Қолдану көрсеткіштері
Алзепил таблеткасы Альцгеймер ауруының жеңіл және орташа ауыртпалық деңгейіндегі деменциясын симптоматикалық емдеуге арналған.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- донепезил гидрохлоридіне, пиперидин туындыларына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Холинэстераза ингибиторларын жүрек ырғағының бұзылысы бар пациенттерге абайлап тағайындау керек (жүрек соғысының жиілігіне ваготониялық әсері болуы мүмкін, атап айтқанда брадикардия), анестезия кезінде, сонымен қатар пептидтік ойық жараның (ойық жара ауруының анамнезі, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен (СЕҚҚД) терапиясы) даму қатері жоғары пациенттерге, бірақ донепезил қолданғанда пептидтік ойық жараның дамуының ұлғаюы немесе асқазан-ішек жолынан қан кетуі анықталмаған. Өкпенің обструктивті ауруы бар (соның ішінде бронх демікпесі) пациенттерге абайлап тағайындау керек. Донепезилді басқа АХЭ тежегіштерімен, агонистерімен және/немесе холинэергиялық жүйенің антогонистерімен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Препаратты QTc аралығының ұзаруына бұрын диагноз қойылған немесе отбасылық анамнезінде осы бұзылысы бар пациенттерге абайлап қолданған жөн; жүрек ауруларына бұрын диагноз қойылған (мысалы, компенсацияланбаған жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфартісі жақын арада болған, брадиаритмияда) пациенттерге немесе электролитті баланастың бұзылуы (гипокалиемия,гипомагниемия)(«Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі»бөлімі).
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Донепезил гидрохлориді және/немесе оның метаболиттері адам организмінде теофиллин, варфарин, циметидин немесе дигоксин метаболизмдерін бәсеңдетпейді.
Дигоксинмен немесе циметидинмен бірге қабылдаған кезде донепезил гидрохлоридінің метаболизмі өзгермейді. Дигоксинді немесе циметидинді бір мезгілде қабылдау донепезил гидрохлоридінің метаболизміне әсер етпейді.
In vitro зерттеулері донепезил метаболизміне P450 3A4 цитохромы және аз дәрежеде изоферменттері қатысатынын көрсетті. In vitro дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер кетоконазол және хинидин, CYP3A4 және CYP2D6 тежегіштерінің тиісінше донепезилдің метаболизмін бәсеңдететіні көрсетті. CYP3A4 басқа тежегіштері, мысалы, итраконазол мен эритромицин және флуоксетин сияқты CYP2D6 тежегіштері де донепезилдің метаболизмін бәсеңдетуі мүмкін. Дені сау адамдарда кетоконазол донепезилдің орташа концентрациясын шамамен 30 %-ға жоғарылатады.
Ферменттердің индукторлары (рифампицин, фенитоин, карбамазепин және этанол) донепезилдің деңгейін төмендетуі мүмкін. Алайда осындай тежейтін немесе индукциялайтын әсерінің дәрежесі белгісіз, препараттың мұндай біріктірілімін қолданғанда сақ болған жөн. Алзепил антихолинергиялық белсенділігі бар препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін.
Донепезил гидрохлориді антихолинергиялық белсенділігі бар препараттармен өзара әрекеттесе алады. Сондай-ақ сукцинилхолинмен, нейро -бұлшықет өткізуінің басқа блокаторларымен немесе жүрек өткізгіштігіне ықпалын тигізетін холинергиялық рецепторлардың антагонистерімен және бета-блокаторлармен бір мезгілде қабылдаған кезде синергизм болуы мүмкін.
Донепезилді қолданған кезде QTс аралығының ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия жағдайлары туралы хабарланды. Донепезилді QTс аралығын ұзартуға қабілетті препараттармен бірге қолданған кезде сақ болу ұсынылады және пациентті клиникалық бақылау (ЭКГ) қажет болуы мүмкін.
Мысалы ретінде келесі препараттар келтіріледі:
IA класының аритмияға қарсы препараттары, мысалы хинидин
III класының аритмияға қарсы препараттары, мысалы, амиодарон, соталол
Кейбір антидепрессанттар, мысалы циталопрам, эсциталопрам, амитриптилин
Кейбір психозға қарсы препараттар, мысалы фенотиазин туындылары, сертиндол, пимозид, зипрасидон
Кейбір антибиотиктер, мысалы кларитромицин, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин.
Арнайы сақтандырулар
Альцгеймер типті деменцияның ауыр түрімен, деменцияның басқа түрлері немесе жадының нашарлауымен (мысалы, жасқа байланысты когнитивті функцияның төмендеуі) пациенттерде Алзепилдің тиімділігі анықталмаған.
Анестезия
Препаратты анестезияда сақтықпен қолданады, өйткені холинэстераза тежегіші болғандықтан, Алзепил жалпы анестезия кезінде бұлшықеттік релаксацияның сукцинилхолинді типін күшейтуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр бұзылулары
Холинэстераза тежегіштері, олардың фармакологиялық әсеріне байланысты, жүректің жиырылу жиілігіне ваготониялық әсер етуі (брадикардия тудыруы) мүмкін. Мұндай әсердің болу мүмкіндігін синустық түйіннің әлсіздігінде немесе синоатриалдық немесе атриовентрикулярлық блокада сияқты суправентрикулярлы өткізгіштіктің басқа бұзылыстарында ескеру керек. Препарат жүрек ырғағының бұзылуында сақтықпен қолданылады.
Емдеу барысында естен тану және құрысу дамуы мүмкін. Мұндай пациенттерді тексерген кезде блокаданың немесе ұзақ уақыт синустық тоқтап қалушылықтың болу мүмкіндігін ескеру қажет.
Талып қалу жағдайлары мен құрысулардың дамуы туралы хабарламалар болды. Мұндай пациенттерді тексеру кезінде жүрек блокадасының немесе ұзақ синустық үзілістердің болу мүмкіндігін ескеру қажет.
Тіркеуден кейінгі кезеңде QTс аралығының ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия туралы хабарланды. Анамнезінде немесе отбасылық анамнезінде QTc аралығының ұзаруы бар немесе QTc аралығына әсер ететін препараттармен емделетін пациенттерде, жүректің тиісінше аурулары анықталған (мысалы, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жақында өткерген миокард инфарктісі, брадиаритмия сияқты) немесе электролиттік теңгерімінің бұзылуы (гипокалиемия, гипомагнезиемия) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Мұндай пациенттерге клиникалық бақылау (ЭКГ) қажет болуы мүмкін.
Асқазан-ішек жолы функциясының бұзылулары
Ойық жараның даму қаупі жоғары пациенттерді (мысалы, ойық жара ауруы анамнезінде көрсетілген немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдап жүрген пациенттерде) мониторингтеу және сақ болған жөн.
Алайда, донепезилдің клиникалық зерттеуінде плацебомен салыстырғанда пептидтік ойық жаралардың немесе асқазан-ішектік қан кетудің даму жиілігінің жоғарылауы анықталмады.
Несеп-жыныс жүйесі
Донепезил пайдаланып жүргізілген клиникалық зерттеулерде мұндай мәліметтер болмаса да, холиномиметиктер қуықтың сағасының обструкциясына әкелуі мүмкін.
Неврологиялық жай-күйлер
Холиномиметиктер жайылған құрысуды тудыруы мүмкін деп шамаланады, алайда құрысулар Альцгеймер ауруының белгісі болуы мүмкін. Холиномиметиктер экстрапирамидалық бұзылыстарды ушықтыруы немесе нашарлатуы мүмкін.
Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС)
ҚНС – гипертермиямен (қызба), бұлшықеттің сіресуімен, вегетативті жүйке жүйесінің бұзылыстарымен, сананың өзгеруімен, сарысулық креатининфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауымен сипатталатын өмір үшін әлеуетті қауіпті бұзылыс, донепезил қабылдағанда, әсіресе психозға қарсы препараттарды бірге қабылдайтын пациенттерде өте сирек туындайды. Қосымша симптомдары миоглобинурияны (рабдомиолиз) және бүйректің жедел жеткіліксіздігін қамтуы мүмкін.
Егер пациентте ҚНС симптомдары мен белгілері дамыса немесе қосымша клиникалық біліністерсіз түсініксіз жоғары температура болса, емдеуді тоқтату керек.
Өкпе функциясының бұзылулары
Холинэстераза тежегіштерін олардың холиномиметикалық әсеріне байланысты анамнезінде бронх демікпесі немесе өкпенің обструктивті аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Алзепилді ацетилхолинэстеразаның басқа тежегіштерімен, холинергиялық жүйенің агонистерімен немесе антагонистерімен бірге бір мезгілде қабылдамаған жөн.
Бауыр функциясының ауыр бұзылуы
Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолдану туралы деректер жоқ.
Деменциясы бар пациенттердегі өлім жағдайы
Тамырлы деменцияның (ТД) NINDS-AIREN критерийлеріне болжамды немесе ықтимал сәйкестігі бар пациенттермен 6 айға созылатын үш клиникалық сынақ жүргізілді. NINDS-AIREN критерийлері деменция тек тамырлы себептермен байланысты болуы мүмкін пациенттерді анықтауға және Альцгеймер ауруы бар пациенттерді анықтап шығаруға арналған.
Бірінші зерттеуде өлім жағдайының жиілігі 5 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 2/198 (1%), 10 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 5/206 (2,4 %) және плацебо тобында 7/199 (3,5 %) болды. Екінші зерттеуде өлім жағдайының жиілігі 5 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 4/208 (1,9%), 10 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 3/215 (1,4 %) және плацебо тобында 1/193 (0,5 %) болды. Үшінші зерттеуде өлім жағдайының жиілігі 5 мг донепезил гидрохлоридін қабылдайтын топта 11/648 (1,7 %) және плацебо тобында 0/326 (0 %) болды.
Донепезил гидрохлоридін қабылдайтын барлық топтарда өлім жағдайының жиілігі деңгейі ТД (1,7%) үш зерттеуінде плацебо тобына (1,1) қарағанда сандық түрде жоғары болды, бірақ бұл айырмашылық статистикалық тұрғыдан елеулі болмады. Донепезил гидрохлоридін немесе плацебо қабылдаған пациенттердің өлімінің көп жағдайлары тамырлардың қатарлас зақымдануы бар егде жастағы адамдардың осы популяциясында күтілетін әртүрлі тамыр бұзылуларының нәтижесінде пайда болды. Барлық күрделі өлімге әкелмейтін және өлімге әкелетін қан тамырларының оқиғаларын талдау олардың донепезил гидрохлориді мен плацебо қабылдайтын топтарда пайда болу жиілігінде айырмашылықты анықтаған жоқ.
Альцгеймер ауруын зерттеудің (n=4146), сондай-ақ тамырлар деменциясы (пациенттердің жалпы саны 6888) зерттеулері қосылатын Альцгеймер ауруының сол зерттеулерінің біріктірілген материалдарында плацебо топтарындағы өлім көрсеткіштері донепезил гидрохлоридімен емделген топтардағы көрсеткіштерден сандық түрде асып түседі.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Адамдағы жүктілік және лактация кезеңінде донепезилді қолдану туралы талапқа сай деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер тератогендік әсерді анықтаған жоқ, бірақ босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі уыттылықты көрсетті. Адам үшін потенциалды қаупі белгісіз.
Препаратты жүкті әйелдерге шарана үшін ықтимал қаупіне байланысты тағайындауға болмайды.
Бала емізу
Донепезил егеуқұйрықтарда сүтпен шығарылады. Донепезилдің адамда емшек сүтіне бөлінетіні анықталмаған; бала емізетін әйелдердің қатысуымен зерттеулер жүргізілген жоқ. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған кезде бала емізуді тоқтату мәселесін шешкен жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Донепезил көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеусіз немесе орташа әсер етеді.
Деменция автомобильді немесе басқа механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуымен қатар жүруі мүмкін. Бұдан басқа, негізінен, емнің бас кезінде немесе дозаны арттырған кезде донепезил шаршау сезімін, бас айналуды және бұлшық еттердің түйілуін тудыруы мүмкін. Пациенттің көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетін емдеуші дәрігер бағалауы тиіс.