Показания к применению
- хирургиялық араласымдар кезіндегі жұлын (субарахноидальді) анестезиясы
- аяққа жасалатын хирургиялық операциялар, оның ішінде 1,5-тен 4 сағатқа дейін созылған жамбасқа жасалатын операциялар
- хирургиялық араласымдар кезіндегі жұлын (субарахноидальді) анестезиясы
- аяққа жасалатын хирургиялық операциялар, оның ішінде 1,5-тен 4 сағатқа дейін созылған жамбасқа жасалатын операциялар
- бупивакаинге немесе амид типтес басқа жергілікті анестетиктерге немесе препараттың қандай да бір қосымша затына аса жоғары сезімталдық
- орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) жедел ауруы, мысалы, менингит, бас немесе жұлын ісіктері, полиомиелит, бассүйек ішіне қан құйылу
пернициозды анемия және ми мен жұлын ісіктері салдарынан жұлынның жеделге жуық біріктірілген дегенерациясы
- жұлын стенозы және омыртқаның белсенді ауруы (туберкулез, спондилит, ісіктер және т. б.) немесе жақында бастан өткерген омыртқа жарақаты
- септицемия
- пункция аумағында немесе пункция орнына жақын орналасқан аймақтарда терінің іріңді инфекциясы
- кардиогенді немесе гиповолемиялық шок
- қан ұюының бұзылуы немесе антикоагулянттарды қолдану
- жүктілік кезінде
Басқа дәрілік заттар, мысалы, жергілікті анестезияға арналған басқа дәрілер және аритмияға қарсы дәрілер (лидокаин, мексилетин, амиодарон) бупивакаин ерітіндісінің әсеріне және дұрыс дозасын есептеуге әсер етуі мүмкін. Моноаминоксидаза тежегіштерімен (прокарбазин, селегелин) қолдану артериялық қысымның шамадан тыс төмендеу қаупін арттырады. Жергілікті анестетиктер ОЖЖ тежейтін дәрілік заттармен туындаған ОЖЖ басылуын күшейтеді. Антикоагулянттар қан кету қаупін арттырады. Жергілікті анестетиктің инъекциялық аумағын ауыр металдардан тұратын дезинфекциялық ерітінділермен емдеу кезінде ауырсыну және ісіну түрінде жергілікті реакцияның пайда болу қаупі артады. Галотанды жалпы ингаляциялық анестезиямен біріктіру бупивакаиннің кардиоуытты даму қаупін арттырады. Бұлшықет босаңсытатын дәрілік заттардың әсерін күшейтеді және ұзартады. Қаңқа бұлшықетіне әсері бойынша, әсіресе жоғары дозаларда пайдаланған кезде миастенияға қарсы дәрілік заттармен антагонизм танытады, бұл миастенияны емдеуді қосымша түзетуді талап етеді. Холинэстераза тежегіштері жергілікті анестетикалық дәрілік заттардың метаболизмін төмендетеді.
4 мл препараттан сындыру сызығы немесе нүктесі және көк түсті екі таңбалау сақинасы бар түссіз шыныдан жасалған ампулада.
5 ампуладан жабыны жоқ поливинилхлоридті үлбірден жасалған ампулаларға арналған пішінді ұяшықты қаптамаға (тұғыр) салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.