daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актау қаласындағы Эксиджад Дисперсті Таблеткалар 500 Мг №28 | Sandoz S.R.L.

Актау қаласындағы Эксиджад Дисперсті Таблеткалар 500 Мг №28 | Sandoz S.R.L.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage

Международное наименование:

Деферазирокс

Производитель:

Sandoz S.R.L.

Страна производитель:

Румыния

Действующее вещество:

қосымша заттар: кроспидон, лактоза моногидраты (200 меш), лактоза моногидраты (бүркумен кептірілген), микрокристалды целлюлоза, повидон (K30), натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. Сипаттамасы Ақтан сәл сары түске дейінгі, беті тегіс, дөңгелек пішінді, бір жақ бетінде кертігі, «J 250» өрнегі (250 мг доза үшін) және «J 500» (500 мг доза үшін) өрнегі және басқа жақ бетінде «NVR» өрнегі бар таблеткалар.

Дозировка активного вещества:

500 мг

Количество в упаковке:

28 шт

Инструкция

Показания к применению

- айқын бета-талассемиясы бар, 6 жастағы және одан үлкен пациенттерде гемотрансфузия (айына > 7 мл/кг эритроциттік масса) нәтижесінде болған темірдің созылмалы артық жүктемесін емдеу үшін.

- егер дефероксаминмен емдеу қайшы келсе немесе адекватты болмаса, пациенттердің келесі топтарында гемотрансфузия нәтижесінде темірдің созылмалы артық жүктемесін емдеу үшін:

жиі емес гемотрансфузия (айына > 7 мл/кг эритроцитарлы масса)

себебінен темірдің артық жүктемесі бар, бета-талассемиясы айқын 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларда;

жиі гемотрансфузия (айына <7 мл/кг эритроцитарлы масса) бойынша темірдің артық жүктемесі бар, бета-талассемиясы айқын ересектерде және 2 жастағы және одан үлкен балаларда;

басқа да анемиялары бар ересектерде және 2 жастағы және одан үлкен балаларда.

- егер трансфузияға тәуелді емес талассемия синдромдары бар 10 жастағы және одан үлкен пациенттерде дефероксаминмен емдеу қайшы келсе немесе адекватты болмаса, хелаттық емді қажет ететін, темірдің созылмалы артық жүктемесін емдеу үшін.

Противопоказания

әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша затының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

темірдің басқа да хелаторларымен емдеу, өйткені осындай біріктірілімнің қауіпсіздігі анықталған жоқ

анықталған креатинин клиренсі <60 мл/мин пациенттер

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

жоғары қауіпті миелодиспластикалық синдромы (МДС) бар пациенттер және аурудың тез өршуіне байланысты хелатотерапиядан пайда күтілмейтін басқа гематологиялық және гематологиялық емес қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттер

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Темір-хелаторлық терапияны тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде әрбір жеке пациент үшін қауіп және пайда арақатынасын ескеру қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі, ықтимал өлімге әкелетін асқазан-ішектен қан кету және өлім сияқты құбылыстар Эксиджад® препаратын қабылдаған жас пациенттерге қарағанда миелодиспластикалық синдромы (МДС) бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде жиі кездеседі. Бұл құбылыстар жас пациенттерге қарағанда пациенттердің аталған топтарында жиі кездесетіндіктен, Эксиджад® препаратымен себеп-салдарлық байланыс орнату қиын. Бұл пациенттер үшін қауіп-пайда арақатынасы хелатотерапия басталғанға дейін мұқият қарастырылуы тиіс. МДС нұсқауларына сәйкес темір хелаторымен емдеу тек МДС қаупі салыстырмалы түрде төмен және өмір сүру ұзақтығы 1 жылдан асатын тұрақты қан құюды қажет ететін пациенттерге ұсынылады.

Эксиджад® препаратын туа біткен глюкуронизация бұзылыстары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек функциясы

Деферазирокс жасқа сәйкес келетін қалыпты ауқымдағы сарысу креатинині бастапқы деңгейде болатын пациенттерде ғана зерттелді.

Сарысу креатининінің жоғарылауының себептері анықталған жоқ. Бүйрек функциясын төмендететін дәрілік препараттармен қатарласа ем қабылдап жүрген пациенттерде, және деферазирокс препаратының жоғары дозаларын қабылдап жүрген және/немесе трансфузия деңгейлері төмен (ересек пациент үшін эритроцитарлық массасы айына < 7 мл/кг немесе айына < 2 бірлік) пациенттерде сарысу креатиніне мониторинг жүргізуге ерекше көңіл бөлген жөн. Клиникалық зерттеулерде ұсақталатын Эксиджад® таблеткасының дозасын 30 мг/кг жоғары дозаға дейін арттырғаннан кейін, бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстардың артуы байқалмаса да, ұсақталатын Эксиджад® таблеткасын 30 мг/кг жоғары дозаларда қабылдағанда бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстардың жоғары қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Емдеуді бастар алдында сарысу креатинінің деңгейіне екі рет баға беру ұсынылады. Емдеуді бастағанға дейін, емдеуді бастағаннан кейін немесе Эксиджад® препаратының дозасын өзгерткеннен кейін алғашқы ай ішінде апта сайын сарысулық креатининді, креатинин клиренсін (ересектерде Cockcroft-Gault немесе MDRD формуласы бойынша және балаларда Шварц формуласы бойынша есептелген) және/немесе С цистатиннің плазмалық деңгейлерін бақылау керек. Бүйрек тарапынан жағдайлары бар пациенттерде және бүйрек функциясын төмендететін препараттарды қабылдайтын пациенттерде асқынулар қаупі жоғарылауы мүмкін. Пациенттерде диарея немесе құсу дамыған кезде сақтық танытқан және адекватты сұйықтық режимін сақтаған жөн.

Нарыққа шыққаннан кейін деферазирокс препаратымен емдеген кезде метаболизмдік ацидоздың дамығаны туралы мәлімдемелер алынды. Осы пациенттердің негізгі санында бүйрек тарапынан бұзылулар, бүйректік тубулопатия (Фанкони синдромы) немесе диарея немесе қышқыл-сілтілік теңгерімнің бұзылулары белгілі асқыну болып табылатын жағдайлар байқалды. Осы популяцияда қышқыл-сілтілік теңгерімді клиникалық көрсетілімдері бойынша бақылауды жүзеге асыру керек. Метаболизмдік ацидоз дамыған пациенттерде Эксиджад® препаратымен емдеуді үзу туралы мәселені қарастырған жөн.

Эксиджад® препаратын қабылдайтын пациенттерде, әсіресе балаларда гипераммонемиялық энцефалопатия контекстіндегі сананың өзгеруіне байланысты бүйрек тубулопатиясының ауыр түрлерінің (мысалы, Фанкони синдромы) және бүйрек жеткіліксіздігінің маркетингтен кейінгі жағдайлары байқалды. Эксиджад® препаратымен емдеген кезде психикалық статустың түсініксіз өзгерулері дамитын пациенттерде гипераммонемиялық энцефалопатияны және өлшенетін аммиак деңгейлерін ескеру ұсынылады.

3-кесте. Бүйрек функциясының мониторингінде дозаны түзету және емдеуді үзу

Емдеу нақты клиникалық жағдайларға байланысты қайта жаңғыртылуы мүмкін.

Дозаны төмендету немесе үзу туралы мәселе де бүйрек өзекшелері функциясының маркерлері деңгейінде дамығанда және/немесе клиникалық көрсетілімдері бойынша қарастырылуы мүмкін:

Протеинурия (талдау емдеуді бастағанға дейін және кейіннен ай сайын жасалуы тиіс)

Диабетсіз пациенттерде глюкозурия және калийдің, фосфаттың, магнийдің немесе сарысу уратының төмен деңгейлері, фосфатурия, аминоацидурия (қажет болғанда мониторинг).

Бүйректік тубулопатия көбінесе Эксиджад® препаратын қабылдаған, бета-талассемиясы бар балалар мен жасөспірімдерде білінді.

Пациенттер келесі жағдайлар дамыған кезде, дозаны төмендетуге және емдеуді үзуге қарамастан, нефрологқа жіберілуі тиіс, және әрі қарай мамандандырылған тексеру жүргізу (мысалы, бүйрек биопсиясы) туралы мәселені қарастыруы керек.

Сарысу креатининінің едәуір жоғарылауының сақталуы

Бүйрек функциясының басқа көрсеткіштерінің сақталған ауытқулары (мысалы, протеинурия, Фанкони синдромы)

Бауыр функциясы

Функционалдық бауыр сынамасының жоғарылауы деферазирокс препаратын қабылдаған пациенттерде байқалды. Нарыққа шығарылғаннан кейін бауыр функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары білінді, олардың кейбіреуі өліммен аяқталды. Эксиджад® препаратымен емделген пациенттерде, әсіресе балаларда гипераммонемиялық энцефалопатия контекстінде сананың өзгеруіне байланысты ауыр формалар пайда болуы мүмкін. Эксиджад® препаратымен емдеген кезде психикалық статустың түсініксіз өзгерулері дамитын пациенттерде гипераммонемиялық энцефалопатияны және өлшенетін аммиак деңгейлерін ескеру ұсынылады. Сусыздану проблемалары бар пациенттерде (мысалы, диарея немесе құсу), әсіресе аурудың өткір кезеңіндегі балаларда адекватты гидратацияны сақтау керек. Бауыр функциясының бұзылулары туралы мәлімдемелердің көпшілігі, бауырдың созылмалы ауруы (оған қоса цирроз және С гепатиті) және көптеген орган жеткіліксіздігі барларды қоса, елеулі аурулары бар пациенттерге қатысты болды. Дегенмен, деферазирокс препаратының ықпал етуші немесе қоздырушы фактор ретіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды.

Емдеуді бастағанға дейін, алғашқы ай ішінде 2 апта сайын және кейіннен ай сайын сарысулық трансаминазалар, билирубин және сілтілік фосфатаза деңгейлеріне баға беру ұсынылады. Егер басқа себептермен байланысты болуы мүмкін емес трансаминазалар деңгейлерінің тұрақты және үдемелі жоғарылауы байқалса, Эксиджад® препаратымен емдеу доғарылуы тиіс. Функциональді бауыр сынамаларының ауытқу себептері айқындалғаннан кейін немесе деңгейлері қалыпқа келгеннен кейін емдеуді өте төмен дозада сақтықпен қайта жаңғырту, кейіннен дозаны біртіндеп арттыру қарастырылуы мүмкін.

Бауыр функциясы ауыр бұзылған (Чайлд-Пью бойынша С класы) пациенттерде Эксиджад® препаратын қолдану ұсынылмайды.

4-кесте. Қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу нұсқаулары бойынша қорытынды

Взаимодействие

Деферазирокс препаратының темірдің басқа да хелаторларымен біріктірілімінің қауіпсіздігі анықталған жоқ. Осылайша, препаратты темірдің басқа да хелаторларымен біріктірмеген жөн.

Тамақпен өзара әрекеттесуі

Тамақпен бірге қабылдаған кезде деферазирокстың биожетімділігі әртүрлі дәрежеде өсті. Сондықтан Эксиджад® препаратын аш қарынға, тамақтанудан кемінде 30 минут бұрын, дұрысы күн сайын бір уақытта қабылдау қажет.

Эксиджад® препаратының жүйелі экспозициясын төмендетуге қабілетті препараттар

Эксиджад® препаратының метаболизмі УДФ ферменттерімен жүзеге асырылады. Эксиджад® препаратын (30 мг/кг бір реттік доза) және күшті УДФ-глюкуронилтрансфераза рифампицин индукторын (тәулігіне 600 мг қайталама доза) бір мезгілде қолдану деферазирокс экспозициясының 44% (90% ci: 37% - 51%) төмендеуіне әкеледі. Эксиджад® препаратын күшті УДФ-глюкуронилтрансфераза индукторларымен (рифампицин, фенитоин, фенобарбитал, ритонавир) бір мезгілде қолдану Эксиджад® препаратының тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Пациенттерде сарысу ферритинінің мониторингін біріктірілген терапияға дейін және кезінде жүзеге асыру және қажет болғанда Эксиджад® препаратының дозасын түзетуді жүргізу қажет.

Холестирамин энтерогепатиялық цикл дәрежесін анықтау үшін әсер ету механизміне жүргізілген зерттеулерде деферазирокстің әсер ету деңгейінің едәуір төмендеуіне әкелді.

Мидазоламмен және CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа да препараттарымен өзара әрекеттесуі

Эксиджад® препаратын және мидазоламды (CYP3A4 субстраты) бір мезгілде қолдану мидазолам экспозициясының 17% төмендеуіне әкеледі (90% СА: 8% - 26%). Тиімділіктің ықтимал төмендеуіне байланысты деферазироксты CYP3A4 арқылы метаболизденетін заттармен (мысалы, циклоспорин, симвастатин, ұрықтануға қарсы гормоналды дәрілер, бепридил, эрготамин) абайлап біріктіру керек.

Репаглинидпен және CYP2C8 арқылы метаболизденетін басқа да препараттарымен өзара әрекеттесуі

Эксиджад® препаратын (тәулігіне 30 мг/кг қайталама доза) CYP2C8 репаглинид субстратымен (0,5 мг бір реттік доза) бір мезгілде қолдану репаглинидтің AUC және C max тиісінше 2,3 есе (90% СА: 2,03-2,63) және 1,6 есе (90% СА:1,42-1,84) арттырады. Репаглинидтің 0,5 мг-ден жоғары дозалары үшін өзара әрекеттесу анықталмағандықтан, Эксиджад® препаратын репаглинидпен бірге қолдануға жол бермеу керек. Егер бұл біріктірілімді қолдану қажет болса, глюкоза деңгейін мұқият бақылау керек. Деферазирокс пен паклитаксел сияқты басқа CYP2C8 субстраттары арасындағы өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды.

Теофиллинмен және CYP1A2 арқылы метаболизденетін басқа да препараттарымен өзара әрекеттесуі

Эксиджад® препаратын (тәулігіне 30 мг/кг қайталама доза) және теофиллиннің CYP1A2 субстратын (120 мг бір реттік доза) бір мезгілде қолдану теофиллиннің AUC 84% (90% СА: 73% - 95%) ұлғаюына әкеледі. Бір реттік дозаны қабылдаған кезде C max көрсеткіші өзгерген жоқ, бірақ ұзақ дозалау кезінде C max теофиллин көрсеткіші артады деп күтілуде. Осылайша, деферазирокс препаратын және теофиллинді бірге қолдану ұсынылмайды. Эксиджад® препаратын және теофиллинді бір мезгілде қолданғанда теофиллин концентрациясын бақылап, оның дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек. Деферазирокс пен басқа CYP1A2 субстраттарының өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды. Көбінесе CYP1A2 метаболизденетін және емдік индексі ауқымды емес заттар (мысалы, клозапин, тизанидин) үшін теофиллиндегі сияқты сол нұсқаулар қолданылады.

Басқа да ақпарат

Эксиджад® препаратын және құрамында алюминий бар антацидтік препараттармен бір мезгілде қолдану жеткілікті зерттелмеген. Деферазирокс темірге қарағанда алюминийге жақындығы төмен болса да, құрамында алюминий бар антацидтік препараттармен бірге Эксиджад® препаратының таблеткаларын қабылдау ұсынылмайды.

Эксиджад® препаратын ҚҚСП (жоғары дозада ацетилсалицил қышқылын қоса), кортикостероидтар немесе ауызша бисфосфонаттар сияқты белгілі ульцерогендік потенциалы бар препараттармен бір мезгілде қолдану және антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде Эксиджад® препаратын қолдану асқазан-ішек жолдарының бұзылу қаупін арттыруы мүмкін. Деферазирокс препаратын антикоагулянттармен бірге қолдану да асқазан-ішектік қан кетулер қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Деферазирокс препаратын осы заттармен біріктіріп қолданғанда мұқият клиникалық бақылау ұсынылады.

Деферазирокс препараты және бусульфанды бірге қолдану бусульфан әсерінің (AUC) артуына әкеледі, бірақ өзара әрекеттесу механизмі айқын емес күйінде қалады. Мүмкін болса, дозаны реттеуге (түзетуге) мүмкіндік беру үшін бусульфанның сынақ дозасының фармакокинетикасын (AUC, клиренсі) бағалау қажет.

Арнайы ескертулер

Лактоза мөлшері

Ұсақталатын таблеткаларда лактоза бар.

Эксиджад® препаратын тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы немесе ауыр лактаза тапшылығы бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

Туғаннан бастап 23 айлыққа дейінгі балаларда Эксиджад® препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Деферазирокстың жүктілік барысына әсері туралы клиникалық деректер жоқ. Сақтық шарасы ретінде, егер бұл үшін өмірлік маңызды көрсеткіштер болмаса, жүктілік кезінде Эксиджад® препаратын қолдану ұсынылмайды.

Деферазирокс адамның ана сүтіне бөлінетіні белгісіз. Эксиджад® препаратын қабылдау кезінде емшек емізу ұсынылмайды.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер

Эксиджад® препараты гормональді контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бала тууға қабілетті әйелдерге Эксиджад® препаратын қолданған кезде контрацепцияның қосымша немесе баламалы гормональді емес әдістерді қолдану ұсынылады.

Фертильділік

Адамда фертильділігі жөнінде деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Эксиджад® препаратының автокөлікті және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсері бойынша зерттеулер жүргізілмеген. Ерекше қолайсыз әсерге, бас айналуға ұшыраған пациенттер автокөлікті және басқа механизмдерді басқарудан бас тарта тұруы тиіс.

Рекомендации по применению

Эксиджад препаратымен емдеуді темірдің созылмалы артық жүктемесін емдеу тәжірибесі бар дәрігер бастауы және жүзеге асыруы тиіс.

Дозалау режимі

Дозалары

Темірдің трансфузиялық шамадан тыс жүктелуі

Эритроциттік массаның шамамен 20 бірлігін (≈ 100 мл/кг) трансфузиядан кейін немесе клиникалық бақылауда темірдің созылмалы шамадан тыс жүктелу белгілері болған кезде (мысалы, қан сарысуындағы ферритин концентрациясы >1000 мкг/л) емдеуді бастау ұсынылады. Дозалар (мг/кг) есептелуі және тұтас таблеткаға жуық дөңгелектеп алынуы тиіс.

Темір хелаторларымен емдеудің мақсаты трансфузиялар кезінде түскен темірдің мөлшерін жою және, егер қажет болса, бұрыннан бар темір жүктемесін төмендету болып табылады.

Хелаттық емдеуде пациенттерде шамадан тыс хелаттану қаупін төмендету үшін сақтық таныту керек. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткадан ұсақталатын таблеткаға ауысқан кезде ұсақталатын таблетканың дозасы үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалардың дозасынан 40% жоғары болуы, және тұтас таблеткаға жуық дөңгелектеп алынуы тиіс.

Екі дәрілік түр үшін тиісті дозалар төмендегі кестеде берілген.

1-кесте. Темірдің трансфузиялық артық жүктемесінде ұсынылатын дозалар

Форма выпуска

7 таблеткадан PVC/PE/PVDC (триплекс) немесе PA/AL/PVC (алюминий) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Ылғалдан қорғалған жерде 30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаэксиджад дисперсті таблеткалар 500 мг №28 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube