Актобе қаласындағы Артоксан Суппозиторийлері 20 Мг №5 | УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.

Актобе қаласындағы Артоксан Суппозиторийлері 20 Мг №5 | УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Әлсіз иісі бар сары түсті біртекті торпедо тәрізді суппозиторийлер.

Международное наименование:

Теноксикам

Производитель:

УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.

Страна производитель:

Турецкая Республика

Действующее вещество:

қосымша зат – витепсол S55. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Әлсіз иісі бар сары түсті біртекті торпедо тәрізді суппозиторийлер.

Дозировка активного вещества:

20 мг

Лекарственная форма:

Ректальді суппозиторийлер, 20 мг

Количество в упаковке:

5 шт.

Инструкция

Показания к применению

Артоксан симптоматикалық емдеу үшін көрсетілген

- остеоартриттің, ревматоидтық артриттің, шорбуынданатын спондилиттің

- жедел подагралық артриттің, қаңқа-бұлшықеттің жедел ауыруының, операциядан кейінгі ауырсыну мен бастапқы дисменореяның симптоматикалық емі үшін қолданылады

Противопоказания

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- салицилатқа немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға (ҚҚСП) демікпе, ринит немесе есекжем сияқты реакциясы белгілі пациенттерге

- алдында ҚҚСП-мен жүргізілген дәрілік ем аясында анамнезінде асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі бар немесе осы аурулармен ауыратын пациенттерге

- анамнезінде қайталанатын ойық жара ауруы немесе қан кетуі бар пациенттерге (ойық жара ауруы диагнозы қойылған немесе қан кетудің екі немесе одан да көп түрлі эпизодтарының болуы)

- басқа ҚҚСП қабылдау жағдайындағыдай жүректің, бүйректің және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге

- қан ұюының ауыр бұзылулары

- проктит немесе тік ішектен қан кету

- жүктілік кезеңі, лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

ҚҚСП бүйректе простагландиндердің синтезін тежей алады және бүйрек гемодинамикасы бар пациенттерде тұз/су теңгеріміне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Анамнезінде бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді, диабет аясында бүйрек жеткіліксіздігі бар, бауыр циррозы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, гиповолемиясы бар пациенттер немесе бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттыратын дәрілік заттарды, мысалы, нефроуытты препараттарды, диуретиктерді және кортикостероидтарды Артоксан дәрілік препаратымен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерді бақылаған жөн (қандағы мочевина азотының (ҚМА) мөлшерін, креатининді, ісінудің дамуын, салмақтың артуын мұқият бақылау керек). Пациенттердің бұл тобы тікелей хирургиялық араласым кезінде және операциядан кейінгі кезеңде қан жоғалту мүмкіндігіне байланысты ерекше қауіп тобында болады. Осылайша, бұл пациенттер операциядан кейінгі кезеңде және қалпына келтіру кезеңінде мұқият бақылауда болуы керек.

Теноксикам плазма ақуыздарымен тығыз байланысатындықтан, плазмадағы альбумин деңгейінің айтарлықтай төмендеуі кезінде сақ болу және сақтық шараларын қабылдау керек.

Циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, ҚҚСП бар Артоксан дәрілік препаратын бір мезгілде пайдаланудан аулақ болу керек.

Симптомдарды бақылауға алу үшін қажетті аса қысқа уақыт мерзімі ішінде ең төменгі тиімді дозасын қолдана отырып, жағымсыз әсерлерін азайтуға болады.

Асқазан-ішектен қан кету, ойық жара ауруы және тесілу:

Теноксикамды қоса, ҚҚСП емі кезінде, симптомдарының дамуымен немесе онсыз немесе анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кетулер болған пациенттерде, асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жара ауруы немесе тесілулер туралы хабарланды. Осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулерде ойық жара ауруы мен қан кетудің даму қаупі жоқ пациенттердің қосалқы тобы анықталмаған.

Егде жастағы адамдарда ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялардың, әсіресе асқазан-ішектен қан кету мен өліммен аяқталған тесілудің жиілігі жоғары. АІЖ бұзылулары бар пациенттердің басқа пациенттерге қарағанда ойық жараның немесе қан кетудің туындауына төзімділігі анағұрлым төмен. ҚҚСП-мен байланысты өліммен аяқталған АІЖ ауруларының көпшілігі егде жастағы және / немесе әлсіреген пациенттерде байқалды. Асқазан-ішектен қан кету, ойық жара ауруының немесе тесілудің даму қаупі анамнезінде әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жара ауруы бар, жоғары дозаларда ҚҚСП пайдаланатын пациенттерде немесе егде жастағы адамдарда жоғары болады. Пациенттердің осы тобына емдеуді ең төмен дозадан бастаған жөн және асқазан-ішек ауруларының туындау қаупін арттыратын аспирин немесе басқа препараттарды қабылдайтын пациенттер үшін профилактикалық препараттармен (мысалы, мизопростолмен немесе протонды помпа тежегіштерімен) біріктірілген ем көрсетілген.

ҚҚСП-ны сақтықпен қолдану керек, өйткені олар анамнезінде ішектің қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттердің жағдайын нашарлатуы мүмкін. Асқазан-ішек уыттылығы тарихы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттер, емдеудің басында әдеттен тыс абдоминальді симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлауы керек.

Ойық жара ауруы немесе асқазан-ішектен қан кету туындаған кезде Артоксан дәрілік препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек.

Артоксан дәрілік препаратын антикоагулянттар, пероральді кортикостероидтар, варфарин, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе аспирин секілді тромбозға қарсы препараттар сияқты ойық жара ауруының немесе қан кетудің туындау қаупін арттыруы мүмкін дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде сақтық таныту керек.

Тері реакциялары

Терінің ауыр реакциялары туралы хабарланды, олардың кейбіреулері өліммен аяқталуы мүмкін, соның ішінде өте сирек кездесетін эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және ҚҚСП қабылдаумен байланысты уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы). Емдеудің бастапқы кезеңінде пациенттер осы реакциялардың пайда болу қаупі жоғары әсеріне ұшырайы мүмкін; көп жағдайда реакциялардың пайда болуы емдеудің бірінші айына келеді. Терінің ауыр реакциялары туындаған кезде кезде Артоксан дәрілік препаратын қолдануды дереу тоқтату керек.

Қан түзу жүйесінің тарапынан реакциялар

Теноксикам тромбоциттердің агрегациясын басады және гемостазға әсер етуі мүмкін. Артоксан дәрілік препараты қанның ұюына, қанның ұю уақытына, ішінара тромбопластин уақытына немесе белсенді тромбопластин уақытына айтарлықтай әсер етпейді.

Артоксан дәрілік препаратын пайдалану кезінде гемостазға әсер ететін коагуляция немесе дәрі-дәрмекпен емдеу бұзылулары бар пациенттерді бақылау керек.

Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйеге әсер ету

Анамнезінде артериялық гипертензиясы бар және/немесе жеңілден орташа дәрежеге дейін жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерге тиісті мониторинг жүргізу ұсынылады, өйткені сұйықтықтың іркілуі және ҚҚСП-мен байланысты ісінулер туралы хабарланған.

Клиникалық зерттеулер және эпидемиологиялық деректер ЦОГ-2 селективті тежегіштерін және кейбір ҚҚСП пайдалану (әсіресе жоғары дозаларда және ұзаққа созылған ем кезінде) бұл артериялық тромбоздық асқынулардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) пайда болу қаупінің аздап артуымен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, диагностикаланған ишемиялық жүрек ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттер Артоксан дәрілік препаратын мұқият тексеруден кейін ғана қолдануы тиіс. Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары бар пациенттерді мұндай бағалау ұзаққа созылатын емдеуді бастамас бұрын жүзеге асырылуы тиіс (мысалы, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу).

Офтальмологиялық әсерлер

Теноксикаммен және басқа ҚҚСП-мен емдеу кезінде көру мүшелері тарапынан кейбір жағымсыз әсерлер анықталды. Сондықтан көру қабілетінің бұзылуы бар пациенттерде көзді қарап-тексеру ұсынылады.

Басқа қабынуға қарсы препараттар сияқты, Артоксан инфекцияның жалпы белгілерін бүркемелеуі мүмкін.

ҚҚСП бүйректе простагландиндердің синтезін тежейтіндіктен, олар бүйрек гемодинамикасына және тұз бен су теңгеріміне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Анамнезінде бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді, диабет аясында бүйрек жеткіліксіздігі бар, бауыр циррозы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, гиповолемиясы бар пациенттер немесе нефроуытты препараттар, диуретиктер және кортикостероидтар секілді бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін әлеуетті түрде арттыруы мүмкін осындай дәрілік заттарды Артоксан дәрілік препаратымен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерді бақылаған жөн (қандағы мочевина азотының (ҚМА) мөлшерін, креатининді, ісінудің дамуын, салмақтың артуын мұқият бақылау керек).

Пациенттердің бұл тобы күрделі хирургиялық араласымдар кезінде және одан кейін және қалпына келтіру кезеңінде ауыр қан жоғалту қаупіне ұшырайды.

Теноксикам плазма ақуыздарымен тығыз байланысатындықтан, плазмадағы альбумин деңгейінің айтарлықтай төмендеуі кезінде сақтық шараларын сақтау керек.

Бронх түйілуінің туындау қаупіне байланысты, порфириясы, демікпесі, синуситі, полипозы бар пациенттерде теноксикамды сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолданылуы

Клиникалық тәжірибенің жеткіліксіздігіне байланысты жасөспірімдер мен балалар үшін жарамды доза бойынша ұсынымдар жоқ. Аталған дәрілік препарат осы жас тобында қолданылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде асқазан-ішектен қан кету, ойық жара ауруы немесе өліммен аяқталуы мүмкін тесілу қаупі жоғары. Пациенттердің осы тобында емдеуді ең төмен дозадан бастаған жөн, аспиринді төмен дозаларда немесе асқазан-ішек жолы ауруларының туындау қаупін арттыратын басқа да препараттарды қабылдайтын пациенттер үшін профилактикалық препараттармен (мысалы, мизопростолмен немесе протонды помпа тежегіштерімен) біріктірілген емді қолдану мүмкіндігі бар.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер ректальді суппозиторийлрді жоғарыда көрсетілген дозаларда қолдануына болады. Дегенмен, бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерге Артоксан дәрілік препаратын пайдаланған кезде бүйрек функциясының мұқият мониторингілеу ұсынылған. Жедел бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерге қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер ректальді суппозиторийлрді жоғарыда көрсетілген дозаларда қолдануына болады. Дегенмен, Артоксан дәрілік препаратын бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер пайдаланған кезде бүйрек функциясына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицилаттар және салицилаттар

Салицилаттар плазма ақуыздарымен байланысатын жерден оларды бөлу жолымен мелоксикамды қоса алғанда, ҚҚСП-ның клиренсі мен таралу көлемін арттырады. Артоксан дәрілік препаратын басқа ҚҚСП немесе салицилаттармен қатар пайдалану жағымсыз әсерлердің туындау қаупінің жоғары болуына байланысты ұсынылмайды.

Антиагреганттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштер

Антиагреганттарды және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ) мен ҚҚСП бір мезгілде қабылдау асқазан-ішектен қан кетулердің туындау қаупін арттырады.

Метотрексат

Метотрексатты кейбір ҚҚСП-мен бір мезгілде қабылдау бүйрек өзекшелеріндегі метотрексат секрециясының төмендеуімен, плазмадағы жоғары концентрациямен және метотрексаттың айқын уыттылығымен байланысты болды. Сондықтан Артоксан дәрілік препаратын метотрексатпен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек.

Зидовудин

ЖИТС-ті емдеу кезінде пайдаланылатын зидовудин мен ҚҚСП-ны бір мезгілде қолданғанда ретикулоциттер арқылы эритроциттердің жоғары уыттылығы байқалады, бұл емдеу басталғаннан кейін бір аптадан соң ауыр анемиямен қатар жүреді. Қан көрсеткіштерін ҚҚСП емдеу басталғаннан кейін екі аптадан соң бақылау керек.

Мифепристон

ҚҚСП мифепристонның әсерін төмендетуі мүмкін болғандықтан, Артоксан дәрілік препаратын мифепристонды қабылдағаннан кейін 8-12 күн ішінде қолдануға болмайды.

Литий

Артоксан мен литий дәрілік препаратын бір мезгілде қолдану плазмадағы литий деңгейінің жоғарылауына және оның уыттылығына әкелуі мүмкін, өйткені Артоксан литийдің бүйрек клиренсін төмендетеді. Сондықтан қан плазмасындағы литий деңгейін мұқият бақылау керек.

Циклоспорин және такролимус

Циклоспорин мен ҚҚСП-ны бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек, өйткені бұл нефроуыттылықтың пайда болу қаупін арттырады.

Хинолондар

Хинолондарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде құрысудың даму қаупі жоғары болуы мүмкін.

Диуретиктер және гипотензивті дәрілер

Жалпы барлық ҚҚСП жағдайындағыдай, Артоксанды калий сақтайтын диуретиктермен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Дәрілердің осы екі класы арасында белгілі өзара әрекеттесу бар, бұл гиперкалиемия мен бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Артоксан дәрілік препараты мен фуросемид арасында клиникалық маңызды өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Алайда, Артоксан гидрохлоротиазидтің гипотензивті әсерін төмендетеді.

Басқа ҚҚСП сияқты, Артоксан альфа-адренергиялық блокаторлардың, АӨФ және АРБ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылған, ангиотензинзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері мен теноксикамды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттер сұйықтықты талапқа сай мөлшерде қабылдауы қажет, сондай-ақ, біріктіріп емдеуді бастағаннан кейін және ары қарай жүйелі түрде, бүйрек функциясын бақылау керек.

Теноксикам мен орталықтан әсер ететін альфа-агонист немесе кальций өзекшелерінің блокаторы арасындағы өзара әрекеттесу туралы хабарланған жоқ.

Атенололмен және Артоксан дәрілік препаратымен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу болған жоқ. Клиникалық зерттеулер барысында оймақгүлді бір мезгілде пайдаланған пациенттерде өзара әрекеттесулер байқалмады. Осы себепті Артоксан дәрілік препараты мен дигоксинді бір мезгілде қабылдағанда елеулі әсерлердің пайда болу қаупі жоқ.

Антацидтер және H2-рецепторларының блокаторлары

Ұсынылған дозаларда антацидпен және циметидинмен бір мезгілде қолданғанда теноксикамның клиникалық маңызды өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Пробенецид

Пробенецидпен және теноксикаммен бір мезгілде емдеу теноксикамның плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Алайда бұл байқаудың клиникалық мәні анықталған жоқ.

Антикоагулянттар

Ұсынылған дозаларда варфаринді, фенпрокумонды және төмен молекулалы гепаринді бір мезгілде қабылдаумен теноксикамның клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Алайда, басқа ҚҚСП жағдайындағыдай, ҚҚСП-мен бір мезгілде антикоагулянттарды пайдаланатын пациенттерді мұқият бақылауды жүзеге асырған жөн.

Бір мезгілде қолданылғанда ҚҚСП антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Диабетке қарсы пероральді дәрілер

Диабетке қарсы глиборнуридті, глибенкламидті және толбутамидті және Артоксан дәрілік препаратын пероральді қабылдағаннан кейін клиникалық әсерлер өзгерген жоқ. Алайда, басқа ҚҚСП жағдайындағыдай, ҚҚСП-мен бір мезгілде пероральді диабетке қарсы дәрілерді қабылдап жүрген пациенттерді мұқият бақылауды жүзеге асырған жөн.

Алкоголь

Теноксикаммен алкоголь ішкен кезде асқазанның шырышты қабығының зақымдану қаупі жоғары.

Артоксанды алтын тұздарымен немесе пеницилламинмен бір мезгілде қабылдаған пациенттердің аз санында клиникалық маңызды өзара әрекеттесулердің аз саны да жоқ.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Препарат жүктілік кезінде қолдануға қарсы көрсетілімді.

Лактация

Теноксикам және оның метаболиттері емшек сүтіне енеді, сондықтан препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Фертильділігі

Теноксикамды қолдану, циклооксигеназа/простагландин синтезін басатын кез-келген препарат сияқты, фертильділікті бұзуы мүмкін және жүкті болуға тырысып жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Бала бітуде қиындыққа тап болған немесе бедеуліктің себептерін зерттеуге ұшыраған әйелдерде препаратты тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту қажет.

Взаимодействие

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Жағымсыз әсерлерді мейлінше азайту үшін қысқа уақыт ішінде ең төмен дозаларды қолдану қажет.

Бастапқы дисменорея мен жедел подаградан басқа барлық көрсетілімдер кезінде, ректальді суппозиторийлерді күніне бір рет, күнде бір уақытта 20 мг-ден қолдану керек.

Бастапқы дисменорея кезінде ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 20-дан 40 мг дейін құрайды.

Подаграның жедел ұстамалары кезінде ұсынылатын доза 2 күн бойы күніне бір рет 40 мг және келесі 5 күн бойы күн сайын 20 мг құрайды.

Созылмалы ауруларды теноксикаммен емдеу кезінде терапиялық тиімділігі емдеудің басында басталады және уақыт өте келе арта түседі. Созылмалы аурулар кезінде тәулігіне 20 мг дозадан асырмау керек. Керісінше жағдайда, жағымсыз әсерлерінің жиілігі мен ауырлығы терапиялық тиімділігінің айтарлықтай жоғарылауынсыз артады.

Енгізу жолы және тәсілі

Артоксан суппозиторийлерін ректальді қолданады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі байқалады.

Емі: спецификалық антидот жоқ. Егер теноксикамның артық дозалануына күдік туындаса, симптоматикалық ем ұсынылады.

Дәрі-дәрмекті қалай қолдану керектігі туралы дәрігерден кеңес алу бойынша ұсыныстар

Препаратты қолдану туралы сұрақтарыңыз болса, дәрігерге хабарласу керек.

Форма выпуска

5 суппозиторийден пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

250 С- ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

250 С- ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаАртоксан суппозиторийлері 20 мг №5 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
3140

от

Ваша выгода до: 108

i

Выгода за счет лучшего поиска:

Средняя цена в Актобе:

При заказе на Daribar от:

Ваша выгода до:

3248

3140

108

В корзину

Содержание

Кратко о товаре
ИнструкцияДетали покупки

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube

Контакты

[email protected]