Показания к применению
- аяқ-қол аймағындағы созылу, шығу және жабық жарақаттар (спорттық жарақат) салдарынан болған соғылу кезіндегі ауыру.
- аяқ-қол аймағындағы созылу, шығу және жабық жарақаттар (спорттық жарақат) салдарынан болған соғылу кезіндегі ауыру.
диклофенакқа немесе дәрілік препарат компоненттерінің (пропиленгликольге немесе бутилгидрокситолуолға) біріне жоғары сезімталдық
емдеуге ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) қолданылған демікпе ұстамаларын, есекжемді немесе жедел ринитті өткерген пациенттер
белсенді сатыдағы ойық жара ауруы
ашық жараларға, күйіктерде, тері инфекциялары немесе экземада пайдалану
жүктіліктің үшінші триместрі
18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Диклофенак-Тева бұласырын зақымданған (сызаттар, кесілген жаралар, күйіктер, экзема) немесе инфекция жұқтырған теріге, сондай-ақ шырышты қабықтарға және окклюзиялық таңғышпен қолдануға рұқсат етілмейді.
3 күннен ұзақ созылатын асқынуларда дәрігерге қаралған жөн.
Бұласырды бронх демікпесінен зардап шегетін, демікпе ұстамалары, есекжем немесе жедел ринит ацетилсалицил қышқылынан немесе басқа ҚҚСД туындаған пациенттер; бүйрек, жүрек немесе бауыр функциясының бұзылуы, сондай-ақ анамнезінде пептидтік ойық жарасы немесе ішек қабынуы немесе геморрагиялық диатезі бар пациенттер; егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Тері бөртпесі пайда болған кезде емдеу тоқтатылуы тиіс. Фотосезімталдық қаупін азайту үшін бұласыр алынғаннан кейін бір сағат ішінде өңделетін аймаққа тікелей күн сәулесінің немесе солярийдің әсерін болдырмау керек.
Бұласыр құрамында полипропилен және бутилгидрокситолуол бар. Полипропилен терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Бутилгидрокситолуол жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит), көздің және шырышты қабықтың тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін қандай да бір өзара әрекеттесулер белгісіз.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жастан кіші балаларды емдеу үшін ұсынылмайды, өйткені осы жас тобы үшін жеткілікті тәжірибе жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Диклофенак-Теваны пайдасы мен қаупін мұқият салыстырғаннан кейін жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде ғана пайдалануға болады.
Лактация кезеңі
Диклофенак пен оның метаболиттерінің ең аз мөлшері емшек сүтіне бөлінеді. Сәби үшін белгілі жағымсыз құбылыстардың болмауына байланысты препаратты қысқа мерзімді пайдалану кезінде емшек емізуді тоқтатудың қажеті жоқ. Дегенмен, Диклофенак бұласырын тікелей кеуде аймағына қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Осы уақытқа дейін қандай да бір өзара әрекеттесулер белгісіз.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жастан кіші балаларды емдеу үшін ұсынылмайды, өйткені осы жас тобы үшін жеткілікті тәжірибе жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Диклофенак-Теваны пайдасы мен қаупін мұқият салыстырғаннан кейін жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде ғана пайдалануға болады.
Лактация кезеңі
Диклофенак пен оның метаболиттерінің ең аз мөлшері емшек сүтіне бөлінеді. Сәби үшін белгілі жағымсыз құбылыстардың болмауына байланысты препаратты қысқа мерзімді пайдалану кезінде емшек емізуді тоқтатудың қажеті жоқ. Дегенмен, Диклофенак бұласырын тікелей кеуде аймағына қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектерде күніне 2 рет, таңертең және кешке.
Емдеу ұзақтығы
Әдетте, 1 апта ішінде қолдану жеткілікті.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде адамдар: дозаны түзету қажет емес.
Балалар: 18 жастан кіші балаларды емдеу үшін ұсынылмайды, өйткені осы жас тобы үшін жеткілікті тәжірибе жоқ.
Енгізу жолы және тәсілі
Теріге қолдану үшін. Тек сыртқа қолдану үшін! Ішке қабылдауға болмайды!
Бұласырлы пакетті таңбалау бойымен кесіңіз. Бұласырды суырып алыңыз және бекіту жүйесін басу арқылы пакетті мұқият жабыңыз. Қорғаныш үлбірді бұласырдың жабысқақ беткейінен алып тастаңыз. Бұласырды ауырып тұрған жерге жабыстырыңыз. Қажет болса, оны созылғыш торлы таңғышпен бекітуге болады. Бұласырды окклюзиялық таңғышпен қолдануға рұқсат етілмейді.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: препаратты жергілікті қолданғанда артық дозалану екіталай. Кездейсоқ ішке қабылдағанда гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, құрысулар, асқазан-ішек жолдарының тітіркенуі және тыныс алудың бәсеңдеуі сияқты асқынулар байқалуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік затты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.
Бұласырлар қағаз, тығыздығы төмен полиэтилен, алюминий, этилен және метакрил қышқылы кополимерінен жасалған дәнекерленген, қайтадан жабылатын пакетте 5 данадан. 1 немесе 2 пакет медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Ашылмаған қаптамада 24 ай. Қаптаманы ашқаннан кейін 4 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.