daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актау қаласындағы Клотримазол - Тева Кремі 1% 30 Г | «Меркле ГмбХ»

Актау қаласындағы Клотримазол - Тева Кремі 1% 30 Г | «Меркле ГмбХ»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ біртекті крем Шығарылу түрі және қаптамасы 30 г кремнен полиэтилен бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Халықаралық атауы:

Клотримазол

Өндіруші:

«Меркле ГмбХ»

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бензил спирті, сорбитан стеараты, полисорбат 60 (Твин 60), цетил пальмитаты, цетилстеарил спирті, 2-октил-додеканол (эутанол G), тазартылған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ біртекті крем Шығарылу түрі және қаптамасы 30 г кремнен полиэтилен бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Белсенді заттың дозасы:

1%

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат жергілікті емдеуге арналған:

өңезді және басқа зеңдер туындатқан дерматомикоздардың барлық түрлері (мысалы, Trichophyton түрлері)

ашытқылар туындатқан дерматомикоздардың барлық түрлері (Candida түрлері)

аталған зеңдермен екіншілік инфекция жұқтырған тері аурулары,

жөргектен болған кандидозды бөртпе, вульвит және баланит

Қарсы көрсеткіштер

- препаратқа немесе басқа компоненттерге, оның ішінде цетостеарил спиртіне жоғары сезімталдық

- кремді тырнақтың немесе бас терісінің инфекциясын емдеу үшін қолдануға болмайды

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Клотримазол-Тева препаратын көздің айналасына қолдануға болмайды. Көзге тигізуге болмайды!

Өзара әрекеттесуі

Препарат латексті конрацептивтерді зақымдай отырып және олардың контрацептивтік қабілетін төмендете отырып, теріс әсер етуі мүмкін. Пациенттер Клотримазол-Тева препаратымен емдеу курсы аяқталғаннан кейін кемінде бес күн бойы контрацепцияның баламалы әдістерін пайдалануы тиіс.

Арнайы ескертулер

Теріге жергілікті қолданғанда клотримазол әдетте жақсы төзімді, бірақ кейде терінің тітіркенуі сияқты жергілікті реакциялар пайда болуы мүмкін. Егер емделушіде имидазол туындылары сияқты зеңге қарсы басқа препараттарға аллергиясы болса, клотримазолға айқаспалы аллергия болуы мүмкін. Аллергиялық реакциялар, терінің тітіркенуі немесе жоғары сезімталдық пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату керек.

Барлық ықтимал жұқтырған тері аймақтарын бір уақытта емдеу керек.

Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).

Препарат құрамында бензил спирті бар, ол аллергиялық реакцияларды және жеңіл жергілікті тітіркенуді тудыруы мүмкін.

Көзге тиюден аулақ керек!

Жұтуға болмайды!

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдердің Клотримазол-Теваны пайдалануы туралы деректердің саны шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеу репродуктивті уыттылыққа байланысты тікелей немесе жанама зиянды әсерлерді көрсетпеді. Сақтық шарасы ретінде Клотримазол-Теваны жүктіліктің бірінші триместрінде пайдаланудан аулақ болған жөн.

Жануарларға арналған фармакодинамикалық/ токсикологиялық деректер клотримазолдың/ метаболиттердің сүтке бөлінетінін көрсетті. Клотримазол-Тевамен емдеу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Клотримазол-Тева кремі көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.

Шығарылу түрі

30 г кремнен полиэтилен бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Салмағы

30 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКлотримазол - Тева кремі 1% 30 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube