезімталдығына, пациенттің бүйрек функциясына қарай анықталады.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, клиникалық және бактериологиялық бақылануына байланысты.

Вена ішіне енгізуді бастағаннан кейін дәрігер, мүмкіндік болуына қарай, пероральді емдеуге ауыстыру туралы мәселені шешуі тиіс.

Ауыр жағдайларда немесе, егер пациент таблеткаларды қабылдай алмайтындай жағдайда болса (мысалы, пациент энтеральді түрде қоректеніп жүрсе), енгізудің пероральді жолына ауыстыру мүмкін болмайынша, ципрофилоксацинді вена ішіне енгізіп емдеуден бастау ұсынылады.

Кейбір бактериялардың (мысалы, көкіріңді таяқшамен, Acinetobacter немесе Staphylococci) әсерінен туындаған инфекциялар үшін ципрофлоксациннің өте жоғары дозалары және бактерияларға қарсы басқа дәрілерді қосымша енгізу қажет болуы мүмкін.

Кейбір инфекцияларды (мысалы, жамбас ағзаларының қабыну аурулары, интраабдоминальді инфекциялар, нейтропениясы бар науқастардағы инфекциялар, сүйектердің және буындардың инфекциялары) патогендік флораға сезімтал бактерияларға қарсы басқа дәрілерді бір мезгілде тағайындауды қажет етуі мүмкін.

Артық дозалану

Симптомдары:

Бас айналу, тремор, бас ауыру, шаршау, құрысулар, елестеулер, сананың шатасуы, іштің жайсыздығы, бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бүйректің қайтымды уыттылығы, сондай-ақ кристаллурия және гематурия.

Емі:

Спецификалық антидоты жоқ. Науқастың жағдайын мұқият бақылау, сұйықтықтың жеткілікті түсуін қамтамасыз ету және басқа да шұғыл жәрдем шараларын жүргізу қажет. Бүйрек функциясын, соның ішінде несептің рН-ын бақылау ұсынылады (қажет болғанда кристаллурияға жол бермеу үшін қышқылдандыру керек). Осы пациенттерде сусыздануға жол бермеу керек. Артық дозаланған кезде құрамында кальций немесе магний бар антацидтер теориялық тұрғыдан ципрофлоксациннің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Гемодиализдің немесе перитонеальді диализдің көмегімен препараттың аздаған мөлшері ғана (10%-да азырақ) шығарылуы мүмкін.

Артық дозаланған жағдайда QT аралығының ұзаруы мүмкін болғандықтан, ЭКГ мониторингпен симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Препараттың өткізіп алған дозасын өтеу мақсатында қосарлы дозаны қолдануға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Полиэтилен бөтелкелерде 100 мл препараттан.

Ішінде препараты бар әрбір бөтелкеге заттаңбалық немесе жазба қағаздан жасалған заттаңба жапсырылған.

Әрбір бөтелке медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картон қорапшаға салынған.

Ішінде препараты бар қорапшалар тұтынушылар ыдысына арналған картон немесе гофрленген картон қораптарға салынған.

Ішінде препараты бар (қорапшаға салынбаған) қаптамаларды тұтынушылар ыдысына арналған картон немесе, сол картоннан қалқалары бар гофрленген картон қораптарға медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге қаптама санына тең мөлшерде салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады200 мг/100 мл инфузияға арналған Санфлокс ерітіндісідәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube