daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актау қаласындағы Аугментин Суспензиясы 400 Мг / 57 Мг / 5 Мл 35 Мл | СмитКляйн Бичем Лимитед

Актау қаласындағы Аугментин Суспензиясы 400 Мг / 57 Мг / 5 Мл 35 Мл | СмитКляйн Бичем Лимитед

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті, еркін ағынды ұнтақ

Өндіруші:

СмитКляйн Бичем Лимитед

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Препарат бас айналуды тудыруы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралын басқару немесе қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы ескерту қажет.

Белсенді заттың дозасы:

400 мг/57 мг/5 мл, 35 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда)

жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы (ЛОР мүшелерінің инфекциясын қоса), қайталанатын тонзиллит

жедел ортаңғы отит

созылмалы бронхиттің өршуі (диагноз расталғанда)

ауруханадан тыс пневмония

цистит

пиелонефрит

тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы

тері асты шелінің қабынуы – целлюлитте, жәндіктер шаққанда, жедел абсцесстер мен жақсүйек-бет маңының флегмоналары

сүйек және буын инфекциялары (остеомиелит)

Қарсы көрсеткіштер

пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар) белгілі аса жоғары сезімталдық

амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы

фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам болуына байланысты)

Өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар мен пенициллинді антибиотиктер практикада өзара әрекеттесуі туралы есептерсіз кеңінен пайдаланылды. Алайда, әдебиетте амоксициллин курсы тағайындалған, аценокумаролмен немесе варфаринмен емделіп жүрген пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылау жағдайлары бар. Егер біріккен ем қажет болса, амоксициллинді қосумен немесе алып тастаумен протромбин уақыты немесе халықаралық қалыптасқан қатынас мұқият бақылануы тиіс. Бұдан бөлек, пероральді антикоагулянттар дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.

Басқа бактерияға қарсы препараттар сияқты, Аугментин® препараты асқазан-ішек жолынан эстрогендер сіңуінің төмендеуіне және біріктірілген пероральді контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне алып келіп, ішек микрофлорасына әсер етуі мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндер уыттылықтың потенциалды ұлғаюын тудыра отырып, метотрексат экскрециясын төмендетуі мүмкін.

Пробенецид

Пробенецидті бірге қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректегі өзекшелік секрециясын азайтады. Пробенецидті бір мезгілде қабылдау қандағы клавулан қышқылы емес, бірақ амоксициллин деңгейінің жоғарылауына және ұзаруына әкелуі мүмкін.

Аллопуринол

Аллопуринол мен амоксициллинді бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакцияларының туындау қаупін арттыруы мүмкін. Амоксициллинді клавулан қышқылымен және аллопуринолмен біріктірілімде бір мезгілде қолдану туралы деректер жоқ.

Микофенолят мофетил

Микофенолят мофетилін қабылдайтын пациенттерде амоксициллинге қоса клавулан қышқылын қабылдау басталған соң белсенді метаболит - микофенол қышқылының (МРА) доза алдындағы концентрациясының 50% төмендеуі байқалды. Доза алдындағы деңгейінің өзгеруі МРА жалпы экспозициясының өзгерісін дәл дерлік көрсетпеуі мүмкін. Демек, трансплантат дисфункциясының клиникалық белгілері болмаса, әдетте, микофенолат мофетилінің дозасын өзгерту міндетті емес. Дегенмен де, біріктірілім кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін тез арада мұқият мониторинг өткізу керек.

Арнайы ескертулер

Ауыр және кейде өлімге әкелетін аса жоғары сезімталдық реакциялары (оның ішінде анафилактоидты және терінің күрделі жағымсыз реакциялары) пенициллинді терапиядағы пациенттерде тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық тарихы бар адамдарда және атопиялық индивидуумдарда болуы мүмкін. Егер аллергиялық реакция туындаса, амоксициллинмен/клавулан қышқылымен емдеу тоқтатылып, тиісті альтернативті терапия тағайындалуы тиіс. Ауыр анафилаксиялық реакциялар кезінде пациентке дереу эпинефрин енгізу керек. Сондай-ақ, оксигенотерапия, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қамтитын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін. Терінің аллергиялық реакциялары пайда болғанда Аугментин® препаратымен емдеуді тоқтату қажет.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін ауыр аллергиялық реакция Коунис синдромына дейін өршуі де мүмкін. Мұндай реакциялардың симптомдары амоксициллин-клавуланатқа аллергиялық реакцияға байланысты пайда болатын кеуденің ауыруын қамтуы мүмкін (4.8 бөл. қараңыз). Аллергиялық реакция туындаған жағдайда амоксициллинмен және клавуланатпен емдеуді тоқтатып, тиісті альтернативті ем тағайындау керек.

Инфекциялық мононуклеозға күдік туындаған кезде амоксициллин/клавулан қышқылынан аулақ болу керек, өйткені қызылша тәрізді бөртпенің туындауы амоксициллинді қолданғаннан кейін орын алды.

Аугментин® препаратының бұл дәрілік түрі болжамды патогендердің бета-лактамды агенттерге төзімділігі жоғары қаупі бар, яғни клавулан қышқылының тежелуіне сезімтал бета-лактамазалармен жанаспайтындай жоғары қаупі бар кезде пайдалануға жарамайды. Препараттың бұл түрі пенициллинге резистентті S. pneumoniae емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Ұзақ мерзімді пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.

Аугментин® препаратын қабылдау аясында антибиотикпен астасқан колиттің даму жағдайлары хабарланды, оның дәрежесі мардымсыз және өмірге қауіп төндіретін болды. Осыған байланысты антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе одан кейін дамыған диареясы бар пациенттерде колиттің даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Колит диагнозы расталған кезде Аугментин® препараты дереу тоқтатылуы тиіс; пациент қажетті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі тиіс. Бұл жағдайда антиперистальтикалық препараттарды қолдануға болмайды.

Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбалық жайылған эритеманың туындауы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция Аугментин® препаратын енгізуді тоқтатуды талап етеді және амоксициллиннің кез келген кезекті енгізілуіне қарсы көрсетеді.

Артынша Aspergillus инфекциясы табылмаған амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде Platelia Aspergillus EIA Bio-Rad Laboratories тестін қолдана отырып, оң сынақ нәтижелері туралы есептер болды. Aspergillus емес полисахаридтермен және Plateia Aspergillus EIA био-Rad Laboratories тестімен полифураноздармен айқаспалы реакциялар туралы хабарламалар болды. Демек, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде тесттің оң нәтижелерін абайлап түсіндірілуі және басқа диагностикалық әдістермен расталуы тиіс.

Бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын қоса, ағзалар жүйесінің функцияларын мезгіл-мезгіл бағалау ұзақ ем кезінде ұсынылады.

Протромбин уақытын ұзарту амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде сирек хабарланды. Антикоагулянттар бір уақытта тағайындалған кезде тиісті мониторинг қажет. Пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету антикоагуляцияның қаланған деңгейін ұстап тұру үшін қажет болуы мүмкін.

Аугментин® препараты клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминді эритроциттердің жарғақшаларымен спецификалық емес байланысуын тудыруы мүмкін, бұл жалған оң Кумбс тестін беруі мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны сақтықпен тағайындау, сондай-ақ бауыр функциясын тұрақты бақылау керек. Амоксициллин/клавулан қышқылын бауыр жеткіліксіздігінің белгілері бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары әдетте емдеу басталған кезде немесе одан кейін бірден туындады, бірақ кейбір жағдайларда ем тоқтатылғаннан кейін бірнеше апта ішінде көрініс таппауы мүмкін. Әдетте, олар қайтымды. Бауырдың бұзылуы өте күрделі болуы мүмкін және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталғаны туралы хабарланды. Олар әрдайым күрделі негізгі ауруы бар пациенттерде немесе бауырға потенциалды әсер ететін препараттарды бір уақытта қабылдаған адамдарда тіркелді.

Бауыр оқиғалары негізінен еркектер мен егде пациенттерде тіркелген және ұзақ емделумен байланысты болуы мүмкін. Бұл оқиғалар балаларда өте сирек болды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза бұзылу дәрежесіне сәйкес түзетілуі тиіс.

Несеп бөлінуі төмендеген пациенттерде кристаллурия өте сирек, негізінен парентеральді еммен байқалды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде амоксициллин кристаллуриясының мүмкіндігін азайту мақсатында сұйықтықты адекватты қабылдауды және несеп шығаруды ұстап тұрған жөн. Қуық катетері бар пациенттерде өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаның бар-жоғын тестілеу үшін ферментативті глюкоза-оксидазалық тәсілдер қолданылуы тиіс, өйткені ферментативті емес әдістермен жалған оң нәтиже алуға болады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдағанда құрысулар пайда болуы мүмкін.

Аугментин® препараты 400 мг/57мг/5 мл, пероральді суспензияға арналған ұнтақтың құрамында фенилаланин көзі аспартам (E951) бар. Бұл дәрі фенилкетонуриясы бар пациенттерге қарсы көрсетліген.

Ауыз қуысына күтім жасау препаратты қабылдаумен байланысты тіс түсінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі, өйткені бұл үшін тісті тазалау жеткілікті.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктіліктің, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсеткен жоқ. Адамдарда жүктілік кезінде амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімін пайдалану туралы шектеулі деректер туа біткен даму кемістіктерінің жоғары қаупін көрсетпейді. Ұрық қабықшасының мерзімінен бұрын ажырауы бар әйелдерде жүргізілген бір зерттеуде амоксициллин/клавулан қышқылымен профилактикалық терапия жаңа туған нәрестелерде некроздаушы энтероколиттің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігі анықталды. Препаратты дәрігер тағайындаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Екі белсенді зат та емшек сүтіне бөлінеді. Аугментин® препаратының әсер етуші заттарының іздік мөлшерінің емшек сүтіне енуімен байланысты сенсибилизацияның, диареяның немесе ауыз қуысының шырышты қабық кандидозының даму мүмкіндігін қоспағанда, емшек еметін балаларда ешқандай басқа жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. Емшектегі балаларда жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда емшек емізуді тоқтату қажет. Аугментин® препаратын ана үшін болжамды пайда балаға төнетін потенциалды қауіптен асып кетсе, бала емізу кезінде қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат бас айналуды тудыруы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралын басқару немесе қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы ескерту қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшеріне қатысты көрсетіледі.

Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Аугментин® препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет:

Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы

Инфекцияның ауырлығы мен орны

Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы.

Аугментин® препаратының альтернативті шығарылу түрлерін (мысалы, амоксициллиннің анағұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әр түрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) пайдалануды қажетіне қарай қарастыру керек.

Ересектер мен балалар > 40 кг ересектерге арналған Аугментин® препаратының дозасымен емделуге тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Салмағы 40 кг-нан аз балалар үшін Аугментин® препараты осы құрамы төменде ұсынылғандай енгізу кезінде 1000-2800 мг амоксициллин/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің анағұрлым жоғары тәуліктік дозасы талап етілсе, клавулан қышқылының тым жоғары тәуліктік дозасын енгізбеу үшін Аугментиннің® басқа препаратын таңдау ұсынылады.

˂ 40 кг балалар: балаларды суспензиялар немесе педиатриялық сашелер түрінде дәрілік шығарылу түрлерімен емдеуге болады.

Ұсынылатын дозалар:

тәулігіне 25 мг/ 3,6 мг/кг-нан тәулігіне 45 мг/ 6,4 мг/кг-ға дейін, екі бөлінген дозалар (тері және жұмсақ тіндер инфекциялары, сондай-ақ қайталанатын тонзиллит) түрінде алынатын;

күніне 70 мг/10 мг/кг-ға дейін, кейбір инфекциялар үшін екі бөлінген дозалар ретінде алынады (ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы, несеп шығару жолдары, сүйек және буын инфекциялары сияқты).

2 жасқа дейінгі балаларда күніне кг-ына 45 мг/ 6,4 мг қарағанда жоғары дозаларға қатысты амоксициллиннің клавулан қышқылына 7:1 қатынасымен Аугментин® препаратын қолдануды ұсыну үшін клиникалық деректер жеткіліксіз.

Аугментин® препараты 7:1 құрамы үшін 2 айға толмаған пациенттер үшін ешқандай деректер жоқ. Сондықтан пациенттердің осы тобында дозалау бойынша нұсқаулар жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Дозалау режимін түзету талап етілмейді, ересек пациенттердегідей дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттерге арналған тиісті дозалар тағайындалады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерде амоксициллиннің клавулан қышқылына қатынасы 7:1 Аугментин® препаратының дәрілік түрін қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету бойынша ешқандай нұсқаулар жоқ.

Енгізу жолы және тәсілі

Аугментин® препараты пероральді қолдануға арналған.

Аугментин® препараты потенциалды асқазан-ішектің жақпаушылығын барынша азайту үшін тамақтану кезінде қабылдаған жөн.

Қолданар алдында суспензияны дайындау жөніндегі нұсқаулық:

Суспензия алғашқы қолданардың тура алдында сұйылтылады.

Қолданар алдында қақпақтың тығыздығын тексеріңіз. Ұнтақты еріту үшін бөтелкені жақсылап шайқаңыз. Су қосыңыз (төменде көрсетілгендей).

Ұнтақты бөлме температурасына дейін салқындатылған 32 мл немесе 64 мл (тиісінше) қайнаған суда ерітіп, біртіндеп шайқап, құтыдағы белгіге дейін су қосу керек. Суспензияның дайын көлемі тиісінше 35 мл немесе 70 мл-ге тең. Құтыны төңкеру және толық ерігенше мұқият сілку керек. Дайындалған суспензия - ақ немесе ақ дерлік түсті; тұрған кезде ақ немесе ақ дерлік түсті тұнба баяу түзіледі.

Әр қолданар алдында құтыны жақсылап шайқау керек.

Препаратты дәл дозалау үшін өлшегіш қасықты немесе өлшегіш шприцті пайдалану керек, оларды әрбір қолданғаннан кейін сумен жақсылап шайып тастау қажет.

Суспензияның шағын көлемін, әсіресе 3 ай толмаған балаларда анағұрлым дәл дозалау үшін стандартты бір реттік медициналық шприцті пайдалану қажет.

2 жасқа дейінгі балаларды емдеу кезінде Аугментин® препаратының дайын суспензиясын жартылай сумен сұйылтуға болады (1:1).

Альтернатива ретінде, бөтелкені бөтелкедегі немесе жапсырмадағы сызықтан сәл төмен су құйыңыз. Төңкеріп, жақсылап шайқаңыз, содан кейін суды дәл сызыққа дейін құйыңыз. Төңкеріп, қайтадан жақсылап сілкіңіз.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс.

Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) анағұрлым ұзақ курсты қажет етуі мүмкін.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: асқазан-ішек бұзылыстары және су-электролит теңгерімінің бұзылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелетін амоксициллин кристаллуриясы сипатталған.

Аугментин® препаратын бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындаған кезде немесе жоғары дозаларды пайдаланған кезде құрысулар дамуы мүмкін.

Шұғыл ем шаралар: симптоматикалық терапия жүргізу, су-электролит теңгерімін түзету. Аугментин® препараты қаннан гемодиализ арқылы шығарылады.

Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз

Шығарылу түрі

Суспензияны дайындауға арналған ұнтақ ішкі лакпен қапталған, алғашқы ашылуының қорғанышымен бұрандалы алюминий қақпағы бар III типті мөлдір шыныдан жасалған және дозатор-қақпақшамен жабдықталған ПВХ немесе полиолефиннен жасалған полимер төсемесі бар құтыларға салынады.

Немесе суспензия дайындауға арналған ұнтақ балалардың ашып алуынан қорғалған бұрандалы қақпағы бар, тығыздығы жоғары полипропиленнен немесе полиэтиленнен жасалған және термо-тығыздағыш жарғақша бекітілген герметикалық төсемесі бар III типті мөлдір шыныдан жасалған құтыларға салынады.

Пластикалық өлшеуіш қасықпен немесе дозалағыш шприцпен жеткізілуі мүмкін.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайындалған суспензияны тоңазытқышта 2 °C-ден 8 °C-ге дейін сақтап, 7 күн ішінде пайдалану керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайындалған суспензияны тоңазытқышта 2 °C-ден 8 °C-ге дейін сақтап, 7 күн ішінде пайдалану керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайындалған суспензияны тоңазытқышта 2 °C-ден 8 °C-ге дейін сақтап, 7 күн ішінде пайдалану керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

35 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАугментин суспензиясы 400 мг / 57 мг / 5 мл 35 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube