Показания к применению
Қынаптық кандидозды жергілікті емдеу.
Өзіне тән клиникалық белгілері болмаған жағдайда өздігінен оң микробиологиялық қорытынды жасау емдеуді бастау үшін көрсетілім болмайды.
Қынаптық кандидозды жергілікті емдеу.
Өзіне тән клиникалық белгілері болмаған жағдайда өздігінен оң микробиологиялық қорытынды жасау емдеуді бастау үшін көрсетілім болмайды.
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
латексті мүшеқапты немесе диафрагманы бір мезгілде пайдалану
Емделу кезінде латексті мүшеқаптарды немесе диафрагмаларды, олардың бүліну қаупі бар болғандықтан, қолдануға болмайды.
Залаин суппозиторийлері жергілікті спермицидтік контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін, сондықтан оларды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Кандидоз диагнозы расталғанда зеңдік инфекциялардың дамуына және сақталуына мүмкіндік беретін тұрмыстық және гигиеналық факторларды анықтау және жою ұсынылады.
Сондықтан қайталануына жол бермеу үшін қоздырғыштарды жою және жоғарыда ескертілген тұрмыстық және гигиеналық факторларды анықтау қажет болып табылады.
Кандидозбен қоса жүруі мүмкін кез келген басқа патологиялық микроорганизмдерді емдеу ұсынылады.
Жергілікті жағымсыздық немесе аллергиялар туындаған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.
Пациенттерге қышқыл рН бар сабынды пайдаланбауды ұсыну керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Клиникаға дейінгі зерттеулерде сертаконазол үшін тератогендік әсерлердің жоқ екендігі көрсетілгендіктен, адамға қолданған жағдайда оның әсерлері пайда болуы күтілмейді.
Дегенмен, сертаконазолды қолданудың болуы мүмкін фетоуыттық және тератогендік әсерлері туралы нақты деректер жоқ.
Оны қолдану тәсілін (бір реттік дозамен емдеу) және жүйелік сіңірілуінің болмайтындығын ескеріп, сертаконазолды жүктілік кезінде, егер дәрігердің пікірі бойынша оның артықшылығы ықтимал қаупінен басым болса ғана, қолдануға болады.
Лактация
Емшек сүтімен сертаконазолдың бөлініп шығуын айғақтайтын немесе жоққа шығаратын анық деректер жоқ.
Емшек емізу кезінде препаратты, егер дәрігердің пікірі бойынша оның артықшылығы ықтимал қаупінен басым болса ғана, қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қынаптық Залаин® суппозиториін қолдану көлік құралдары мен жабдықтарды басқару қабілетіне әсер етпейді.

Дозалау режимі
Кешке ұйықтар алдында шалқасынан жатқан күйде, қынаптық бір суппозиторийді қынап ішіне терең енгізу ұсынылады.
Жеті күннен кейін, егер аурудың клиникалық симптомдары сақталса, тағы бір қынаптық суппозиторий енгізуге болады.
Тәжірибелік нұсқау:
Сыртқы жыныс мүшелерін жуған кезде бейтарап рН бар сабынды пайдалану ұсынылады.
Инфекцияның сақталуына мүмкіндік беретін факторларды жою керек (мысалы, синтетикалық киімнің орнына мақта-мата іш киімдерді пайдалану, қынапты қарқынды жуудан аулақ болу және т.б.).
Вульва аумағына және сыртқы өтіс айналасы аумағына зеңге қарсы кремді қосымша пайдаланған дұрыс.
Жыныстық серіктесті қатар емдеуді әрбір нақты жағдайда жекелей негізде қарастыру керек.
Етеккірдің келуі суппозиторийлерді қолдануға қарсы көрсетілім болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Қынаптық Залаин® супппозиторийлерін балаларға қолдану үшін тиісті көрсетілімдер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Қынап ішіне қолдануға арналған.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер сізде осы препаратты пайдалану туралы қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге қаралыңыз.

Біріктірілген ПВХ/ПЭ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 1 суппозиторийден. Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.