Караганде қаласындағы Бифидумбактерин №10 5 Дозалы Құтылар | Экополис
Басқа сервистер немесе өзіңіз
Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді
Тауар тез таусылып қалуы мүмкін
Daribar бонустары жоқ
Тегін
Daribar-дан тапсырыс бергенде
5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз
Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау
Daribar-дың бонустары
Сипаттама:
Сарғыш немесе ақшылдау-сұр түсті, жоғарғы жағында биомассаның бөлінуі мүмкіндігімен кристалды немесе кеуек масса, өзіне тән иісі бар.
Өндіруші:
Экополис
Өндіруші ел:
Российская Федерация
Белсенді ингредиент:
қосымша заттар: лактулоза, сахароза, желатин, құрғақ майсыздандырылған сүт. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Сарғыш немесе ақшылдау-сұр түсті, жоғарғы жағында биомассаның бөлінуі мүмкіндігімен кристалды немесе кеуек масса, өзіне тән иісі бар.
Дәрілік түрі:
Ішілетін және жергілікті қолдану үшін суспензия дайындауға арналған лиофилизат, 5 доза
Қаптамадағы саны:
10 шт
...loading
Нұсқаулық
Құрамы
Бір дозаның құрамында:
белсенді зат – тірі бифидобактериялар 107 КТБ кем емес,
қосымша заттар: лактулоза, сахароза, желатин, құрғақ майсыздандырылған сүт.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарғыш немесе ақшылдау-сұр түсті, жоғарғы жағында биомассаның бөлінуі мүмкіндігімен кристалды немесе кеуек масса, өзіне тән иісі бар.
Қолдану көрсеткіштері
- шығу тегі әр түрлі ішек функциясының ұзақ бұзылуында
- ішектің жедел инфекцияларында кешенді ем құрамында
- антибиотиктерді немесе ауыр токсикоз, экстрагенитальді ауруларды өткерген, ұзақ сусыз кезеңі немесе басқа патологиясы болған аналардан; лактостазасы, емшек ұшының сызаттары болған және маститтен кейін емшек емізуді қайта бастаған аналардан емшек сүтін қабылдайтын ауыр преморбидті фоны бар жаңа туған нәрестелерде, оның ішінде шала туған балаларда ішек функциясының бұзылуы және дисбактериозында
- анемия, гипотрофия, рахит, аллергия, көкжөтелі бар әлсіреген балаларда кешенді ем құрамында
- емшек еметін нәрестелерді жасанды тамақтандыруға ерте көшірген кезде ішек функциясының бұзылуында
- дисбактериоз аясындағы жуан және жіңішке ішек жедел және созылмалы қабыну ауруларында (колит, энтероколит)
- антибиотиктермен, сульфаниламидтермен емдеуден, гормондармен, сәулемен емдеуден кейінгі ішек дисбактериозында
- "қауіп" тобына жататын (емшегінің ұшы шықпаған немесе ұшы жайпақ әйелдер, емшек ұшы эрекциясының төмендеуі, сызаттар болуы) бала емізетін аналарда маститтің профилактикасы
- әйелдердің жыныстық сферасының қабыну ауруларында (бактериялық кольпит, гормондардан болған сенильді кольпит)
- жүкті әйелдерде қынап секреті тазалығының III-IV дәрежеге дейін бұзылуында
Қарсы көрсеткіштер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- тұқым қуалайтын лактоза, сахароза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі синдромы бар пациенттер.
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Бифидумбактерин қолданғанда ерекше сақтандыру шаралары жоқ.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Препараттың емдік тиімділігін төмендетпеу үшін Бифидумбактеринді алкогольмен бір мезгілде қабылдамаған жөн.
Әсерін В тобы дәрумендері күшейтеді. Антибиотиктерді қабылдаған кезде антибиотик пен Бифидумбактерин препаратын қабылдау арасындағы ұсынылатын аралығы 3-4 сағатты құрайды.
Арнайы сақтандырулар
Геронтологиялық тәжірибеде қолданудың ерекшеліктері айқындалмаған.
Бифидумбактерин қабылдау алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет, егер сізде:
- дене температурасы 38 °С жоғары,
- іштің қатты ауруы,
- нәжісте қан немесе шырыш іздері,
- диарея екі күннен астам созылған және іштің қатты ауыруымен, сусыздану және салмақ жоғалтумен қатар жүрсе,
- созылмалы аурулар: қант диабеті, ЖИТС болса.
Жай-күйі нашарлаған, жаңа симптомдар немесе шағымдар пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет.
Препаратты сұйылту үшін температурасы 40оС-ден асатын суды қолдануға және оны сұйылтылған күйінде сақтауға болмайды.
Препаратты бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар адамдардың қолдану мүмкіндігі
Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды, өйткені оның әсер ету механизмі жүйелі қан ағымына сіңу процесімен байланысты емес.
Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған адамдарда дәрілік препаратты қолдану ерекшеліктері анықталмаған.
Педиатрияда қолданылуы
Туғаннан бастап.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде әйелдерге қолдануға рұқсат етілген. Қабылдаудың ерекше шарттары жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Арнайы нұсқаулар
Геронтологиялық тәжірибеде қолданудың ерекшеліктері айқындалмаған.
Бифидумбактерин қабылдау алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет, егер сізде:
- дене температурасы 38 °С жоғары,
- іштің қатты ауруы,
- нәжісте қан немесе шырыш іздері,
- диарея екі күннен астам созылған және іштің қатты ауыруымен, сусыздану және салмақ жоғалтумен қатар жүрсе,
- созылмалы аурулар: қант диабеті, ЖИТС болса.
Жай-күйі нашарлаған, жаңа симптомдар немесе шағымдар пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет.
Препаратты сұйылту үшін температурасы 40оС-ден асатын суды қолдануға және оны сұйылтылған күйінде сақтауға болмайды.
Препаратты бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар адамдардың қолдану мүмкіндігі
Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды, өйткені оның әсер ету механизмі жүйелі қан ағымына сіңу процесімен байланысты емес.
Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған адамдарда дәрілік препаратты қолдану ерекшеліктері анықталмаған.
Педиатрияда қолданылуы
Туғаннан бастап.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде әйелдерге қолдануға рұқсат етілген. Қабылдаудың ерекше шарттары жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Ішек аурулары кезінде балаларға:
өмірінің алғашқы жарты жылында - күніне 2 рет қабылдауға 5 дозадан; ең жоғары дозалары: бір реттік - 5 доза, тәуліктік – 10 доза;
екінші жарты жылында және одан үлкен кезде - 5 дозадан күніне 3 рет, ең жоғары дозалары: бір реттік - 5 доза, тәуліктік – 15 доза.
Ауырлаған преморбидті фоны бар жаңа туған нәрестелерге препаратты перзентханада өмірінің алғашқы тәулігінен бастап, шыққанға дейін қабылдауына 2,5 дозадан күніне 2 рет қолданудан бастаған жөн.
Ересектердегі жіңішке және жуан ішектің жедел және созылмалы қабыну ауруларында 5 дозадан күніне 2-3 рет қабылдау ұсынылады.
Ішек ауруларында бифидумбактеринмен емдеу курсының ұзақтығы клиникалық көріністердің ауырлығымен, науқастың жасымен анықталады және 2-ден 4 аптаға дейінді, жекелеген жағдайларда 3 айға дейінді құрайды.
Қажет болғанда бифидумбактеринмен емдеу курсын қайталауға болады.
Алдын алу мақсатында 5 дозадан күніне 1-2 рет 1-2 апта бойы тағайындайды.
Жаңа босанған әйелдердің емшек ұшы мен оның айналасын өңдеу: ерітілген препаратты (5 доза) 2 стерильді тампонға сіңдіреді де, оны бала емізер алдында 20-30 минутқа сүт бездеріне қояды. Емдеу курсы 5 күн.
Әйелдерде гениталийдің қабыну ауруларында және жүкті әйелдердің босанар алдындағы даярлығында бифидумбактеринді қынап секретінің микробиологиялық тазалығы I-II дәрежеге дейін қалпына келгенін және қабынудың клиникалық симптомдары жойылғанын бақылай отырып, 5-10 дозадан күніне 1 рет 5-8 күнге тағайындайды. Препарат сіңірілген стерильді тампонды қынапқа енгізіп, 2-3 сағатқа қалдырады.
Бифидумбактеринді ішек аурулары кезінде ішке, ал акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде қынап ішіне қолданады.
Құтының ішіндегісін қайнаған бөлме температурасындағы сумен препараттың 1 дозасына 5 мл су (шай қасық) есебінен ерітеді.
Еріту былайша жүргізіледі:стақанға судың қажетті мөлшерін (құтыда көрсетілген доза мөлшеріне сәйкес) құяды; қақпақшасы мен тығынын алып тастап, құтыны ашады; стақандағы судың азғантай мөлшерін құтыға құяды; ерігеннен кейін (препарат 5 минутқа дейін мөлдір емес біркелкі қоспа түзе отырып ериді) құтының ішіндегісін қайтадан сол стақанға құйып араластырады. Ерітілген препараттың бір шай қасығы 1 дозаны құрайды.
Ерітілген препаратты сақтауға болмайды.
Дозаның қажетті мөлшерін тамақтануға дейін 20-30 минут бұрын қабылдайды. Препаратты емшектегі балаларға тікелей емізер алдында беруге болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын, дәрігердің немесе фармацевтің кеңесіне жүгініңіз.
Артық дозалану
Артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын, дәрігердің немесе фармацевтің кеңесіне жүгініңіз.
Шығарылу түрі
5 дозадан шыныдан жасалған құтыда. 10 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Көлемі
5 доз (флакон)
Сатып алу мәліметтері
Төлем
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Қайтару
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
...loading
Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық
Біздің сайтта сатып алуға болады “Бифидумбактерин №10 5 дозалы Құтылар” дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
Тексерілген
Провизор
Каражанова Айгерим
Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес,
анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
Комментарий: Прежде всего хочу поблагодарить за возможность быстро приобрести нужные лекарства. Особенно удобно, когда дома с больным ребенком и не можешь выйти. Спасибо продавцам за оперативность и вежливость.
Евгения
10 Декабря 2023
Комментарий: Самый лучший Бифидумбактерин! Только он спас от тяжёлого затяжного состояния. Никакие другие новомодные не помогали.
Олеся
27 Ноября 2023
Комментарий: Рекомендую к покупке, нашему ребенку только Бифидумбактерин помогает нормализовать стул, доставили утром, за что огромное спасибо, сейчас его в аптеках почти нет, получение на дом лучший вариант.
Акерке
5 Ноября 2023
Комментарий: Я так и не получила свой товар. Звоню продавцу — они трубку не берут.
Сабина
1 Сентября 2023
Комментарий: Хороший препарат, мне прям очень помог. Столько дорогих таблеток не помогало, а этот сработал.
Валентина
24 Августа 2023
Комментарий: Все хорошо, отличные препараты, только вот одно плохо - нужно предупреждать заранее за час или два, потому что вдруг человек ушёл в это время.
Камиля
15 Августа 2023
Комментарий: Недорогой, хорошие бактерии.
Kseniia
23 Апреля 2023
Комментарий: Уже писала отзыв, но захотелось поделиться идеальным способом открывания - открывашка. Это идеальное сочетание. Не могу сказать, что мне прям помогло, но хуже не стало точно, да и в целом мне не назначал врач, я решила сама для профилактики при сбое работы ЖКТ пропить (ведь этот препарат можно даже грудничкам давать).
Сандугаш
16 Апреля 2023
Комментарий: Самый обычный, доступный бифидо.
Kseniia
9 Апреля 2023
Достоинства: Вроде действует.
Айгуль
2 Января 2023
Комментарий: Отличный пробиотик!
Анастасия
24 Августа 2022
Комментарий: Заказала данный препарат так как ребенку нужно было пить после антибиотиков. Так как уже много разных пропили, и нам посоветовали этот. Препарат очень хороший, ребенок пьет спокойно. Плохо, что уже снимают с производства, нашли только здесь. Дошел быстро на следующий день. Качеством довольна.
Вероника
9 Апреля 2022
Достоинства: Хороший пробиотик по доступной цене.
Елена
29 Марта 2022
Достоинства: Старое, эффективное средство от диареи.
Елена
12 Февраля 2022
Достоинства: Самый лучший препарат из этой группы. Всё прибыло быстро.
Ирина
12 Января 2022
Комментарий: Старый проверенный Бифидумбактерин. Отличный.
Караганда қаласындағы «Бифидумбактерин №10 5 дозалы Құтылар» бағасының өзгеру диаграммасы