daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Алопекси Жергілікті Ерітінді 2% 60 Мл | Пьер Фабр Мед

Актобе қаласындағы Алопекси Жергілікті Ерітінді 2% 60 Мл | Пьер Фабр Мед
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Миноксидил

Өндіруші:

Пьер Фабр Мед

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: γ-циклодекстрин, пропиленгликоль, 96% этил спирті, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

2%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат ерлер мен әйелдерде орташа андрогендік алопецияны емдеуге (шаш жабынын қалпына келтіруге) және шаштың түсу үдерісін тұрақтандыруға арналған

Қарсы көрсеткіштер

- миноксидилге, этанолға немесе пропиленгликольге жоғары сезімталдық

- бас терісінің патологиясы (псориазды және күн сәулесінен күйіктерді қоса)

- окклюзиялық таңғыштарды немесе жергілікті әсер ететін басқа да медициналық препараттарды пайдалану

- гипертония ауыруы

- басты тақырлап алғаннан кейін

- 18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препарат қолдану алдында пациент бас терісінің түкті бөлігінің қалыпты және дені сау күйде болуына көз жеткізуі тиіс.

Препаратты қазарған, қабынған, инфекция жұқтырған, тітіркенген немесе ауыратын бас терісіне жағуға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері

Адам организмінде басқа дәрілік заттармен өзара әсерлер третиноинді және антралинді/дитранолды қолданған кезде мүйізгекті қабатындағы өткізгіштіктің жоғарылауы нәтижесінде миноксидилдің тері арқылы сіңуінің күшейгендігін анықтады; бетаметазон дипропионаты тіндерде миноксидилдің жергілікті концентрацияларын арттырады және миноксидилдің жүйелік сіңірілуін төмендетеді.

Бұл клиникалық тұрғыдан айғақталмаса да, шеткері вазодилататорлармен ем қабылдап жүрген пациенттерде ортостаздық гипотензияның басталу қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Жергілікті қолданылған миноксидилдің резорбциясы мүйізгекті қабатпен шектеледі. Мүйізгекті қабат бөгетіне әсер ететін жергілікті қолданылатын дәрілік заттарды қатар қолдану жергілікті қолданылған миноксидилдің резорбциясының артуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан Алопексиді® 2% және жергілікті қолданылатын басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Арнайы нұсқаулар

18 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан тұлғаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Жүйелік әсерді туындатуға қабілетті миноксидилдің тері арқылы сіңірілуінің жоғарылауы мына жағдайларда болуы мүмкін:

- дерматозда немесе бас терісінің зақымында,

- пайдаланылатын дозаны және/немесе дозалау жиілігін арттырғанда: дозалаудың ұсынылатын режимін сақтау қажет.

Препаратты қолдану кезінде миноксидилді жүйелік қолданудан қандай да болсын жүйелік әсердің байқалмағанына қарамастан осы жүйелік әсерді, жеке өзгергіштіктен немесе типтік емес сезімталдықтан туындаған мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл қауіп туралы пациенттерді хабардар ету керек.

Белгілі жүрек-қантамыр ауруымен немесе жүрек аритмиясымен пациенттер миноксидилді қолданар алдында дәрігерге қаралғаны жөн.

Анамнезде белгілі жүрек-қантамыр ауруларымен пациенттерге қолдану мүмкіндігін емдеудің артықшылықтары мен ықтимал қауіп-қатерлер арасындағы байланыс тұрғысынан талдау қажет. Мұндай пациенттерге жағымсыз реакциялар туралы ескерту керек, егер олар жағымсыз реакция туындаса емдеуді тоқтатып және дәрігерге қаралу қажет.

Миноксидилді дененің басқа бөліктеріне қолдануға болмайды.

Миноксидил отбасылық анамнезде шаштың түсуі жоқ болғанда, шаштың түсуі кенеттен және/немесе ошақтық болғанда, шаштың түсуі босанумен байланысты немесе шаштың түсу себебі белгісіз болғанда қолдануға болмайды.

Тұтынушыда, егер гипотензия немесе кеуденің ауыруы, жүрек қағысының жиілеуі, тахикардия, тұздар мен сұйықтықтың кідіруі, естен тану немесе бас айналу, кенет түсініксіз салмақ жинау, қол немесе аяқтың саусақ-бармақтарының ісінуі, тұрақты қызаруы немесе бас терісінің тітіркенуі анықталса, емді тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.

Миноксидилді бастың терісіне сау және қалыпты жағдайда қолдануға болады. Препаратты бас терісі қызарған, қабынған, зақымданған, тітіркенген немесе ауырған немесе бас терісіне басқа препараттарды қолданған кезде пайдаланбаңыз.

Миноксидилді келесі жағдайларда қолдануға болмайды:

- егер аурудан немесе қандай да бір препаратпен емделгеннен кейін шаштың кенеттен түсуі (толық таздану) орын алса,

- дененің кез келген басқа жеріне де қатысты.

Препарат көзге кездейсоқ тиіп кеткен жағдайда, ерітіндірің құрамында қосымша заттар тітіркенуді және күйдіру сезімін туындатуы мүмкін. Дененің сезімтал бөліктеріне тиген жағдайда (көз, сырылған тері, шырышты қабық) зақымданған бөліктерді салқын сумен мұқият жуу қажет.

Тыныс алу жолдарына түсуден аулақ болу қажет.

Байқамай жұтып қою жүректің күрделі жағымсыз реакцияларына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан бұл өнім балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.

Миноксидилді пайдалану кезінде күн сәулесінің әсеріне ұшырамауға кеңес беріледі.

Дәрілік заттың құрамында этанол бар. Ол зақымданған теріні күйдіру сезімін тудыруы мүмкін.

Үйлесімсіздік

Үйлесімділік зерттеулерінің болмағандықтан бұл препаратты басқа препараттармен араластыруға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда қолдану ұсынылмайды. 18 жасқа толмаған пациенттерде миноксидилдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүйелік пайдаланғанда миноксидил емшек сүтіне өтеді.

Миноксидилді жүкті әйелдерде қолдану туралы жеткілікті мәліметтер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер адам организміне әсер етуге арналған деңгеймен салыстырғанда едәуір асып кететін әсер ету деңгейлерінде шарана үшін қауіпті көрсетті. Адамдарда шарана жарақат алу қаупі шамалы болса да, төмен.

Миноксидилді, егер анасы үшін пайда шарана немесе емшектегі сәби үшін әлеуетті қауіптен асатын болса ғана, жүктілік және лактация кезінде жергілікті пайдалануға болады.

Ерлер мен ұрғашы егеуқұйрықтардағы ұрпақты болуды зерттеу дозаға байланысты жүктілік жылдамдығының төмендеуін анықтады. Адам үшін ықтимал қауіп белгісіз.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Көлік құралдарын және немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді

Қолдану бойынша ұсыныстар

Тек ересектерде қолдануға арналған.

Дозалау режимі

1 мл препаратты (стандартты доза) тәулігіне екі рет бас терісіне жағыңыз және зақымданған аймақтың ортасынан бастап сылап-сипалаңыз.

Жалпы күндік доза зақымданған аймақтың көлеміне қарамастан 2 мл-ден аспауы тиіс.

Енгізу әдісі және жолы

Тек қана сыртқа қолдануға арналған.

Зақымданған жердің барлық аймағына ерітіндіні саусақ ұштарымен жағыңыз.

Препаратты жағуға дейін және жағудан кейін қолды мұқият жуып-шайыңыз.

Қолданар алдында шаш пен бас терісінің әбден құрғағанына көз жеткізіңіз.

Жанама әсерлері

Жағымсыз реакциялар жіктелуі мен жиілігіне қарай төменде сипатталған. Жиілігі келесі шартты белгілерге сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1 /1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), сондай-ақ жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес).

Өте жиі байқалатын жағымсыз реакциялар болмашы тері реакциялары болды. Жиі қолдану, құрамында этил спирті бар болғандықтан, терінің тітіркенуін және құрғауын туындатуы мүмкін.

Өте жиі

- бас ауыруы

Жиі

- жоғары сезімталдық реакциялары (оның ішінде беттің ісінуі және жайылған эритема, жайылған қышыну, бет ұлғаюы және тамақтың жыбырлауы)

- кеуденің ауруы

- гипертрихоз (бас терісінен басқа жерде қажетсіз түктердің өсуі, әйелдерде бетте түктердің өсуін қоса); қышыну (жайылған бөртпені және көздің қышуын қоса); бөртпе (пустулезді, папулезді, жайылған, вестибулярлық және макулярлы бөртпелерді қоса); дерматит (жанаспалы, аллергиялық, атопиялық және себореялық дерматитті қоса)

- шеткері ісінулер

- дене салмағының артуы

Белгісіз

- ангионевроздық ісіну (еріннің, ауыздың, ауыз жұтқыншақтың, жұтқыншақтың ісінуін, тілдің ұлғаюы мен ісінуін қоса)

- жүрек айнуы

- бас айналу

- көз тітіркену

- жүректің жиырылу жиілігінің артуы, жүрек қағуы

- гипотензия

- ентігу

- терінің құрғауы, қабыршақтануы (эксфолиативтік бөртпе және эксфолиативтік дерматитті қоса), акне (безеулі бөртпе); шаштың уақытша түсуі, шаш түсінің өзгеруі

- жаққан жердегі реакция (кейде құлақ пен бет сияқты жақын жерлерге әсер ететін және әдетте қышыну, тітіркену, ауырсыну, бөртпе, ісіну, терінің құрғауы, эритема және эритема тәрізді бөртпелерді қоса, бірақ кейде қабыршақтану, дерматит, күлдіреуіктердің түзілуі, қан кету және ойық жаралар сияқты едуір күрделі көріністер болуы мүмкін).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

Ақ қақпағы (полиэтилен) балалардың ашуынан қорғалған және ішкі нығыздағышы бар, 1 мл белгісімен бөліктелген дозалайтын пипетканы (полистирол/полиэтилен) және ерітіндіні тамызуға арналған өлшеуіш помпалық дозалаушы құрылғысы бар полиэтиленді терефталаттан (PET) жасалған құтыларда препарат 60 мл-ден.

1 немесе 3 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

30 ай.

Қаптамасын ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі - 1 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

60 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАлопекси жергілікті ерітінді 2% 60 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube