Показания к применению
- эссенциальді гипертензияны емдеуде
Валодип амлодипинмен немесе валсартанмен монотерапия тиімсіздігі кезінде ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.
- эссенциальді гипертензияны емдеуде
Валодип амлодипинмен немесе валсартанмен монотерапия тиімсіздігі кезінде ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.
препараттың әсер етуші заттарына, дигидропиридиннің басқа туындыларына немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бауыр функциясының ауыр бұзылуы, биллиарлы цирроз, холестаз
айқын артериялық гипотензия
жүктіліктің екінші және үшінші семестрі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
ІІ типті қант диабеті немесе бүйректің жеткіліксіздігіне (креатинин клиренсі <60 мл/мин/1,73 м2) шалдыққан пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану
шок (кардиогенді шокты қоса)
сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы (мысалы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия және айқын аортальді стеноз)
жедел миокард инфарктісінен кейін жүрек функциясының гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі
Жалпы өзара әрекеттесу
Амлодипин/валсартан және басқа дәрілік препараттар біріктірілімінің дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Дозалау режимі
Валодиптің ұсынылатын дозасы - тәулігіне 1 таблетка. 5 мг/80 мг Валодип 5 мг амлодипинмен немесе 80 мг валсартанмен монотерапия тиімсіздігі кезінде пациенттерде қолданылады.
5 мг/160 мг Валодип 5 мг амлодипинмен немесе 160 мг валсартанмен монотерапия тиімсіздігі кезінде пациенттерде қолданылады.
10 мг/160 мг Валодип 10 мг амлодипинмен немесе 160 мг валсартанмен монотерапия тиімсіздігі кезінде пациенттерде қолданылады.
Емдеуді бастар алдында, бекітілген дозаларды біріктірілген қабылдауға ауысқанға дейін монотерапия (яғни, амлодипин және валсартан) барысында жекелеген компоненттердің дозаларын жеке таңдау ұсынылады. Клиникалық қажеттілік жағдайында монотерапиядан бекітілген дозаларды біріктірілген қабылдауға ауыстыру мәселесін қарастыру керек.
Валсартан мен амлодипин таблеткаларын жеке-жеке қабылдап жүрген пациенттер ыңғайлы болуы үшін осы компоненттердің дәл сондай дозалары бар Валодип препаратына ауыстырылуы мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Валодип препаратын аспен бірге немесе, ас қабылдауға қарамай-ақ, аздаған мөлшерлі сумен ішіп қабылдауға болады.
Қабылдау уақытын көрсете отырып, қолданудың жиілігі
Тәулігіне бір рет.
Емдеу ұзақтығы
Валодип препаратымен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Симптомдары: бас айналумен бірге болатын айқын гипотензия, сондай-ақ ұлғая түскен шеткері вазодилатация және рефлекторлы тахикардия.
Өліммен аяқталатын шокқа дейін ұласқан елеулі және потенциальді түрде ұзақ жүйелік гипотензия жөнінде мәлімделді.
Емі: егер препараттың қабылданғанына көп уақыт өте қоймаса, құстырған немесе асқазанды шайған жөн. Белсендірілген көмірді дені сау еріктілерге бірден немесе амлодипинді қабылдағаннан кейін екі сағат ішінде енгізу оның сіңірілуін елеулі төмендететіні көрсетілген.
Валодип препаратының артық дозалануынан туындаған клиникалық тұрғыдан маңызды артериялық гипотензия жүрек және тыныс алу жүйесін ұдайы қадағалауды қоса, жүрек-қантамыр жүйесі жағдайын белсенді түрде демеуді, аяқ-қолды көтеруді және айналымдағы қан көлеміне және диурезге көңіл бөлуді қажет етеді. Қолданғанда қарсы көрсетілімдерінің жоқтығын ескерсек, вазоконстриктор қантамырлық тонусты және артериялық қысымын қалпына келтіру үшін пайдалы болып шығуы мүмкін. Кальций өзекшелерінің бөгелуін қайтару үшін кальций глюконатын вена ішіне енгізу мақсатқа сай болуы мүмкін. Гемодиализдің көмегімен валсартан мен амлодипиннің шығарылуы екіталай.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Препарат қабылдануы өткізілген болса, келесі дозаны әдеттегі уақытта қабылдау керек. Өткізіп алғанның орнын толтыру үшін препаратты екі еселік дозада қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану кезінде қосымша сұрақтар пайда болса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.