daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актау қаласындағы Trenaxa Таблеткалары 250 Мг №12 | Маклеодс Фармасьютикалс

Актау қаласындағы Trenaxa Таблеткалары 250 Мг №12 | Маклеодс Фармасьютикалс

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес тегіс беткейлі, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (250 мг доза үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы және екінші жағы тегіс, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (500 мг доза үшін).

Международное наименование:

Транексам қышқылы

Производитель:

Маклеодс Фармасьютикалс

Страна производитель:

Республика Индия

Действующее вещество:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (PH 101), повидон (PVP–K-30), микрокристалды целлюлоза (РН 302), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремний, тазартылған тальк, магний стеараты, қабық: гипромеллоза (5cps), титанның қостотығы (Е171), тазартылған тальк, пропиленгликоль, диэтилфталат Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес тегіс беткейлі, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (250 мг доза үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы және екінші жағы тегіс, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (500 мг доза үшін).

Дозировка активного вещества:

250мг

Количество в упаковке:

12 шт

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Фибринолиз немесе фибриногенолиз жоғарылаған пациенттерде қан кету кезінде немесе қан кету қаупінде қысқа мерзімді қолдануға арналған.

Жергілікті фибринолиз төмендегі жағдайларда болады:

- простатэктомия, қуыққа операциялар жасалғанда

- жатыр мойнының конизациясы

- меноррагия

- мұрыннан қан кету

- жарақаттық гифема

- гемофилиямен ауыратын науқастарда тіс экстракциясы

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну

Противопоказания

- транексам қышқылына немесе препараттың кез келген басқа ингредиентіне аса жоғары сезімталдық

- тромбоэмболиялық ауру

- анамнездегі веналар мен артериялар тромбозы

- қолдану коагулопатиясынан кейінгі фибринолитикалық жағдай

- субарахноидальді қан құйылу

- миокард инфарктісі

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- анамнездегі құрысулар

- түрлі-түсті ажырата көрудің бұзылуы

- 6 жасқа дейінгі балалар (қатты дәрілік түрі, тұншығу қаупі болу мүмкін)

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Жүйесіз етеккір қан кетуі бар пациенттер жүйесіз қан кету себебін анықтағанға дейін транексам қышқылын пайдаланбауы тиіс.

Анамнезінде, оның ішінде отбасылық анамнезінде тромбоэмболиялық ауруы бар пациенттер (тромбофилиясы бар пациенттер) транексам қышқылын қатаң медициналық көрсетілімдер бойынша және дәрігердің қатаң бақылауымен ғана пайдалануы тиіс

Басқа дәрілік препараттармен  өзара әрекеттесуі

Транексам қышқылы фибринолитикалық препараттардың тромболитикалық әсерін әлсіретеді.

Гемостатикалық препараттармен және гемокоагулазамен бір мезгілде қолданғанда тромб түзілуді белсендіруі мүмкін. Урокиназамен, норадреналин битартратымен, дезоксиэпинефрин гидрохлоридімен, метармин битартратымен. дипиридамолмен, диазепаммен үйлеспейді. 

Арнайы ескертулер

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар пациенттерді ұзақ емдеген кезде, офтальмолог көру өткірлігін, көру өрісін және түсті айыруын, көзішілік қысымын, көз түбін тексере отырып үнемі бақылап отыруы қажет.

Тіндік гемостатикалық препараттармен, гемокоагулазамен (үлкен дозаларда), гепаринмен үйлесімде сақтықпен қолданылады.

Шығу тегі бүйректік гематурияны емдеген кезде несепағарда ұйынды түзілудің нәтижесінде механикалық анурия қаупі артады.

Жүйесіз етеккір қан кетуі бар пациенттер жүйесіз қан кету себебін анықтағанға дейін транексам қышқылын пайдаланбауы тиіс. Егер етеккір қан кетулері транексам қышқылын қабылдағанда талапқа сай келмейтіндей төмендейтін болса, балама емді қарастырған жөн. Анамнезінде, оның ішінде отбасылық анамнезінде тромбоэмболиялық аурулары бар пациенттер (тромбофилиясы бар пациенттер), транексам қышқылын тек қатаң медициналық көрсетілімдер және дәрігердің қатаң бақылауымен ғана пайдаланулары тиіс. Диссеминацияланған тамырішілік қан ұюы салдарынан фибринолиз жоғарылаған жағдайларда транексам қышқылын пайдалану ұсынылмайды.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Дозалау режимі жекелей, клиникалық жағдайларға байланысты болады.

Жергілікті фибринолиз

Ұсынылатын стандартты доза 15-25мг/кг дене салмағына (2-3 таблетка Тренакса 500 немесе 4-6 таблетка Тренакса 250) күніне 2-3 рет.

Төменде аталған көрсетілімдер үшін мынадай дозалар пайдаланылуы мүмкін:

Простатэктомия

Қаупі жоғары пациенттерде қан кетудің алдын алу мен емдеуді транексам қышқылы инъекциясының көмегімен  операцияға дейін немесе одан кейін бастаған жөн; содан соң макроскопиялық гематурия жоғалғанға дейін 2 таблеткадан күніне 3-4 рет қабылдауды жалғастыру керек

Меноррагия

Ұсынылатын доза 2 таблетка Тренакса 500 немесе 4 таблетка Тренакса 250 күніне үш рет, қабылдау ұзақтығы қажеттілігіне байланысты 4 күндік мерзімге дейін. Етеккірдің өте көп қан кетуі кезінде  дозаны ұлғайтуға болады. Жалпы доза күнделікті 4 г (8 таблетка Тренакса 500 немесе 16 таблетка Тренакса 250) аспауы тиіс. Транексам қышқылымен емдеуді етеккір басталғанға дейін бастамаған жөн.

Мұрыннан қан кету

Қайталап қан кету кезінде пероральді ем (2 таблетка Тренакса 500 немесе 4 таблетка Тренакса 250 күніне үш рет) 7 күн бойы тағайындалады.

Жатыр мойнының конизациясы

3 таблетка Тренакса 500 немесе 6 таблетка Тренакса 250 күніне үш рет.

Жарақаттық гифема

2-3 таблетка Тренакса 500 немесе 4-6 таблетка Тренакса 250 күніне үш рет. Доза 25 мг/кг күніне 3 рет есебіне негізделген.

Гемофилия

Тіс жұлғанда 2-3 таблетка Тренакса 500 немесе 4-6 таблетка Тренакса 250 әрбір сегіз сағат сайын. Доза 25 мг/кг күніне 3 рет есебіне негізделген. Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну

Кейбір науқастар аурудың басталуы туралы біледі; мұндай пациенттер үшін ұсынылатын ем - 2-3 таблетка Тренакса 500 немесе 4-6 таблетка Тренакса 250  күніне 2-3 рет бірнеше күн бойы мезгіл-мезгіл қабылдау. Басқа пациенттер мұндай дозада емдеуді үнемі қабылдайды.

Балалар

Тәулігіне 20-25 мг/кг дене салмағына ішке. Дегенмен, бұл көрсеткіштердің қолданылуы, тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі.

Егде адамдар

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаса, дозаны азайтудың қажеті жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Транексам қышқылы өзгермеген түрде несеппен шығарылады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге әдеттегіден аздау доза ұсынылады. Ішке қабылдау үшін дозаны мынадай түзету қажет:

Енгізу әдісі мен жолы

Таблеткаларды тамақ ішуге қарамастан, шайнамай, жеткілікті мөлшерде су ішіп, ішке қабылдайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: жүрек айну, құсу немесе ортостатикалық гипотензия.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір, мол мөлшерде сұйықтық ішу, симптоматикалық ем, антикоагулянтты ем жүргізілуі мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу ұсынылады.

Форма выпуска

6 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаTrenaxa таблеткалары 250 мг №12 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube