Қолдану көрсеткіштері
- генитальді герпесті қоса (неонатальді герпесті және иммунитет тапшылығы бар балаларда қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялардың ауыр ағымын қоспағанда) Herpes simplex вирусы (1 және 2 типті) туындатқан терінің және шырышты қабықтардың алғашқы және қайталанатын инфекцияларын емдеуде;
- иммундық статусы қалыпты пациенттерде Herpes simplex вирусы (1 және 2 типті) туындатқан қайталанатын инфекциялардың өршу профилактикасында;
- иммун тапшылығы бар пациенттерде Herpes simplex вирусы (1 және 2 типті) туындатқан алғашқы және қайталанатын инфекциялардың профилактикасында;
- желшешек, белдемелі герпес (белдемелі теміреткі).