Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 0,5 мг нитроглицеринге шаққандағы лактозадағы 2 % нитроглицерин,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, үстіңгі және астыңғы беткейлері жайпақ, шеттері қиғашталған, штрихты, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір қабатты таблеткалар. Таблеткалардың беткейінде мәрмәрлілік болуы мүмкін. Үлкейткіш шыны арқылы сынған жеріндегі құрылымының салыстырмалы біртектілігі көрінеді.