daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Бензилбензоат-Гриндекс Жақпа 20% 30 Г | Таллиннский фармацевтический завод

Актобе қаласындағы Бензилбензоат-Гриндекс Жақпа 20% 30 Г | Таллиннский фармацевтический завод
Сипаттама:

Өзіне тән иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсі жақпамай.

Халықаралық атауы:

Бензилбензоат

Өндіруші:

Таллиннский фармацевтический завод

Өндіруші ел:

Эстония

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: полисорбат-80, карбомер, натрий гидроксиді, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бронопол, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Өзіне тән иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсі жақпамай.

Белсенді заттың дозасы:

20%

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Қышыма.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қандай да бір қосымша затқа аса жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар 

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Емді бастамас бұрын науқасқа терінің беткейінен кенелерді механикалық алып тастау үшін, сондай-ақ эпидермистің беткі қабатын жұмсарту үшін (препараттың енуін жеңілдету үшін) ыстық душ қабылдаған дұрыс. Әр мәжбүрлі қол жуудан кейін қайта өңдеу қажет. Бір ошақта анықталған науқастарды, сондай-ақ қайта жұқтыруды болдырмау үшін байланыста болған адамдарды емдеу бір мезгілде жүргізілуі тиіс. Емдеуден кейін қышынудың сақталуы арнайы емнің қосымша курсын тағайындау үшін көрсетілім болып табылмайды. Қышыну бұл қырылған кене мен ағзаның тіршілік әрекеті өнімдеріне дененің реакциясы болып табылады және антигистамин препараттары мен глюкокортикостероидтары бар жақпамайды тағайындау кезінде жоғалады. Емнен кейін 2 апта бойы дәрігерлік бақылау қажет, ал асқынулар бар болса және ұзақ уақыт.

Зақымданған терімен түйіскен барлық заттар мұқият өңдеуге ұшырауы тиіс. Төсек-орын жабдығы, іш киім, сүлгілер жуатын ұнтақ ерітіндісінде 5-10 минут бойы қайнатылады. Сырт киімді екі жағынан ыстық үтікпен үтіктейді. Термиялық өңдеуге жатпайтын заттарды ашық ауаға 3 күнге іліп қояды. Аяқ киім, ойыншықтар және өзге де заттар 5 күн бойы пайдаланудан шығарылады және целлофан пакетке салынады. Матрастар, жастықтар, көрпелер де 5 күнге пайдаланудан шығарылады немесе камералық дезинфекцияға ұшырайды. Жұмсақ жиһазды дезинсекциялауға арналған препараттармен өңдеуге болады. Пәтерде тазалау, жуу құралдарымен немесе дезинфекциялық заттарды қоса отырып едендерді жуу қажет. Жақпамайдың көзге, мұрынға, ауыз қуысына түсуіне жол бермеу керек.

Препарат түскен кезде:

- ауыз қуысына: ауыз қуысын мол сумен немесе натрий гидрокарбонатының 2% жылы ерітіндісімен (ас содасы) шайыңыз;

- асқазанға: асқазанды натрий гидрокарбонатының 1-2% ерітіндісімен, күйдірілген магнезия және белсендірілген көмірдің су қоспасымен жуады(бір стакан суға 1-2 ас қасық);

- мұрынға: жеткілікті сумен шайыңыз;

- көзге: сумен немесе натрий гидрокарбонатының ерітіндісімен жақсылап шайыңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен фармакологиялық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ, алайда барлық паразитке қарсы дәрілер сияқты басқа сыртқа қолдануға арналған дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Арнайы ескертулер

Жақпамай құрамында бронопол, метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар. Бронопол терінің жергілікті реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит). Метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат аллергиялық реакциялар (сонымен қатар баяулаған типті) тудыруы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және бала емізу кезінде жақпамайды қолдануға болмайды.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен фармакологиялық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ, алайда барлық паразитке қарсы дәрілер сияқты басқа сыртқа қолдануға арналған дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Арнайы ескертулер

Жақпамай құрамында бронопол, метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар. Бронопол терінің жергілікті реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит). Метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат аллергиялық реакциялар (сонымен қатар баяулаған типті) тудыруы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және бала емізу кезінде жақпамайды қолдануға болмайды.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Шығарылу түрі

30 г препараттан ішкі беткейі лакпен жабылған, мойнында қорғаныш алюминий жарғақшасы және пластмассадан жасалған бұрандалы бушонда жарғақша тесетін конус тәрізді құрылғысы бар алюминий сықпаға салынады.

Сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2,5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

30 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыбензилбензоат-Гриндекс жақпа 20% 30 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube