daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актау қаласындағы Momester Мұрын Спрейі 50 Мкг / Доза 60 Доза | Фармеа

Актау қаласындағы Momester Мұрын Спрейі 50 Мкг / Доза 60 Доза | Фармеа

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ немесе ақ дерлік тұтқыр суспензия

Международное наименование:

Мометазон

Производитель:

Фармеа

Страна производитель:

Французская Республика

Дозировка активного вещества:

50 мкг/доза

Лекарственная форма:

Мұрынға арналған дозаланған спрей 50 мкг/доза, 60 доза, 120 доза және 140 доза суспензиясы

Количество в упаковке:

1 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

ересектерде, жасөспірімдер мен 6 жастан асқан балалардағы маусымдық және жыл бойғы (созылмалы) аллергиялық ринитті симптоматикалық емдеу.

аллергиялық ринит профилактикасында  (гүлдену маусымының болжамды басталуына дейін 4 апта бұрын қолдану ұсынылады).

18 жастан асқан ересек пациенттердегі мұрын полиптерін емдеу.

асқынбаған жедел риносинуситті симптоматикалық емдеу (ұзақтығы 1 аптадан астам, бірақ 4 аптадан аз симптомдар) бактериялық инфекцияның айқын симптомдарысыз пациенттерде (яғни, бір жағынан қабынудың тұрақты симптомдары жоқ, тістің қабыну процесіне қамтитын симптомдарысыз, беттің тұрақты ісінуі жоқ) ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда.

Противопоказания

- белсенді затқа немесе мұрын спрейінің қандай да бір белсенді емес компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Меры предосторожности

Моместер мұрын жолдарының шырышты қабығының жергілікті инфекциясы пациенттерде қолданбау керек.

Моместер жақында хирургиялық операциялардан немесе мұрын қуысының жарақаттарынан өткен пациенттерде қолданбау керек (кортикостероидтар жараларды емдеуді баяулатады, сондықтан жараларды толық емдегенге дейін жергілікті интраназальді қолдану үшін кортикостероидтарды тағайындауға болмайды).

Мометазон фуроатын респираторлық жолдағы белсенді немесе латентті туберкулездік инфекциясы бар пациенттерде, сондай-ақ емделмеген зеңдік, бактериялық инфекция, жүйелік вирустық инфекция немесе көздің герпестік инфекциясында сақтықпен қолдану немесе  мүлде қолданбау керек.

Кез келген басқа ұзақ емдеудегі сияқты мометазон фуроатын бірнеше ай немесе одан да көп  қолданатын  пациенттер  мұрынның шырышты қабығының ықтималды өзгерістерін анықтау мақсатында жүйелі тексеруден өтіп тұруы тиіс. Мометазон  фуроатымен 12 ай емделгеннен кейін мұрынның шырышты қабығының атрофия белгілері дамыған жоқ; бұдан бөлек мометазон фуроаты мұрынның шырышты қабығының гистологиялық көрінісін қалыпқа келтіруге ықпал етті.

Мұрынның немесе жұтқыншақтың жергілікті зеңдік инфекциясы дамыған жағдайда мометазон фуроатымен емдеуді тоқтатып, арнайы ем тағайындау үшін емдеуші дәрігерге қаралу қажет.

Мометазонмен ұзақ емдеу кезінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті осінің (ГГБО) басу белгілері байқалмады. Дегенмен, ұзақ мерзімді терапия курсында Моместер алған пациенттерді мұқият медициналық бақылау қажет, өйткені бүйрек үсті безі функциясының бұзылуы мүмкін жеке жағдайлар бар. Жүйелік глюкокортикоидтарды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін мометазонмен емдеуге көшетін пациенттерді, әсіресе клиникалық көрініс ГГБО функциясының бұзылуын болжауға мүмкіндік беретін болса, ерекше мұқият бақылау жүргізу керек.

Қазіргі уақытта біржақты полиптерді, муковисцидозбен байланысты полиптерді немесе мұрын қуысын толық толтыратын полиптерді емдегенде мометазон фуроатының қауіпсіздігі мен тиімділігі жеткілікті түрде зерттелмеген.

Әсіресе, ойық жаралану немесе қан кету болғанда әдеттен тыс немесе сыртқы түрі өзгерген біржақты полип болғанда қосымша диагностика әдістерін жүргізу керек.

Кортикостероидтарды қолданатын пациенттердің иммундық реактивтіліктің төмендеуі ықтимал. Кейбір инфекциялық аурулармен (мысалы, желшешек, қызылша) ауыратын науқастармен байланыста болған жағдайда жұқтыру қаупінің жоғарылағанын ескерру керек, егер мұндай байланыс орын алса, емдеуші дәрігермен кеңесу керек.

Жүйелік глюкокортикоидтармен емнен мометазонмен емге ауысу кезінде тоқтату симптомдары пайда болуы мүмкін. Тоқтату симптомдары мұрын қуысын тарапынан симптомдарымен қатар жүреді. Таңдалған емдеу режимін ұстану керек.

Жүйелік глюкокортикоидтармен емнен мометазонмен емге ауысу кезінде жүйелі кортикостероидтарды қабылдаумен басылған аллергия симптомдарының уақытша өршуі мүмкін.

Мұрынішілік кортикостероидтар пайдаланғаннан кейін көзішілік қысымның жоғарылауы туралы хабарланған.

Глюкокортикоидтардың жүйелік және жергілікті әсер етуінің нәтижесінде көру бұзылуларының туындауы мүмкін. Егер Моместер препаратын қолданғаннан кейін көру өткірлігінің төмендеу симптомдары немесе көз тарапынан басқа симптомдар пайда болса, ол ықтимал себептеріне диагностика жасау үшін окулистке қаралуы керек, олардың ішінде  катаракта, глаукома немесе кортикостероидтарды жүйелік және жергілікті қолданудан кейін диагноз қойылатын орталық торқабық хориоретинопатиясы (ОТХР) сияқты сирек аурулар болуы мүмкін.

Жедел риносинусит: егер емдеу барысында синустың бактериялық инфекциясының белгілері пайда болса (мысалы, қызба, бет немесе тістің тұрақты бір жақты ауыруы, көз ұясының немесе көз айналасындағы аймақтың ісінуі, уақытша жақсарғаннан кейін ауру симптомдарының нашарлауы), дереу емдеуші дәрігермен кеңесу керек.

Взаимодействие

Мометазон CYP3A4 цитохромының қатысуымен бауырда метаболизденеді.

CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, ритонавир, кобисцитат) бір мезгілде қолдану кортикостероидтардың плазмалық концентрациясын және жүйелік жағымсыз реакциялар қаупін арттырады. Қолданудың пайдасы жүйелі жағымсыз әсерлері қаупінен асып түсетін жағдайлардан басқа кезде, бір мезгілде бұл препараттарды қолданбаған дұрыс. Мұндай жағдайларда глюкокортикоидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің дамуына қосымша бақылау жүргізу қажет етіледі.

Лоратадинмен клиникалық өзара әрекеттесуін зерттеу кезінде фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған, қауіпсіздік бейіні де өзгерген жоқ.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит

Ересектер (егде жастағыларды қоса), жасөспірімдер және 12 жастан асқан балалар

Препараттың ұсынылған дозасы әр танауға тәулігіне 1 рет 2 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг-ден), дұрысы таңертеңгі уақытта құрайды (жалпы тәуліктік дозасы 200 мкг мометазон фуроатын құрайды).

Клиникалық оң әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші ем ретінде әр танауға 1 бүркуге дейін дозаны төмендету ұсынылады (жалпы тәуліктік доза  - 100 мкг мометазон фуроаты).

6-дан 11 жасқа дейінгі балалар

Ұсынылатын доза әр танауға тәулігіне 1 рет 1 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза – 100 мкг мометазон фуроаты). Ұсынылмаған дозадан аспау керек.

Мұрын полиптері

18 жастан асқан ересектер

Әр танауға тәулігіне 2 бүркуден 2 рет жүргізу ұсынылады (жалпы тәуліктік доза – 400 мкг мометазон). Ауру симптомдары жеңілдегеннен кейін дозаны әр танауға тәулігіне 1 рет 2 бүркуге дейін (әрқайсысы 50 мкг) төмендету ұсынылады (жалпы тәуліктік доза – 200 мкг мометазон). Егер 5-6 апта емдегеннен кейін жақсаруы байқалмаса, баламалы емдеу әдістерін қарастыру қажет.

Мометазон фуроаты бар мұрынға арналған спрейі 400 мкг тәуліктік дозада төрт ай бойы мұрын полиптерін емдегенде тиімді және қауіпсіз болды.

Форма выпуска

20 мл препараттан ПЭТФ құтыларда. Құтыларға 10 г суспензия (дәрілік түрі 60 рет басуға), 16 г суспензия (дәрілік түрі 120 рет басуға) және  18 г суспензия (дәрілік түрі 140 рет басуға) толтырылады.

Әр құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Срок годности

2 жыл

Бірінші қаптамасын ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 2 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаMomester мұрын спрейі 50 мкг / доза 60 доза онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube