Қолдану көрсеткіштері
2-ші типті қант диабеті
Форсига™ препараты 18 жастағы және одан үлкен ересек пациенттерге диетамен және физикалық жүктемелермен үйлесімде жеткіліксіз бақыланатын 2-ші типті қант диабетін емдеу үшін көрсетілген:
- метформинді қолдану мақсатқа сай емес немесе қарсы көрсетілген деп есептелген кезде монотерапия ретінде
- 2-ші типті диабетті емдеуге арналған басқа дәрілік препараттармен біріктірілген ем ретінде қолданылады
Жүрек жеткіліксіздігі
Форсига™ препараты 18 жастағы және одан ересек пациенттерге симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылады.
Бүйректің созылмалы ауруы
Форсига™ препараты 18 жастан асқан ересек пациенттерге созылмалы бүйрек ауруларын емдеу үшін қолданылады.