daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актау қаласындағы Дуовит Драже №40 | KRKA d.d., Novo mesto

Актау қаласындағы Дуовит Драже №40 | KRKA d.d., Novo mesto

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Қышқыл-тәтті дәмі бар, қызыл түсті қабықпен қапталған тегіс қатты драже (дәрумендер) және көгілдір түсті қабықпен қапталған тегіс қатты драже (минералдар).

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Қаптамадағы саны:

40 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дуовит® дәрумендер мен минералдар қажеттілігінің артуымен қатар жүретін жай-күйлерде профилактикалық дәрі ретінде қолданады:

- жоғары дене және жүйке-психикалық жүктемесінде

- спорттың белсенді түрлерімен айналысқанда

- тұрақсыз, толыққанды емес тамақтану немесе бір текті тамақтану рационында

- тағамның жеткіліксіз конверсиясында (егде адамдарда, темекі тартатын және алкоголді артық мөлшерде тұтынатын адамдар)

- тамақтану тәртібінің дұрыс болмауында (ең бастысы, фаст-фудпен тамақтану, құрғақтай жеу, көпшілік асханаларында тамақтану кезінде)

- тамақтанудың шектеулі тәртібінде (дене салмағының төмендеуі, диабет және т.б.)

- жас көкөністер мен жемістер тапшылығы кезеңдерінде

- ауруды өткергеннен кейінгі сауығу кезеңінде

- минералдарды көп жоғалтқанда (құсу, диарея, етеккірдің қарқынды келуі, тердің көп бөлінуі)

Қарсы көрсеткіштер

- әсер ететін затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- А және D гипервитаминозы

- бүйрек жеткіліксіздігі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Өзара әрекеттесуі

Препаратты бір мезгілде тетрациклинді антибиотик антацидтермен қабылдау ұсынылмайды. Оларды бір мезгілде қабылдау салдарынан минералдар мен тетрациклиндердің сіңірілуі төмендейді. Кейбір антацидтер минералдардың сіңірілуін төмендетеді. Егер емдеуде мұндай препараттарды бір мезгілде қабылдау қарастырылған болса, Дуовит® пен тетрациклинді антибиотиктер/антацидтерді қабылдау арасында кем дегенде 3 ай аралықты сақтау қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер күніне 1 рет қызыл түсті 1 драже және көгілдір түсті 1 драже қабылдау ұсынылады.

Енгізу әдісі және жолы

Дуовит® дражесін таңертеңгі астан кейін қабылдау ұсынылады.

Дражені судың аздаған мөлшерімен іше отырып, бүтіндей жұту керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 1 айға дейін. Одан кейінгі емдеу үзілістен кейін (1 айдан 3 айға дейін) немесе дәрігердің ұсынымы бойынша жүргізілуі мүмкін.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдары: әлсіздік, анорексия, жүрек айну, құсу, диарея, салмақ жоғалту, қызба және құрысулар (өте үлкен дозаны ұзақ қабылдағанда болуы ықтимал А гипервитаминозы симптомдары), бас ауыру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, жүрек айну, құсу, ұйқышылдық, жарықтан жасқану және құрысулар (өте үлкен дозаны ұзақ қабылдағанда болуы ықтимал D гипервитаминозы симптомдары)

Емі: белсендірілген көмір, асқазанды шаю; қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізеді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.

Шығарылу түрі

10 дражеден (қызыл түсті 5 драже дәрумендермен және көгілдір түсті 5 драже минералдармен) поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті/поливинил-хлоридті (ПВХ/ПВДХ/ПВХ) және үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДуовит драже №40 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube