Показания к применению
- жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары қабыну ауруларының кешенді емінде қақырық түсіретін дәрі ретінде
- жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары қабыну ауруларының кешенді емінде қақырық түсіретін дәрі ретінде
- айұрық жапырақтары экстрактісіне, Аралия тұқымдастарының өсімдіктеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- тыныс алу жолдары тарапынан симптомдардың күшею қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы
Құрамында сапониндер болуына байланысты препарат асқазан шырышты қабығын тітіркендіретін басқа дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін.
ГЕЛИСАЛды орталықтық әсер ететін жөтелге қарсы дәрілік препараттармен (мысалы, кодеинмен немесе декстрометорфанмен) бір мезгілде тағайындауға болмайды, өйткені соңғысы қақырықтың түсуін қиындатады.
Арнайы ескертулер
Диабетпен ауыратындар үшін ақпарат
Шәрбаттың құрамында қант жоқ және оны диабетпен ауыратын пациенттер қолдана алады.
Препарат құрамында кристалданбайтын сұйық сорбитол (E420) бар.
5 мл препарат құрамында 4,2 г кристалданбайтын сұйық сорбитол (E420) бар, ол 2,94 г сорбитке сәйкес келеді және 0,245 нан бірлігіне (НБ) сәйкес келеді.
Препарат тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттермен қабылданбауы тиіс.
Педиатрияда қолдану
2 жастан кіші балаларды емдеу үшін қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдай» бөлімін қараңыз).
Жөтелдің ұзақ немесе қайталанатын көріністері бар 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар препаратты қабылдау алдында диагноз қою мақсатында дәрігерден кеңес алуы керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты қолдану қауіпсіздігі бойынша жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондай-ақ, препараттың шаранаға әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
100 мл шәрбаттан адаптері бар, балалардың құтыны ашып алуына кедергі келтіретін кепіл сақинасы және қауіпсіздік құрылғысы бар бұрандалы полиэтилен қақпақпен тығындалған қоңыр ПЭТ-құтыларда.
Құтыға заттаңба жапсырылады.
Бір құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен (қосымша парақ) бірге және пероральді енгізуге арналған шприц-дозатормен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Қаптамасын алғаш ашқаннан кейін құтыны 6 ай ішінде пайдалану қажет.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от