daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Феброфид Ампуласы 100 Мг/2 Мл №5 | АО «Химфарм»

Караганде қаласындағы Феброфид Ампуласы 100 Мг/2 Мл №5 | АО «Химфарм»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық Шығарылу түрі және қаптамасы 2.0 мл-ден шприцпен толтырылатын сындыру нүктесі немесе сақинасы бар жарықтан қорғайтын шыны ампулаларға құйылады. Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады. 5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамамен қапталады. Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға жазуға болады. Дәрілік препарат салынған қорапшалар картон қорапқа салынады. Пішінді ұяшықты қаптамалар (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар саны бойынша салынады. Сақтау мерзімі 3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды! Сақтау шарттары Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Халықаралық атауы:

Кетопрофен

Өндіруші:

АО «Химфарм»

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол, бензил спирті, натрий метабисульфиті, натрий гидроксиді, натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық Шығарылу түрі және қаптамасы 2.0 мл-ден шприцпен толтырылатын сындыру нүктесі немесе сақинасы бар жарықтан қорғайтын шыны ампулаларға құйылады. Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады. 5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамамен қапталады. Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға жазуға болады. Дәрілік препарат салынған қорапшалар картон қорапқа салынады. Пішінді ұяшықты қаптамалар (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар саны бойынша салынады. Сақтау мерзімі 3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды! Сақтау шарттары Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Белсенді заттың дозасы:

100 мг/2 мл

Дәрілік түрі:

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 100 мг/2 мл,

Қаптамадағы саны:

5 шт

Нұсқаулық

Құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат - 100.0 мг кетопрофен (100 % затқа шаққанда)

қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол, бензил спирті, натрий метабисульфиті, натрий гидроксиді, натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.0 мл-ден шприцпен толтырылатын сындыру нүктесі немесе сақинасы бар жарықтан қорғайтын шыны ампулаларға құйылады.

Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамамен қапталады.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға жазуға болады.

Дәрілік препарат салынған қорапшалар картон қорапқа салынады.

Пішінді ұяшықты қаптамалар (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар саны бойынша салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Қолдану көрсеткіштері

Кетопрофенді емдеу үшін қолдану кетопрофеннің қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсері, осы препаратқа аса жоғары сезімталдық реакциясының туындау жиілігі және осы топтың басқа препараттарымен салыстырғанда қолжетімділігіне байланысты.

Препарат ересектер мен 15 жастан асқан балалардың қысқамерзімді симптоматикалық ем үшін қабылдауына арналған:

ревматизм ауруларында қабыну үдерісінің өршуінде

белдің жедел ауырсынуында (бұлшықет созылуы, люмбаго, ишиас, фиброзит), радикулалгия

операциядан кейінгі ауырсыну және тірек -қимыл аппаратының қабынуы

онкологиялық аурулар кезіндегі ауырсыну синдромы

бүйрек шаншуының ұстамалары

Қарсы көрсеткіштер

кетопрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жекелей аса жоғары сезімталдық.

анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға басқа аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде сирек жағдайларда өлімге соқтыратын күрделі анафилаксиялық реакциялар байқалған.

– жүректің ауыр жеткіліксіздігі

– бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

– бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

– өршу фазасындағы асқазан-ішек жолы аурулары (гастрит, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, анамнезде асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралардың пайда болуы немесе тесілуі көрсетілуі)

– қан кетулер (асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа да белсенді қан кетулер)

– 24 аптадан асқан жүктілік және лактация кезеңі

– гемостаз бұзылулары немесе ағымдағы антикоагуляциялық ем (бұлшықет ішіне енгізілуіне байланысты қарсы көрсетілген)

– бензил спиртінің болуына байланысты бұл препарат шала туған және күні жетіп туған нәрестелерге қарсы көрсетілімде.

Сақтық шаралары

Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа мерзім ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады (төмендегі «Дозалану режимі және қолдану тәсілі» бөлімін және «Асқазан-ішек жолына әсері» және «Жүрек-қантамыр жүйесі мен ми қанайналымына әсері» параграфтарын қараңыз).

Кетопрофенді қандай-да бір синергиялық пайданың болмауына және қосымша жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, жүйелік ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялардың, әсіресе асқазан-ішек қан кетулерінің және өлімге әкелуі мүмкін перфорациялардың жиілігі жоғары.

Жүрек-тамыр, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

Емдеудің бастапқы сатысында жүрек функциясының бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр бұзылыстары, цирроз және нефрозбен ауыратын пациенттерде, сондай-ақ диуретиктермен емдегі пациенттерде, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, әсіресе егер олар егде жастағы адамдар болса, бүйрек функциясы бақылануы тиіс. Осы пациенттердің кетопрофенді қабылдауы простагландиннің тежелуінен бүйрек қан ағымының төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл бүйрек бұзылыстарына соқтыруы мүмкін.

Сондай-ақ, ҚҚСП әртүрлі формалардағы нефроуыттылығы бар екендігі анықталды және бұл интерстициалды нефритке, нефроздық синдромға және бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.

Бауырдың функциясы қалыптан тыс пациенттерде, сондай-ақ бауыр ауруы бар пациенттерде, әсіресе ұзақ ем кезінде, трансаминазалардың деңгейі мезгіл-мезгіл тексерілуі тиіс. Кетопрофен қабылдайтын пациенттерде сарғаю мен гепатиттің сирек жағдайлары сипатталған.

Кетопрофенді ұзақ уақыт қабылдағанда қан көрінісін, сондай-ақ, бүйрек пен бауыр функциясын жүйелі түрде бағалап отыру керек.

Гиперкалиемия

Қант диабеті немесе гиперкалиемиялық препараттармен қатар емдеу гиперкалиемияның даму қаупін арттырады. Қан сарысуындағы калий мөлшеріне мониторинг жүргізу қажет.

Организмдегі натрий мен сұйықтықтың іркілуі

Натрий мен сұйықтықтың іркілуі ісіну, артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігінің үдеуінің даму қаупін арттырады. Мұндай пациенттер емдеудің ең басынан бастап гипертония немесе жүрек жеткіліксіздігі жағдайында мұқият бақылауды қажет етеді. Препараттардың гипотензиялық әсерінің төмендеуі мүмкін.

Жүрек-тамыр және цереброваскулярлық әсерлер

Гипертензиясы және/немесе жеңіл және орташа іркілген жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау керек, өйткені ҚҚСП қолдану кезінде сұйықтықтың іркілуі және ісіну тіркелген.

Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер ЦОГ-2 селективті тежегіштерін және кейбір ҚҚСП (көбіне жоғары дозаларда) қолдану артериялық тромбоз (миокард инфарктісі, инсульт) қаупінің біршама жоғарылауын туғызуы мүмкін екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта кетопрофенге қатысты мұндай қауіптің жоғарылайтындығын жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз болып табылады. Кетопрофенді бақыланбайтын гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерде мұқият тексеруден кейін ғана қолдануға болады. Осындай тұжырымдар кардиоваскулярлық аурулардың (гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) қауіп факторлары бар пациенттерді емдеуді бастамас бұрын жасалуы керек.

Операция кезеңінде (артерияларды шунттау) ҚҚСП (аспиринді қоспағанда) алған пациенттерде артериялық тромбоздық асқынулардың жоғары қаупі туралы хабарланды.

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар

Бронх демікпесі және созылмалы ринит, созылмалы синусит және/немесе мұрын полипозы бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСП аллергиясы туындауының жоғары қаупі бар. Кетопрофен оларда демікпе ұстамасын, бронх түйілуін, әсіресе ацетилсалицил қышқылына және басқа ҚҚСП-ға жоғары сезімталдығы бар адамдарда туындатуы мүмкін.

Асқазан-ішек ойық жаралары, қан кетулер және перфорациялар

Кетопрофен асқазан-ішек ойық жарасы, қан кету және перфорация түрінде ас қорыту жолы тарапынан ауыр жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін. Мұндай жағымсыз реакциялар кетопрофенді қабылдаған пациенттерде ізашар симптомдардан кейін немесе оларсыз кез келген мерзімде пайда болуы және өлімге әкелуі мүмкін.

Кейбір эпидемиологиялық деректерге сәйкес кетопрофенді қабылдау, қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттармен салыстырғанда, соның ішінде дозасын арттырған жағдайда, асқазан-ішек жолына уытты әсер ету қаупінің өте жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін. Асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралануы немесе перфорация қаупі анамнезінде ойық жара ауруы болған пациенттерде, әсіресе, қан кету немесе перфорация типінің асқынулары жағдайында, сондай-ақ, егде жастағы пациенттер мен дене салмағы төмен пациенттерде пайдаланылатын дозасын арттырған сайын жоғарылай түседі. Мұндай пациенттер ең төмен тиімді дозасын қабылдауы тиіс. Пациенттердің осы санаттарына, сондай-ақ гастроинтестинальді қатерлерді арттыратын препараттармен қатар ем алатын пациенттерге гастропротекторларды (мизопростол немесе протонды помпаның тежегіштері) тағайындау қажет. Кетопрофенді анамнезінде ойық жара ауруы бар пациенттерде қолдануға болмайды.

Препаратты анамнезінде ішектің қабыну аурулары (Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит) бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені мұндай тағайындау осы аурулардың ағымын қиындатуы мүмкін.

Анамнезінде асқазан-ішек бұзылыстары бар, әсіресе егде жастағы пациенттер, әсіресе емнің басында, әдеттен тыс кез-келген абдоминальді симптомдар туралы (әсіресе АІЖ қан кету) хабарлап отыруы тиіс. Жүйелі кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, ацетилсалицил қышқылы сияқты антитромбоциттік дәрілер немесе серотонинді қайта қармаудың селективті тежегіштері, никорандил сияқты ойық жараның немесе қан кетудің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдайтын науқастар үшін де сақтық шаралары қажет.

Кетопрофен қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара жағдайында емдеуді дереу тоқтату керек.

Әйелдердегі фертильділік

Кетопрофенді қолдану әйелдерде фертильділіктің бұзылуына әкелуі мүмкін және жүкті болғысы келетін әйелдерге ұсынылмайды. Ұрықтануда қиындықтары бар немесе бедеулікке байланысты тексеруден өткен әйелдерге қатысты кетопрофенді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.

Тері реакциялары

ҚҚСП қолдану кезінде эксфолиативтік дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалдық некролизді қоса алғанда, ауыр, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын тері реакциялары туралы өте сирек хабарланды. Бұл реакциялардың туындауының жоғары қаупі емдеу курсының басында, көп жағдайда емдеудің бірінші айында анықталды. Емдеуді тері бөртпелерінің алғашқы көріністерінде, шырышты қабықтың зақымдануында немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа көріністерінде тоқтату керек.

Анамнезінде жарыққа жоғары сезімталдық реакциясы немесе фотоуыттылығы бар пациенттер мұқият қадағалауда болуы тиіс.

Инфекциялық ауру

Инфекциялық аурудың белгілері анықталған жағдайда, кетопрофеннің қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстық түсіретін қасиеттері, басқа ҚҚСП сияқты, инфекцияның өршуінің әдеттегі белгілерін, мысалы, қызбаны бүркемелеуі мүмкіндігіне назар аудару керек.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

ҚҚСП тобының препараттары бүйрек простагландиндерінің вазодилатациялаушы әсерін тежейді, соған орай, гломерулярлық сүзілістің төмендеуімен байланысты бүйрек функциясының жеткіліксіздігі дамуын тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз әсерінің ықпалы дозасына тәуелді.

Емдеуді бастар алдында және препараттың дозасын арттырар алдында келесі қауіп факторлары бар пациенттерде бүйрек функциясы мен шығарылатын несеп көлемі мұқият бағалануы тиіс:

егде жастағы пациенттер;

АӨФ тежегіштері тобының препараттарын, сартандарды, диуретиктерді бір мезгілде қабылдау;

этиологиялары әр түрлі гиповолемия;

жүрек жеткіліксіздігі;

бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі;

жегі тәрізді нефропатия;

бауыр циррозы.

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Көру мүшелері тарапынан көрудің бұлыңғырлануы және т.б. сияқты бұзылулар пайда болған кезде емдеуді дереу тоқтату керек.

Препаратты ҚҚСП тобының басқа препараттарымен, пероральді антикоагулянттармен, литиймен, ыстықты түсіретін және ауыруды басатын дозалардағы аспиринмен, аптасына 20 мг асатын дозадағы метотрексатпен, фракцияланбаған және төмен молекулалы гепаринмен және гепарин тәрізді молекулалармен (емдік дозаларында және/немесе егде жастағы пациенттерде), пеметрекседпен бір мезгілде және бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерде қабылдамау керек.

Жасырын инфекциялардың симптомдарын бүркемелеуі

ФЕБРОФИД инфекциялық аурудың симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, бұл тиісті емнің басталуын кешіктіріп, аурудың ағымын қиындатады. Бұл бактериялық ауруханадан тыс пневмонияда және желшешектің бактериялық асқынуларында байқалды. ФЕБРОФИД дене температурасының жоғарылауымен немесе инфекция кезінде ауырсынуды жеңілдету үшін қолданылған кезде, инфекциялық ауруды бақылау ұсынылады. Медициналық мекемеден тыс емдеу жағдайында, егер симптомдар сақталса немесе күшейсе, пациент дәрігерге қаралуы тиіс.

Қосымша заттар

Препараттың құрамында бензил спирті бар

Препараттың қосымша заты болып табылатын бензил спиртін шала туған, жаңа туған нәрестелерге және 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды; жағымсыз әсері - анафилактоидтық реакциялар. Бір ампуласында 40 мг бензил спирті (20 мг/мл) бар, ол 3 жасқа дейінгі балаларда уытты және аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Препараттың құрамында этанол бар

Препараттың құрамында 1 мл-де 200 мг этанол бар – мұны маскүнемдіктен, эпилепсиядан зардап шегіп жүрген адамдарға, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, бауыр аурулары бар науқастарға тағайындаған кезде ескеру керек.

Препараттың құрамында пропиленгликоль бар

Препарат құрамында бір ампулада 800 мг пропиленгликоль бар, ол алкогольдің әсеріне ұқсас әсерлерді тудыруы мүмкін.

Препараттың құрамында натрий метабисульфиті бар

Құрамында натрий метабисульфиті (4.0 мг) болуына байланысты, ауыр аллергиялық реакциялар мен бронх түйілуі байқалуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Симптомдарды азайту үшін мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде ең төмен тиімді дозаны қабылдау қажет.

Пайда/қауіп арақатынасы 200 мг тәуліктік дозаны қабылдау басталғанға дейін мұқият бағалануы тиіс, ал бүйрек шаншуы жағдайында дозаны арттыру қатаң түрде емдеудің ең ұзақ мерзімін сақтай отырып жүргізілуі мүмкін.

Дозалау режимі

Ревматологияда және ісік текті аурулар үшін ұсынылатын доза - 100 мг (1 ампула) ФЕБРОФИД бұлшықет ішіне күніне 1-2 рет. Бүйрек шаншуында күніне 100-300 мг.

Қажет болса, емдеу пероральді немесе сыртқа қолданылатын ФЕБРОФИД дәрілік түрін қолданумен толықтырылуы мүмкін. Бүйрек шаншуының ұстамалары кезінде 48 сағаттан асырмайды.

Вена ішіне инфузия тек стационар жағдайында ғана тағайындалады.

100-200 мг кетопрофен 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылады. Кемінде 30-60 минут ішінде енгізіледі.

Күнделікті доза 2-3 инъекцияға бөлінеді. Ең жоғары тәуліктік доза 200 мг кетопрофеннен аспауы тиіс.

Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды, инъекциялық түрдегі ФЕБРОФИД емін 3 күннен артық жалғастыру ұсынылмайды.

Инъекциялар қатаң түрде стерильді жағдайда бөксенің сыртқы жоғарғы квадрантының сыртқы бөлігіне, терең және баяу енгізілуі керек. Егер оларды бірінен кейін бірін енгізу керек болса, әр инъекция үшін бөкседегі орнын ауыстыру ұсынылады. Иненің ұшы тамырға түспегеніне көз жеткізу үшін шприцтің поршенін енгізер алдында кері тарту маңызды.

Инъекция кезінде қатты ауырған жағдайда, препаратты енгізуді дереу тоқтатыңыз.

Санда протез болған жағдайда инъекция бөксенің басқа жағына жасалуы тиіс.

Артық дозалану

Артық дозалану жағдайлары 2,5 г кетопрофенге дейінгі дозаларда байқалды.

Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, сылбырлық, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, қан құсу, нәжістің қараюы, сананың бұзылуы, тыныстың тарылуы, құрысулар, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек жеткіліксіздігі.

Емі: симптоматикалық, арнайы антидоты жоқ. Асқазанды шаю және белсендірілген көмірді қолдану көрсетілген. Бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде айналымдағы кетопрофенді қаннан шығару үшін гемодиализ емшарасы ұсынылады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.

Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

Қатысы жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Жиі:

жүрек айнуы, құсу диспепсия, іш тұсының ауыруы

Жиі емес:

бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық

ісінулер

іш қатуы, диарея, іштің кебуі, гастрит

тері бөртпесі, терінің қышынуы

қажу

Сирек:

қан жоғалтумен байланысты анемия

парестезиялар

анық көрмеу

құлақтағы шуыл

демікпе ұстамалары

пептидтік ойық жара, стоматит, колит

гепатит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гепатиттен туындаған бұзылулардың дамуы салдарынан билирубин концентрациясының жоғарылауы

салмақ жоғарылауы

Белгісіз:

агранулоцитоз, тромбоцитопения, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, лейкопения

Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты қоса)

бағдарсыздық, эмоционалдық орнықсыздық

құрысулар, дисгевзия, депрессия, сананың шатасуы, елестеулер, бас айналуы, дімкәстану, ұйқышылдық, асептикалық менингит туралы хабарламалар (әсіресе, бұрыннан жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас аурулары сияқты аутоиммундық бұзылулары бар пациенттерде), шүйде бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айны, құсу, қызба немесе бағдарсыздық сияқты тиісінше симптоматикасымен

ретробульбарлық неврит

жүрек жеткіліксіздігі

артериялық гипертензия, вазодилатация, васкулит (лейкоцитокласттық васкулитті қоса)

бронх түйілуі (әсіресе, ҚҚСП-ға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде), ринит

ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының өршуі, асқазан-ішектен қан кету, перфорация, панкреатит

фотосенсибилизация, алопеция, есекжем, созылмалы есекжемнің өршуі, ангионевроздық ісіну, эритема, Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролизді қоса буллездік бөртпе, жедел жайылған экзантемалық пустулез, пурпура

организмде сұйықтық іркілуі, гиперкалиемия, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, папиллярлық некроз, бүйректің аномальді функционалдық тестілері

ливедоидтық дерматитті (Николау синдромы) қоса, ине шаншыған орындағы реакциялар, ине шаншыған орынның ауыру және ашыту сезімдері

Клиникалық зерттеулердің деректері және эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда) артериялық тромбоздардың (мысалы, миокард инфарктісі және инсульттің) даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін деп болжауға негіз береді.

Шығарылу түрі

2.0 мл-ден шприцпен толтырылатын сындыру нүктесі немесе сақинасы бар жарықтан қорғайтын шыны ампулаларға құйылады.

Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамамен қапталады.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға жазуға болады.

Дәрілік препарат салынған қорапшалар картон қорапқа салынады.

Пішінді ұяшықты қаптамалар (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар саны бойынша салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Караганда қаласындағы «феброфид ампуласы 100 мг/2 мл №5» бағасының өзгеру диаграммасы

0600120018002400300011-0216-0221-0226-0203-0308-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-0616-0621-0626-061-076-0711-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыфеброфид ампуласы 100 мг/2 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube