daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Азопт Көз Тамшылары 1% 5 Мл | Alcon-Couvreur

Актобе қаласындағы Азопт Көз Тамшылары 1% 5 Мл | Alcon-Couvreur

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түстен ақшыл түске дейінгі біртекті суспензия

Халықаралық атауы:

Бринзоламид

Өндіруші:

Alcon-Couvreur

Өндіруші ел:

Королевство Бельгии

Белсенді ингредиент:

сульфонамидтерге жоғары сезімталдық бүйрек функциясының ауыр бұзылуы гиперхлоремиялық ацидоз

Белсенді заттың дозасы:

1%

Қаптамадағы саны:

1 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл суспензияның құрамында:

белсенді зат – 10 мг бринзоламид;

қосымша заттар: бензалконий хлориді 50% ерітінді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, тилоксапол, маннитол, карбомер (974Р), натрий гидроксиді және/немесе рН түзетуге арналған хлорсутек қышқылы, стерильді тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түстен ақшыл түске дейінгі біртекті суспензия

Қолдану көрсеткіштері

Азопт препараты мынадай жағдайларда жоғары көзішілік қысымды төмендету үшін арналған

көз гипертензиясы,

ашық бұрышты глаукома

бета-адреноблокаторлардан немесе бета-адреноблокаторларды қолдануға болмайтын ересек пациенттерде монотерапия ретінде немесе бета-адреноблокаторларға немесе простагландиндер аналогтарына қосымша ем ретінде.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

сульфонамидтерге жоғары сезімталдық

бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

гиперхлоремиялық ацидоз

Сақтық шаралары

Азопт препараты карбоангидразаның сульфонамидтік тежегіші болып табылады және жергілікті қолдануға қарамастан, оның жүйелі сіңірілуі жүзеге асырылады. Жергілікті қолданғанда сульфонамидтерге тән жағымсыз реакциялар, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН) болуы мүмкін. Емдеу кезінде пациенттерге осы реакциялардың белгілері мен симптомдары туралы ескерту керек. Тері реакцияларын мұқият бақылау қажет. Ауыр реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық белгілері болған кезде Азопт препаратын қолдануды дереу тоқтату қажет.

Өзара әрекеттесуі

Азопт препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Клиникалық зерттеулерде Азопт препараты простагландиндердің аналогтарымен және жағымсыз өзара әрекеттесу белгілері жоқ тимололдың офтальмологиялық препараттарымен бір мезгілде қолданылды. Глаукоманы қосымша емдеу кезінде Азопт препараты мен миотикалық дәрілер немесе адренергиялық агонистер арасындағы өзара байланысты бағалау жүргізілген жоқ.

Азопт препараты карбоангидраза тежегіші болып табылады және оның жергілікті қолданылуына қарамастан, жүйелік қан ағымына өтеді. Карбоангидраза тежегіштерінің пероральді түрлерін қолдану кезінде қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік бұзылысының дамуы сипатталған. Азопт препаратын қабылдайтын пациенттерде өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру қажет.

Метаболизмге жауап беретін Р-450 цитохромының изоферменттеріне CYP3A4 (негізгі), CYP2A6, CYP2С8 және CYP2С9 кіреді. Кетоконазол, итраконазол, клотримазол, ритонавир және троллеандомицин сияқты CYP3A4 изоферментін тежейтін препараттар CYP3A4 изоферментімен бринзоламидтің метаболизмін тежейді деп болжанады. CYP3A4 изоферментінің тежегіштерін бірге тағайындағанда сақ болу керек. Алайда, бринзоламидтің жиналуы екіталай, себебі препарат организмнен негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Бринзоламид P-450 цитохромы изоферменттерінің тежегіші болып табылмайды.

Арнайы нұсқаулар

Карбоангидраза тежегіштерін пероральді қабылдау кезінде қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы байқалған. Метаболизмдік ацидоздың дамуының ықтимал қаупіне байланысты бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолданған жөн.

Бринзоламидті қолдану шала туылған нәрестелерде (гестациялық жасы 36 аптадан аз) және 1 аптаға дейінгі балаларда зерттелмеген. Бүйрек түтікшелері айтарлықтай жетілмеген немесе ауытқушылығы бар пациенттер бринзоламидті метаболизмдік ацидоздың ықтимал қаупіне байланысты қауіп пен пайдасын мұқият талдағаннан кейін ғана қабылдауы тиіс.

Пероральді қолданылатын карбоангидраза тежегіштері жоғары зейінді және (немесе) қозғалыс үйлесімін талап ететін қызметпен айналысу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Азопт жүйелі түрде сіңіріледі, сондықтан бұл жергілікті қолданғанда орын алуы мүмкін.

Қатар жүретін ем

Пероральді карбоангидраза тежегіші мен Азопт препаратын қабылдайтын пациенттерде карбоангидразаның тежелуінің белгілі жүйелік әсерлеріне аддитивті әсер етуінің мүмкіндігі бар. Азопт препаратын және карбоангидразаның пероральді тежегіштерін бір мезгілде қолдану зерттелмеген және ұсынылмайды.

Азопт негізінен глаукоманың қосымша емі ретінде тимололмен бір мезгілде қолданғанда талданды. Сонымен қатар, травопрост простагландин аналогына қосымша ем ретінде Азопт препаратының көзішілік қысымын төмендететін әсері зерттелді. Травопростқа қосымша ем ретінде Азопт препаратын қолдану туралы ұзақ мерзімді деректер жоқ.

Псевдоэксфолиативті глаукомасы немесе пигментті глаукомасы бар пациенттерді емдеуде Азопт препаратын қолдану тәжірибесі шектеулі. Мұндай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек және көзішілік қысымға (КІҚ) мониторинг жүргізу ұсынылады. Азопт препараты тар бұрышты глаукомасы бар пациенттерде зерттелмеген, сондықтан оны осы пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Мөлдір қабығы зақымданған пациенттерде бринзоламидтің мөлдір қабықтың эндотелий функциясына ықтималды әсері зерттелмеген (әсіресе эндотелий жасушаларының саны төмен пациенттерде). Атап айтқанда, жанаспалы линзаларды тағатын пациенттерде Азопт препаратын қолдану зерттелмеген, сондықтан бринзоламидті қолданған кезде мұндай пациенттерді мұқият бақылауда ұстау ұсынылады, себебі карбоангидраза тежегіштері мөлдір қабықтың гидратациясына әсер етуі мүмкін және жанаспалы линзаларды тағу мөлдір қабықтың зақымдану қаупін арттыруы мүмкін. Мөлдір қабықтың ауытқулары, қант диабеті немесе мөлдір қабықтың дистрофиясы бар пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Азопт препаратының құрамында бензалконий хлориді бар, ол көзді тітіркендіруі мүмкін.

Сондай-ақ, бензалконий хлориді нүктелік кератопатияның және/немесе уытты ойық жаралы кератопатияның дамуына әкелуі мүмкін екендігі туралы хабарланды. Құрғақ көз синдромы бар немесе мөлдір қабығы зақымданған пациенттерде препаратты ұзақ немесе жиі қолданғанда емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Жанаспалы линзаларды тағу

Бензалконий хлориді, әдетте, жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіруі мүмкін. Препараттың жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасуынан аулақ болу керек. Пациенттерге Азопт препаратын қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешу қажеттілігі туралы хабарлау керек, содан кейін жанаспалы линзаларды қайта тағар алдында 15 минут күту керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Азопт препаратын жүктілік кезінде және контрацепцияны пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жастағы әйелдерге қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу

Жаңа туған нәрестелер/емшек еметін нәрестелер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Тиісті жағдайларда емшекпен емізуді тоқтату немесе Азопт препаратымен емдеуді тоқтату туралы шешімді бала үшін емшекпен емізудің пайдасын және әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып қабылдау қажет.

Фертильділік

Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейін бринзоламидтің адамның ұрпақ өрбіту функциясына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Педиатрияда қолдану

Жаңа туғаннан бастап 17 жасқа дейінгі сәбилерде, балалар мен жасөспірімдерде Азопт препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ, соның салдарынан препаратты пациенттердің осы тобында қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Азопт препараты көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер етеді.

Көру қабілетінің уақытша бұлыңғырлығы немесе басқа көру қабілетінің бұзылуы көлік құралдарын басқаруға және механизмдермен жұмыс істеуге әсер етуі мүмкін. Егер препаратты қолдану кезінде көру қабілеті қиындаса, пациентке автокөлік жүргізуге немесе механизмдермен жұмыс істеуге кіріспес бұрын көру қабілеті қалпына келгенше күту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Монотерапия немесе қосымша ем ретінде пайдаланған кезде зақымданған көздің конъюнктивалық қабына Азопт препараты доза күніне екі рет бір тамшыны құрайды. Кейбір пациенттерде күніне үш рет бір тамшы дозадан жақсы жауап болуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Жаңа туғаннан бастап 17 жасқа дейінгі сәбилерде, балалар мен жасөспірімдерде Азопт препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ, соның салдарынан препаратты пациенттердің осы тобында қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Азопт препараты бауыр функциясы бұзылған пациенттердің арасында зерттелген жоқ, сондықтан пациенттердің осы тобында қолдану үшін ұсынылмайды.

Бүйрек функциясы ауыр бұзылған (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде Азопт препаратын қолдануға зерттеу жүргізілген жоқ. Бринзоламид және оның негізгі метаболиттері негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, Азопт препаратын мұндай пациенттерге қолдануға болмайды.

Енгізу әдісі және жолы

Тек офтальмологияда қолдануға арналған.

Азопт препаратын тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы окклюзиясын жүргізу немесе қабақтарды абайлап жабу ұсынылады. Бұл көзге енгізілетін дәрілік препараттың жүйелі түрде сіңірілуін төмендетуі және сол арқылы жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуын азайтуы мүмкін.

Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку керек. Қақпақты шешкеннен кейін, егер алғаш рет ашуды бақылауға арналған бекіткіш сақина босаған болса, препаратты қолданар алдында оны алып тастаңыз.

Құтының және суспензияның тамшылатқыш ұшының ластанбауы үшін тамшылатқыштың ұшын қабаққа, оның айналасындағы тіндерге немесе басқа қабаттарға тигізбеңіз. Қолданғаннан кейін құтыны мықтап жабыңыз.

Глаукомаға қарсы басқа офтальмологиялық препаратты Азопт препаратымен ауыстырған кезде, осы препаратты қабылдауды тоқтатып, келесі күні Азопт препаратын қабылдауды бастаңыз.

Егер жергілікті қолдану үшін біреуден артық офтальмологиялық дәрілік препарат пайдаланылса, оларды қолданудың арасында кемінде 5 минут аралықты сақтау керек. Көзге арналған жақпамайды соңынан қолдану керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеудің ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Кездейсоқ немесе әдейі жұтудың нәтижесінде болатын артық дозалану туралы деректер жоқ.

Артық дозаланған жағдайда пациентке тиісті бақылау мен емдеуді қамтамасыз ету қажет.

Емдеу симптоматикалық және демеуші болуы керек. Электролиттік теңгерімсіздіктің пайда болуы, ацидозды жағдайдың дамуы, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулардың пайда болуы мүмкін. Сарысу электролиттерінің (негізінен калий) деңгейлері мен қанның рН деңгейін бақылау керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Дозаны өткізіп алған жағдайда, емдеу келесі жоспарланған дозадан бастап жалғастырылуы тиіс. Препараттың дозасын [зақымданған көзге күніне үш рет бір тамшыдан] асырмау керек.

Тоқтату кезіндегі симптомдар қаупінің бар-жоғын көрсету

Қатысты емес.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.

Артық дозалану

Кездейсоқ немесе әдейі жұтудың нәтижесінде болатын артық дозалану туралы деректер жоқ.

Артық дозаланған жағдайда пациентке тиісті бақылау мен емдеуді қамтамасыз ету қажет.

Емдеу симптоматикалық және демеуші болуы керек. Электролиттік теңгерімсіздіктің пайда болуы, ацидозды жағдайдың дамуы, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулардың пайда болуы мүмкін. Сарысу электролиттерінің (негізінен калий) деңгейлері мен қанның рН деңгейін бақылау керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Дозаны өткізіп алған жағдайда, емдеу келесі жоспарланған дозадан бастап жалғастырылуы тиіс. Препараттың дозасын [зақымданған көзге күніне үш рет бір тамшыдан] асырмау керек.

Тоқтату кезіндегі симптомдар қаупінің бар-жоғын көрсету

Қатысты емес.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.

Жанама әсерлері

Жиі

көрудің бұлыңғырлығы, көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, көзде бөгде затты сезіну, көз гиперемиясы

дисгевзия

Жиі емес

назофарингит, фарингит, синусит

эритроциттер санының төмендеуі, хлоридтер деңгейінің жоғарылауы

депрессия, апатия, көңіл-күйдің төмендеуі, либидоның төмендеуі, қорқынышты түстер, күйгелектік

қозғалыс дисфункциясы, амнезия, бас айналуы, парестезия, бас ауыруы

мөлдір қабық эрозиясы, кератит, нүктелік кератит, кератопатия, көздің бөліністері, мөлдір қабықтың боялуы, мөлдір қабық эпителийінің ақауы, мөлдір қабық эпителийінің бұзылуы, блефарит, көздің қышуы, конъюнктивит, көздің ісінуі, мейбомианит, ақ дақтар, көздің қарығуы, аллергиялық конъюнктивит, птеригиум, ақ қабықтың пигментациясы, астенопия, көздегі жайсыздық, көздің қалыптан тыс сезімі, құрғақ кератоконьюнктивит, субконьюнктивальды киста, конъюнктива гиперемиясы, қабақтың қышуы, көзден ағатын бөліністер, қабақтың шеттерінде қабыршақтың пайда болуы, жас ағудың көбеюі

кардиореспираторлық дистресс, брадикардия, жүрек соғысы

ентігу, мұрыннан қан кету, ауыз жұтқыншақтың ауыруы,

жұтқыншақтың ауыруы, тамақтың тітіркенуі, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы жөтел синдромы, ринорея, түшкіру

эзофагит, диарея, жүрек айну, құсу, диспепсия, іштің жоғарғы жағының ауыруы, іштегі жайсыздық, асқазандағы жайсыздық, метеоризм, нәжістің жиілеуі, асқазан-ішек бұзылыстары, ауыз қуысының гипестезиясы, ауыз қуысының парестезиясы, ауыздың құрғауы

бөртпе, дақты-папулезді бөртпе, терінің тартылуы

арқаның ауыруы, бұлшықеттің түйілуі, бұлшықеттің ауыруы

бүйрек проекциясындағы ауырсыну

эректильді дисфункция

ауырсыну, кеудедегі жайсыздық, шаршау, өзін нашар сезіну

көздегі бөгде зат

Сирек

ұйқысыздық

есте сақтау қабілетінің бұзылуы, ұйқышылдық

мөлдір қабықтың ісінуі, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, фотопсия, көз гипестезиясы, периорбитальды ісіну, көзішілік қысымның жоғарылауы, көру жүйкесі/диск тостағаншасының арақатынасының ұлғаюы

тиннитус

стенокардия, тамыр соғысының тұрақсыздығы

бронхтардың аса жоғары реакциясы, жоғарғы тыныс алу жолдарының бітелуі, мұрын қуысының бітелуі, мұрынның бітелуі, жөтел, мұрын ішінің құрғауы

есекжем, алопеция, жаппай қышыну

кеуденің ауыруы, күйгелектік сезімі, астения, ашушаңдық

Белгісіз (қолдағы мәліметтердің негізінде бағалау мүмкін емес)

ринит

жоғары сезімталдық

тәбеттің төмендеуі

тремор, гипестезия, агевзия

мөлдір қабықтың ауруы, көру қабілетінің бұзылуы, көздің аллергиясы, мадароз, қабақтың ауруы, қабақтың эритемасы

вертиго

бронх демікпесі

аритмия, тахикардия, гипертензия, артериялық қысымның жоғарылауы, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы

бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы

Стивенс-Джонсон синдромы (СДС)/ уытты эпидермалық некролиз (УЭН), дерматит, эритема

артралгия, аяқ-қолдардың ауыруы

жиі несеп шығару

шеткері ісінулер, дімкәстік

Шығарылу түрі

5 мл препараттан тамшылатқыш-дозатормен және полипропиленді бұралатын қақпақпен тығындалған, тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған мөлдір емес құтыға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Құтыны ашқаннан кейін – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

4 °С-ден 30 °С дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

4 °С-ден 30 °С дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Құтыны ашқаннан кейін – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

4 °С-ден 30 °С дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАзопт көз тамшылары 1% 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.83/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
12 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
2
5
star
10
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
21 Августа 2023
Комментарий: Капли очень эффективные. Пользуемся уже год. Помогают хорошо. Очень удобные. Советую.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Июля 2023
Комментарий: Покупала маме, очень удобно, спасибо большое.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Июля 2023
Комментарий: Очень удобно! Всё быстро и вовремя. Отлично!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Июня 2023
Достоинства: Всегда приобретаю по назначению врача. Спасибо, что были в наличии. По этой цене в 5 аптеках сетевых поблизости не было.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 Мая 2023
Достоинства: Очень эффективное лекарство для глаз.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
30 Апреля 2023
Достоинства: Срок годности большой.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 Апреля 2023
Достоинства: Глазные капли принимаю более 3-х лет. Эффективные и доступные. От повышенного внутриглазного давления. На сегодня - лучшие для меня среди доступных.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 Апреля 2023
Достоинства: Товар прибыл вовремя. Упаковка целая.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 Апреля 2023
Комментарий: Спасибо, сервис отличный, всё вовремя.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
13 Февраля 2023
Комментарий: Цена потрясающая. Дешевле, чем другие капли при глаукоме. Обязательно ознакомьтесь с инструкцией и возможными побочными эффектами.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
29 Января 2023
Недостатки: Очень дорогие капли.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
11 Марта 2022
Достоинства: Быстро действуют.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube