Қолдану көрсеткіштері
Ересектер (18 жас шамасындағы және одан үлкен)
Ревматоидтық артритте:
- метотрексатпен біріктірілген Энбрел Лио препараты ересек пациенттерде, метотрексатты қоса ауруды-модификациялайтын, ревматизмге қарсы базистік препараттарға (АМРҚБП) жауап жеткіліксіз болған (қарсы көрсетілімдері болмаған) жағдайда, ревматоидтық артриттің орташа және ауыр дәрежедегі белсенді түрін емдеу үшін қолданылады.
- метотрексат жақпайтын, немесе метотрексатпен емдеуді жалғастыру талапқа сай болмаған жағдайда, Энбрел Лионы монотерапия түрінде тағайындауға болады.
- сонымен қатар Энбрел Лио бұрын метотрексатпен ем қабылдамаған ересектерде ауыр, белсенді және үдемелі ревматоидтық артритті емдеу үшін де қолданылады.