daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актау қаласындағы Лориста Таблеткалары 50 Мг №84 | KRKA d.d., Novo mesto

Актау қаласындағы Лориста Таблеткалары 50 Мг №84 | KRKA d.d., Novo mesto

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті сәл дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар сопақша пішінді таблеткалар (25 мг доза үшін). Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті сәл дөңес, бір жақ бетінде сызығы және кертігі бар дөңгелек пішінді таблеткалар (50 мг доза үшін). Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті сәл дөңес, сопақша пішінді таблеткалар (100 мг доза үшін).

Международное наименование:

Лозартан

Производитель:

KRKA d.d., Novo mesto

Страна производитель:

Республика Словения

Действующее вещество:

қосымша заттар: целлактоза (лактоза моногидраты және целлюлоза ұнтағы), желатинделген крахмал, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза, тальк, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171) (25 мг, 50 мг, 100 мг дозалар үшін), хинолинді сары (Е104) (25 мг доза үшін)

Дозировка активного вещества:

50 мг

Количество в упаковке:

84 шт.
...loading

Инструкция

Показания к применению

- ересектерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін

- артериялық гипертензиясы және протеинуриясы тәулігіне ≥0,5 г болатын 2-типті қант диабеті бар ересек пациенттерде бүйрек ауруларын, гипотензивті емнің бір бөлігі ретінде, емдеу үшін

- жүректің созылмалы жеткіліксіздігін (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤40%, клиникалық тұрғыдан тұрақты жағдай) ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін, әсіресе жөтел дамығанда, оның жағымсыз болуы себебінен қолдану мүмкін емес деп саналғанда, немесе оларды тағайындауға болмайтын жағдайда емдеу үшін

- артериялық гипертензиясы және ЭКГ-мен айғақталған сол жақ қарынша гипертрофиясы бар ересек пациенттерде инсульттің даму қаупін төмендету үшін

Противопоказания

әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

қант диабеті бар пациенттерде алискиренмен бірге қолдану

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Взаимодействие

Гипертензияға қарсы басқа препараттар лозартанның гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Жағымсыз реакциялар ретінде артериялық гипотензияның пайда болуын индукциялауы мүмкін басқа препараттармен (мысалы, үшциклді антидепрессанттар, психозға қарсы дәрілер, баклофен және амифостин) бір мезгілде қолдану гипотензияның туындау қаупін арттыруы мүмкін.

Лозартан көбіне Р450 (CYP) 2С9 цитохромы жүйесінің қатысуымен белсенді карбоксиқышқыл метаболитке дейін метаболизденеді. Флуконазолдың (CYP2С9 тежегіші) белсенді метаболиттің экспозициясын шамамен 50%-ға азайтатыны анықталды. Сондай-ақ лозартанмен және рифампицинмен (ферменттер метаболизмінің индукторы) бір мезгілде емдеу белсенді метаболиттің плазмалық концентрациясының 40%-ға төмендеуіне әкелетіні анықталды. Осы әсердің клиникалық маңызы белгісіз. Флувастатинмен (CYP2С9 әлсіз тежегіші) бірге емдегенде әсерінде ешқандай айырмашылықтар байқалған жоқ.

Ангиотензин II-ні немесе оның әсерлерін бөгейтін басқа дәрілік заттарды қолданған кездегі сияқты, құрамында калий бар (мысалы, калий сақтайтын диуретиктер: амилорид, триамтерен, спиронолактон), немесе калий деңгейін арттыруы мүмкін басқа препараттарды (мысалы, гепарин), сондай-ақ калий қоспаларын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды бір мезгілде пайдалану қан плазмасындағы калий деңгейінің артуына әкелуі мүмкін. Біріктіріп қолдану қолайлы емес.

Литийді АӨФ тежегіштерімен, және өте сирек жағдайларда ангиотензин ІІ рецепторының антагонистерімен қатар қабылдау кезінде қан плазмасында литий концентрацияларының қайтымды жоғарылағаны білінді. Литийді және лозартанды бірге қолданғанда сақтық танытқан жөн. Егер мұндай біріктірілімді қолдану қажет болса, қатар қолдану барысында қан плазмасындағы литий деңгейін бақылау ұсынылады.

Ангиотензин ІІ антагонистерін қабынуға қарсы стероидты емес заттармен (яғни, ЦОГ-2 селективті тежегіштерімен, қабынуға қарсы әсер ететін дозалардағы ацетилсалицил қышқылымен, және қабынуға қарсы стероидты емес селективті емес дәрілермен) бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсері азаюы мүмкін. Ангиотензин ІІ антагонистерін және диуретиктерді немесе қабынуға қарсы стероидты емес заттарды бірге қолдану, әсіресе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде, бүйрек функциясының ықтимал жедел жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының нашарлау қаупінің ұлғаюына, сондай-ақ қан плазмасындағы калий деңгейінің артуына әкеп соғуы мүмкін. Мұндай біріктірілім әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс. Пациенттер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы тиіс, және біріктіріп емдеуді бастағаннан кейін, сондай-ақ одан кейін мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын тиянақты бақылау қажет.

Қосарлы блокаданы (мысалы, АӨФ тежегішін ангиотензин II рецепторларының антагонисімен бірге қолдану), бүйрек функциясына тиянақты мониторинг жүргізумен бірге, әрбір жағдайды жекелей қарастыра отырып, шектеген жөн. Кейбір зерттеулер, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпалын тигізетін бір препаратты қолданумен салыстырғанда, атеросклероз ауруы, жүрек жеткіліксіздігі немесе негізгі нысана - ағзаны зақымдайтын диабет диагнозы қойылған пациенттерде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы артериялық гипотензияның, естен танудың, гиперкалиемияның және бүйрек функциясы бұзылуының (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) пайда болуының жоғары жиілігімен астасатындығын көрсетті.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы

РААЖ блокаторының біреуін пайдаланумен салыстырғанда, АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану арқылы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы гипотензия, гиперкалиемия, және бүйрек функциясының төмендеуі (соның ішінде бүйректің жедел жеткіліксіздігі) сияқты жағымсыз әсерлердің өте жоғары жиілігімен байланысты болатындығы анықталды.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектерге

Ішке, тамақ ішуге қарамай қабылдайды. Таблетканы шайнамай, стакан сумен ішіп, жұтады. Қабылдау жиілігі – тәулігіне 1 рет.

Артериялық гипертензия

Көптеген пациенттер үшін бастапқы және демеуші доза тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Емдеуді бастағаннан кейін 3 аптадан бастап 6 аптаға дейін гипертензияға қарсы ең жоғары әсерге қол жеткізіледі.

Кейбір пациенттерде препарат дозасын тәулігіне бір рет (таңертең) 100 мг-ге дейін арттыру қажет болуы мүмкін.

Артериялық гипертензия протеинуриясы күніне ≥0,5 г болатын ІІ типті қант диабеті бар пациенттерде

Әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Емдеуді бастағаннан кейін бір айдан соң доза артериялық қысымның нәтижелерінің негізінде тәулігіне бір рет 100 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Лозартанды гипертензияға қарсы басқа препараттармен (мысалы, диуретиктермен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, альфа- немесе бета- блокаторларымен және орталық әсері бар препараттармен) қатар, сондай-ақ инсулинмен және басқа да кеңінен қолданылатын гипогликемиялық препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина, глитазондар, глюкозидаза тежегіштері) бірге қолдануға болады.

Жүрек жеткіліксіздігі

Лориста® препаратының бастапқы дозасы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тәулігіне бір рет қабылданатын 12,5 мг құрайды. Әдетте пациенттерге жағымдылығы жақсы, тәулігіне 50 мг демеуші дозаға жеткізу үшін препарат дозасын 12,5 мг-ден бір апталық аралықпен (яғни тәулігіне 12,5 мг, тәулігіне 25 мг, тәулігіне 50 мг, тәулігіне 100 мг дозаны тәулігіне бір реттік 150 мг ең жоғары дозаға дейін) біртіндеп арттыру қажет.

АӨФ тежегіштерін қолданған кезде жағдайы тұрақтанған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді лозартанмен емдеуге ауыстырмаған жөн.

Артериялық гипертензиясы және ЭКГ-мен айғақталған сол жақ қарынша гипертрофиясы бар ересек пациенттерде инсульттің даму қаупін төмендету

Әдеттегі бастапқы доза тәулігіне бір рет 50 мг лозартанды құрайды. Артериялық қысым көрсеткіштерінің негізінде гидрохлортиазидтің төмен дозасы қосылуы мүмкін және/немесе дозаны тәулігіне 100 мг-ге дейін арттырған жөн.

Пациенттердің ерекше топтары

Айналымдағы қан көлемі төмендеген пациенттерде қолдану

Айналымдағы қан көлемі төмен пациенттерде (мысалы, диуретиктердің жоғары дозаларымен емдеу салдарынан) препаратты тәулігіне бір рет 25 мг бастапқы дозада қолдану туралы мәселені қарастыру керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализдегі пациенттерде қолдану

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализдегі пациенттерде препараттың бастапқы дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану

Анамнезінде бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты неғұрлым төмен дозада қолдану туралы мәселені қарастыру керек. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың емдік тәжірибесі жоқ. Демек, лозартан бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Әдетте, егде жастағы пациенттер үшін бастапқы дозаны түзету талап етілмейді, дегенмен препаратты 75 жастан асқан пациенттер үшін 25 мг бастапқы дозада қолдану мүмкіндігін ескеру керек.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады. Таблетканы су іше отырып, шайнамай, бүтіндей жұту керек.

Қолдану жиілігі және уақыты

Тәулігіне бір рет.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар  

Симптомдары: артериялық гипотензия және тахикардия; парасимпатикалық (вагустық) стимуляцияға байланысты брадикардия дамуы мүмкін.

Емі: шаралар препаратты қабылдау уақытына, симптомдардың түріне және ауырлығына байланысты. Бірінші дәрежедегі маңыздысы қан айналымы жүйесінің тұрақтануына көңіл бөлінуі керек. Белсенділендірілген көмірді қолдану және өмірлік маңызды функцияларды бақылау ұсынылады.

Гемодиализ тиімді емес, өйткені лозартан да, оның белсенді метаболиті де гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар пайда болған кезде дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Форма выпуска

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан салынады.

2, 4 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Срок годности

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаЛориста таблеткалары 50 мг №84 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube