Состав
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: магний гидроаспарагинат тетрагидраты - 500 мг (34 мг магнийге баламалы),
пиридоксин гидрохлориді - 5 мг.
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, гипромеллоза.
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: магний гидроаспарагинат тетрагидраты - 500 мг (34 мг магнийге баламалы),
пиридоксин гидрохлориді - 5 мг.
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, гипромеллоза.
Магнефар В6 магний тапшылығын емдеуге ұсынылады, мұны төменде аталған симптомдар дәлелдейді:
- дене немесе психикалық шаршау, қатты ашушаңдық, күйгелектік, үрейлену жағдайы;
- бұлшықеттің құрысуы, бұлшықеттің шаншуын сезіну;
- жүрек соғуының жиілеуі (жүрек тарапынан патология жоқ).
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі
30 мл/мин/1.73 м2 аз)
леводопамен бір мезгілде қабылдау препарат құрамында пиридоксиннің болуына байланысты ұсынылмайды
су-тұз теңгерімінің ауыр бұзылулары
6 жасқа дейінгі балалар
гипермагниемия
В6 дәруменінің гипервитаминозы
айқын артериялық гипотония
атриовентрикулярлық блокада
myasthenia gravis.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
- Магний тапшылығы ауыр болған жағдайда емдеуді дәрілік затты парентеральді енгізумен бастау керек, сондай-ақ ауыр дәрежедегі мальабсорбция синдромы бар пациенттерге де парентеральді енгізу ұсынылады.
- Кальций тапшылығы қатарласқанда кальцийді қосымша ретінде қабылдамас бұрын алдымен магний жетіспеушілігін жою керек.
- Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында пациент қан плазмасындағы магний деңгейін мұқият бақылай отырып (кез келген этиологиядағы гипермагниемия туындау қаупінің алдын алу үшін) препараттың азайтылған дозасымен ем ала алады.
- Магний деңгейінің жоғарылауы жүрек жұмысына әсер етеді, қан қысымын сәл төмендетеді, жүрек импульсінің өтуін баяулатады, жүрек функциясын әлсіретеді, сондықтан препарат дигитализацияланған пациенттерге тек мұқият медициналық бақылауда (ЭКГ бақылауы, қан қысымының төмендеуі) тағайындалуы мүмкін.
- Пиридоксиннің созылмалы артық дозалануының негізгі әсері егер пиридоксиннің жоғары дозалары ұзақ уақыт бойы (бірнеше ай және басқа жағдайларда көптеген жылдар бойы) қабылданса пайда болуы мүмкін сенсорлық, аксональді нейропатия болып табылады, бірақ бұл аз мөлшерде (тәулігіне 50-300 мг) қабылдаған кезде де болуы мүмкін.
Симптомдарына мыналар жатады: ұйып қалуы және дене қалпын сезіну бұзылуы, аяқ-қолдың дистальді треморы және біртіндеп үдейтін сенсорлық атаксия (қозғалыстардың үйлесімі бұзылуы). Бұл әсер, әдетте, пиридоксинді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.
- Таблеткалар ересектер мен 6 жастан асқан балаларды емдеуге арналған.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қарсы көрсетілімдері бар біріктірілімдер
- Леводопамен бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек, өйткені леводопаның белсенділігі, егер бұл препаратты қабылдау шеткері допа-декарбоксилаза тежегіштерін қабылдаумен біріктірілмесе В6 дәруменімен шеткері тежеледі және леводопа гематоэнцефалды бөгеттен өте алмайды. Осылайша, леводопаның әсері бәсеңдетіледі.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер:
- флюорохинолондар тобының антибиотиктерімен,
- пероральді антикоагулянттармен – ең алдымен варфарин туындыларымен,
- фосфатты немесе кальций тұздарымен, құрамында темір II иондары бар препараттармен, өйткені бұл ретте олардың жіңішке ішекте сіңуі өзара бәсеңдейді.
Сақтықпен қолдану керек біріктірілімдер
-Пероральді тағайындалған тетрациклиндермен, бифосфонаттармен, оймақгүл гликозидтерімен және натрий фторидімен қатар емдеу жағдайында магний препараттарын қабылдау кезінде осы препараттардың кез-келгенін қабылдағаннан кейін кем дегенде 3 сағат аралықты сақтау керек, өйткені магний олардың асқазан-ішек жолында сіңуін төмендетеді.
Несеп айдайтын препараттар (фуросемид, этакрин қышқылы) несеппен магний бөлінуін арттырады. Калийді сақтайтын, ұзақ уақыт қолданылатын несеп айдайтын препараттар бүйрек өзекшелерінде магнийдің резорбциясын жоғарылатып, гипермагниемияға әкелуі мүмкін
Магний гидроаспарагинатымен бір уақытта қабылданатын іш жүргізетін дәрілер және асқазан сөлін бейтараптандырғыштар сияқты құрамында магний бар басқа тағамдар, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда магниймен улану симптомдарын тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік немесе лактация кезеңі
Жүкті немесе бала емізетін әйелдерде қолдану қауіпсіздігіне қатысты қолжетімді деректердің болмауына байланысты ең жоғары ұсынылатын емдік дозалардан асып кету ұсынылмайды (яғни әрбір компоненттің, атап айтқанда магнийдің ұсынылатын тәуліктік нормасы: күніне 250 мг; B6 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік нормасы: күніне 25 мг).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған
Жүктілік немесе лактация кезеңі
Жүкті немесе бала емізетін әйелдерде қолдану қауіпсіздігіне қатысты қолжетімді деректердің болмауына байланысты ең жоғары ұсынылатын емдік дозалардан асып кету ұсынылмайды (яғни әрбір компоненттің, атап айтқанда магнийдің ұсынылатын тәуліктік нормасы: күніне 250 мг; B6 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік нормасы: күніне 25 мг).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: тәулігіне 3 рет 1 немесе 2 таблеткадан.
6-дан 12 жасқа дейінгі және салмағы 20-дан 40 кг дейінгі балаларға: тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан
(ең жоғары бір реттік доза – 1 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка).
Профилактикасы үшін:
- ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: тәулігіне 1 рет 1 немесе 2 таблеткадан.
Дозаның кез келген ұлғайтылуын дәрігермен кеңескен жөн.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін. Магнефар В6 дұрысы аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, тамақтан соң қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеуді магний тапшылығының симптомдары жойылғанша жалғастыру керек.
Үлкен дозаларды ұзақ уақыт қабылдау гипермагнезиемияға әкелуі мүмкін. Ішке қабылдаған кезде магнийдің артық дозалануы бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде уытты реакциялардың пайда болуына әкелмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде магниймен улану дамуы мүмкін.
Уыттылық деңгейі қандағы магний концентрациясына байланысты және келесі белгілер мен симптомдарды тудыруы мүмкін:
- қан қысымының төмендеуі
- жүрек айнуы, құсу
- ОЖЖ бәсеңдеуі, бұзылған рефлекстер
- ЭКГ патологиялық өзгерістері
- тыныстың бәсеңдеуі дамуы, кома, жүрек тоқтауы және тыныс алудың салдануы
- анурия
Емі: регидратация, қарқынды диурез. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет.
Арнайы антидоты – кальций глюконаты.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен хабарласыңыз.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от