Показания к применению
- бронх секрециясының бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.
- бронх секрециясының бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.
- амброксолға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік (І триместр) және лактация кезеңі.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Амброксол гидрохлориді сияқты муколитикалық дәрілер қолдану кезінде ауыр тері зақымдануларының Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы (уытты эпидермалық некролиз) және уытты жайылған экзантематозды пустулез сияқты бірлі-жарым жағдайлары хабарланған. Негізінен оларға негізгі аурудың ауырлығымен және/немесе қатарлас жүретін терапиямен түсіндіруге болады. Бұдан бөлек, пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы мен Лайелл синдромының бастапқы сатысында қызба, дененің ауыруы (сырқырау), ринит, жөтел және тамақтың ауыруы сияқты тұмау тәрізді спецификалық емес продромальді симптомдарды байқауға болады. Олардың қате бағалануы нәтижесінде пациенттер жөтел мен суық тиюді симптоматикалық емдеуге арналған препараттарды қабылдауы мүмкін. Сол себепті Амброксол 30 қолдану кезінде терінің және/немесе шырышты қабықтардың зақымданулары білінгенде препарат қабылдауды дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну керек.
Емдеу кезінде препараттың муколитикалық әсерін күшейту үшін жеткілікті сұйықтық (шырын, шәй, су) ішу керек.
Қант диабеті бар пациенттер үшін ақпарат: Амброксол 30 құрамында қант жоқ. Құрамында алкоголь жоқ.
Шырыштың күшейген секрециясы кезінде, бронхмоторлы функциялары бұзылған кезде (мысалы, бастапқы цилиарлы дискинезия сияқты сирек генетикалық детерминацияланған ауру кезінде) шырыштың көп мөлшерде жиналу қаупіне байланысты муколитикалық дәрілерді (оның ішінде амброксол) сақтықпен қабылдау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз өзара әрекеттесулері туралы хабарланған жоқ.
Амброксолды антибиотиктермен (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин, доксициклинмен) қолдану өкпе тіндерінде антибиотиктер концентрациясының жоғарылауына ықпал етеді.
Амброксол 30 гидрохлоридін жөтелге қарсы препараттармен қолдану қақырық түсуінің бәсеңдеуіне және жөтел азайғанда шырыштың шектен тыс жиналуына әкеледі. Сондықтан осындай біріктірілімді дәрігердің қолданудан күтілетін пайда мен болуы мүмкін қауіп қатынасын мұқият бағалауынан кейін ғана қолдануға болады.
Арнайы ескертулер
Бүйрек функциясының бұзылуы немесе бауырдың ауыр аурулары жағдайында Амброксол 30 дәрігер кеңесінен кейін ғана қолданылу керек.
Амброксол гидрохлоридін, бауырда метаболизмі бар және әрі қарай бүйрекпен шығарылатын кез келген басқа белсенді затты қолдану кезінде, ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде бауырда амброксол және/немесе оның метаболиттерінің жинақталуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларға Амброксол 15 препаратының балаларға арналған түрі бар.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік. Амброксол гидрохлориді плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктілікке, шарананың дамуына, босануға және постнатальді дамуға тікелей немесе жанама теріс әсер етуін көрсеткен жоқ.
Жүктіліктің 28 аптасынан кейін препаратты қолданудың ауқымды клиникалық тәжірибесі шаранаға жағымсыз әсер етудің белгілерін көрсеткен жоқ. Дегенмен Амброксол 30 препаратын жүктіліктің І триместрінде қолдану ұсынылмайды.
Лактация. Амброксол гидрохлориді емшек сүтіне бөлінеді, сондықтан препаратты бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Фертильділік. Клиникаға дейінгі зерттеулер фертильділікке тікелей немесе жанама теріс әсер етуін көрсеткен жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттеулер жүргізілген жоқ. Маркетингтен кейінгі кезеңде препараттың автомобильді немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.

Алғашқы ашылуы бақыланатын қақпағы бар жиынтықтағы полимер банкіде немесе полимер құтыда 100 мл препараттан. Банкіге немесе құтыға полиграфиялық баспа тәсілімен дайындалған заттаңба жапсырылады. Банкі немесе құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және дозалау қасығымен бірге картон қорапшаға салынады.
Алғашқы ашылуы бақыланатын қақпағы бар шыны құтыда 100 мл препараттан. Құтыға полиграфиялық баспа тәсілімен дайындалған заттаңба жапсырылады. Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және дозалау қасығымен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін препаратты сақтау мерзімі 25 оС-ден аспайтын температурада 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.