daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы №50 Таблеткадан Траумель | Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Астане қаласындағы №50 Таблеткадан Траумель | Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, иіссіз немесе аздап тәтті иісі, ойығы бар, жалпақ беткейлі, ақтан сарғыш-ақ түске дейінгі таблеткалар. Жекелеген жағдайларда қызғылт сары теңбілденуіне жол беріледі.

Өндіруші:

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Өндіруші ел:

Германия

Қаптамадағы саны:

50 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Тірек-қимыл аппаратының жеңіл немесе орташа жарақаттарының, сондай-ақ тірек-қимыл аппаратының жеңіл ауыратын және қабыну ауруларының демеуші емінде.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді заттарға немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Егер симптомдары сақталса немесе нашарласа, сіз дәрігерден немесе кәсіби медицина қызметкерінен кеңес алуыңыз керек.

Бұл өнім құрамында лактоза бар. Бұл препаратты галактозаның тұқым қуалайтын көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Бұл препарат құрамында эхинацея болғандықтан, келесі аурулардың қайсы-бірі болған жағдайда дәрігермен кеңесіңіз:

үдемелі жүйелік бұзылыстар, аутоиммунды аурулар, иммунитет тапшылығы, иммуносупрессия және лейкоциттер жүйесі аурулары.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің бір де бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтуға байланысты күтілмейді.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препарат құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың жүктілік және бала емізу кезіндегі уыттылығы белгісіз. Басқа дәрілердегі сияқты жүктілік және бала емізу кезінде қолданар алдында дәрігерден кеңес алу қажет.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің бір де бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтуға байланысты күтілмейді.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препарат құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың жүктілік және бала емізу кезіндегі уыттылығы белгісіз. Басқа дәрілердегі сияқты жүктілік және бала емізу кезінде қолданар алдында дәрігерден кеңес алу қажет.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Стандартты доза:

Ересектер (және 12 жастан асқан балалар):

1 таблеткадан күніне 3 рет.

Педиатрияда:

6-11 жастағы балалар: 1 таблеткадан күніне 2 рет.

Бастапқы доза немесе жедел жағдайда:

Ересектер (және 12 жастан асқан балалар):

Әр ½ -1 сағат сайын 1 таблеткадан – күнделікті 12 таблеткаға дейін, содан соң стандартты дозада жалғастыру керек.

Педиатрияда:

6-11 жастағы балалар: әр 1-2 сағат сайын 1 таблетка, күнделікті 8 таблеткаға дейін, содан соң стандартты дозада жалғастыру.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 2 апта. Бұл препараттың құрамында эхинацея болғандықтан, дәрігердің кеңесінсіз үзіліссіз 8 аптадан артық пайдаланбаңыз.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке.

Траумель С таблеткаларын тамақтануға дейін 30 минут бұрын қабылдаған жөн. Таблетканы ауыз қуысында ерітіп, содан кейін жұтқан дұрыс. Балалар үшін таблетканы ұсатып және судың аздаған мөлшеріне себуге болады. Бұл препарат тамақтану арасындағы аралықтарда қабылданады.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Бір де бір артық дозалану жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтуға байланысты күтілмейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Егер сізде осы препаратты қолдану туралы сұрақтарыңыз болса, дәрігеріңізден немесе медициналық қызметкерден сұраңыз.

Шығарылу түрі

50 таблеткадан полипропиленнен жасалған қақпақ-тығыны бар полипропилен контейнерге  салынады.

1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Контейнерді алғаш ашқаннан кейін 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады№50 таблеткадан Траумельдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading
2075

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 561

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2636

2075

561

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube