daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Дексамед Таблеткалары 0,5 Мг №100 | Медокеми Лтд

Актобе қаласындағы Дексамед Таблеткалары 0,5 Мг №100 | Медокеми Лтд

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, қызғылт түсті, сызығы бар, «МС» өрнегі бар және диаметрі 7 мм таблеткалар (0.5 мг дозасы үшін). Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ түсті, сызығы бар және диаметрі 7 мм таблеткалар (1.5 мг дозасы үшін).

Халықаралық атауы:

Дексаметазон

Өндіруші:

Медокеми Лтд

Өндіруші ел:

Республика Кипр

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің диоксиді, магний стеараты, эритрозин лагы (Е 127), хинолинді сары лак (Е 104). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, беті тегіс, қызғылт түсті, сызығы бар, «МС» өрнегі бар және диаметрі 7 мм таблеткалар (0.5 мг дозасы үшін). Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ түсті, сызығы бар және диаметрі 7 мм таблеткалар (1.5 мг дозасы үшін).

Белсенді заттың дозасы:

0,5 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дексамед, таблеткалар кортикостероидтардың қабынуға қарсы және иммуносупрессиялық әсерлері қажет болатын аурулар кезінде, әсіресе қысқа уақыт аралығында қарқынды емдеу кезінде қолданылады.

Аллергиялық аурулар

Стандартты ем тиімді болмаған кезде ауыр немесе мүгедек қылатын аллергиялық ауруларды бақылау:

- тұрақты немесе маусымдық аллергиялық ринит

- бронх демікпесі

- жанаспалы дерматит

- атопиялық дерматит

- сарысу құю ауруы

- дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары

Ревматизмдік аурулар

Препарат ауру өршіген кезде қысқа мерзімді перспективада қосымша ем ретінде тағайындалады:

- псориаздық артрит

- ревматоидтық артрит, оның ішінде ювенильдік ревматоидтық артрит (жекелеген жағдайларда төмен дозаларда демеуші ем қажет болуы мүмкін)

- шорбуынданатын спондилит

- жедел немесе жеделге жуық бурсит

- спецификалық емес жедел теносиновит

- жедел подагралық артрит

- жарақаттан кейінгі остеоартрит

- артроз кезіндегі синовит

- эпикондилит

Тері аурулары

- күлдіреуік

- буллезді герпес тәрізді дерматит

- қатерлі көп формалы экссудативті эритема (Стивен-Джонсон синдромы)

- эксфолиативті дерматит

- фунгоидты микоз

- псориаз (ауыр түрлері)

- себореялық дерматит (ауыр түрлері)

Көз аурулары

- аллергиялық конъюнктивит

- кератит

- мөлдір қабықтың шығу тегі аллергиялық шеткейлік ойықжарасы

- офтальмологиялық құрсау теміреткі

- ирит және иридоциклит

- хориоретинит

- көздің алдыңғы сегментінің қабынуы

- солғын ағымды артқы увеит және хориоидит

- көру жүйкесінің невриті

- симпатикалық офтальмия

Эндокриндік бұзылыстар

- бүйрекүстібез қыртысы функциясының бастапқы және салдарлық (гипофиздік) жеткіліксіздігінің орын басу емі (күшті минералокортикоидтық әсеріне байланысты кортизон немесе гидрокортизон қолданылатын бүйрекүстібез функциясының жеткіліксіздігінен басқа)

- бүйрекүстібездің туа біткен гиперплазиясы

- жеделге жуық тиреоидит және сәулелік тиреоидиттің ауыр түрлері

- қатерлі ісіктер кезіндегі гиперкальциемия

Тыныс алу ағзаларының аурулары

- симптоматикалық саркоидоз

- басқа дәрілермен емдеуге келмейтін Леффлер синдромы

- бериллиоз

- туберкулезге қарсы тиісті химиотерапиямен біріктірілімдегі өкпенің фульминантты немесе диссеминацияланған туберкулезі

- аспирациялық пневмония

Қан аурулары

- ересектердің идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурасы

- ересектердің салдарлық тромбоцитопениясы

- аутоиммундық гемолиздік анемия

- эритробластопения

- туа біткен гипопластикалық анемия (эритроидтық)

Қатерлі аурулар

Паллиативтік ем үшін:

- ересектердегі лейкемия және лимфома

- балалардағы жедел лейкемия

- цисплатинмен және басқа да химиотерапиялық препараттармен жүргізілетін эметогендік химиотерапиямен байланысты жүрек айну мен құсуды емдеу.

Ісіну синдромы

- уремиясыз нефроздық синдром немесе жүйелі қызылжегінің идиопатиялық түрі кезінде диурезді жақсарту немесе протеинурияның ремиссиясына қол жеткізу үшін

- мидың ісінуі

Асқазан-ішек бұзылыстары

- спецификалық емес ойықжаралы колит (ауыр өршулер)

- Крон ауруы (ауыр өршулер)

Басқа көрсетілімдер:

- субарахноидалдық блокадасы бар немесе туберкулезге қарсы адекватты еммен біріктірілімдегі блокада қаупі бар туберкулезді менингит

- неврологиялық немесе миокардиалық көріністері бар трихинеллез

Өршу кезінде немесе жекелеген жағдайларда демеуші ем ретінде:

- диссеминацияланған қызыл жегі

- жедел ревматизмдік кардит

- адренокортикальдық гиперфункцияны диагностикалық тестілеу

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жедел вирустық, бактериялық және жүйелі зеңдік инфекциялар (тиісті ем қолданылмаған жағдайда)

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы

-остеопороз

- Кушинг синдромы

- ауыр артериялық гипертензия

- айқын бүйрек жеткіліксіздігі

- III-IV дәрежедегі семіздік

- туберкулездің белсенді түрі

- жедел психоз

- бауыр циррозы немесе созылмалы гепатит

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- вирусқа қарсы тірі вакциналарды енгізу

- тұқым қуалаған фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Кортикостероидтармен емдегенде ең төменгі дозаны пайдалану керек және мүмкіндігінше клиникалық тиімділігі мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін дозаны біртіндеп төмендету керек.

Кортикостероидтармен емдеуді күрт тоқтатқаннан кейін бүйрекүстібездің салдарлық жеткіліксіздігі туындауы мүмкін, оны дозаны біртіндеп төмендету арқылы барынша азайтуға болады. Салыстырмалы жеткіліксіздіктің бұл түрі емді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін: демек, осы кезең ішінде туындайтын кез келген "стресстік" жағдайда кортикостероидтармен емдеу қайта басталуы немесе пайдаланылатын доза арттырылуы керек.

Емдеуді тоқтатқаннан кейін кортикостероидтар қызбамен, миалгиямен, артралгиямен және дімкәстікпен сипатталатын синдромды туындатуы мүмкін. Бұл бүйрекүстібез жеткіліксіздігінің қандай да бір белгілерінсіз туындауы мүмкін. Сондықтан дексаметазон дозасын біртіндеп азайту керек. Препаратты қабылдауды күрт тоқтату өлімге әкелуі мүмкін.

Дәрі-дәрмектік адренокортикоидтық жеткіліксіздік кезінде минералокортикоидтардың секрециясы бұзылуы мүмкін, сондықтан тұздарды және/немесе минералокортикоидтарды қабылдау параллель жүргізілуі керек.

Несеп талдауы, тамақтанғаннан кейін екі сағаттан кейін қандағы глюкоза деңгейі, артериялық қысым мен салмақты өлшеу, кеудені рентгенге түсіру сияқты стандартты зертханалық зерттеулер ұзақ ем кезінде үнемі жүргізілуі керек. Жоғары дозаларды қолданған кезде қан сарысуындағы калий мөлшерін мезгіл-мезгіл өлшеп отыру керек.

Кез келген басқа глюкокортикоидтар қабылдаған пациенттер дозаны тиісінше түзете отырып, дексаметазонға ауыстырылуы мүмкін.

Дексаметазонмен немесе табиғи глюкокортикоидтармен емдеу инфекцияның кейбір белгілерін жасыруы мүмкін және препаратты қолдану кезінде жаңа инфекциялар туындауы мүмкін. Кортикостероидтар жүйелі зеңдік инфекцияларды күшейтуі мүмкін және егер оларды пайдалану амфотерицин В салдарынан дәрілерге өмірге қауіпті реакциялармен күресу үшін қажет болмаса, мұндай инфекциялар болған кезде пайдаланылмауы керек. Одан өзге, амфотерицин В мен гидрокортизонды бір мезгілде қолдану кардиомегалия мен жүрек функциясының жеткіліксіздігімен қатар жүретін жағдайлар туралы хабарланған.

Миокард инфарктісін жақында өткергеннен кейін кортикостероидтарды пайдалану мен солжақ қарыншаның бос қабырғасының жарылуы арасында болжалды байланыс бар екені хабарланған, сондықтан пациенттердің осы тобына кортикостероидтарды сақтықпен қабылдау керек.

Гидрокортизонның немесе кортизонның орташа және жоғары дозалары артериялық қысымның жоғарылауын, тұздар мен судың іркілуін және калий эксрециясының жоғарылауын туындатуы мүмкін, бірақ бұл реакциялар синтетикалық туындыларға қатысты егер олар үлкен дозаларда қолданылса азырақ болуы мүмкін. Ұзақ емдеу кезінде сарысудағы калий деңгейін бақылап отыру қажет.

Тірі вирустық вакциналарды иммуносупрессиялық дозаларда кортикостероидтар қабылдайтын пациенттерге енгізуге болмайды.

Өлтірілген вирустық немесе бактериялық вакциналармен иммунизациялау антиденелердің күтілетін жоғарылауын туындатпайды және күтілетін қорғаныс әсерін тигізбейді. Алайда, иммунизацияны орын басу емі ретінде кортикостероидтар қабылдайтын пациенттерге де жүргізуге болады, мысалы, Аддисон ауруы кезінде.

Өкпенің белсенді туберкулезі бар пациенттерге дексаметазон (туберкулезге қарсы еммен бірге) өкпенің тек фульминантты немесе ауыр диссеминацияланған туберкулезі жағдайларында ғана тағайындалуы керек.

Егер кортикостероидтық ем туберкулезбен немесе туберкулинге реактивтілігі бар балаларға көрсетілсе, аурудың реактивациясы туындауы мүмкін болғандықтан, аса қырағылық таныту қажет. Кортикостероидтармен ұзақ емдеу кезінде бұл пациенттер химиопрофилактикадан өтуі керек.

Остеопорозы, гипертензиясы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, туберкулезі, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, асқазан мен он екі елі ішектің белсенді ойықжарасы, ішектің жаңа анастомозы, ойықжаралы колит және эпилепсиясы бар пациенттерге ерекше сақ болу және мұқият медициналық бақылау жүргізу қажет. Миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы апталарда, тромбоэмболиямен, миастениямен, глаукомамен, гипотиреозбен, психозбен немесе психоневрозбен ауыратын науқастарда және 65 жастан асқан пациенттерге ерекше көңіл бөлу керек.

Жағымсыз психикалық реакциялар жүйелі кортикостероидтарды қабылдағаннан кейін туындауы мүмкін. Симптомдар әдетте емдеу басталғаннан кейін бірнеше күн-аптадан кейін пайда болады. Жоғары дозаларды қолданған кезде қауіп жоғары болуы мүмкін, алайда енгізілген мөлшер симптомдардың басталуын, ұзақтығын және ауырлығын болжауға мүмкіндік бермейді. Бұл реакциялардың көпшілігі дозаны алып тастағаннан немесе азайтқаннан кейін кетеді, алайда спецификалық ем жүргізу қажет болуы мүмкін.

Гипотиреоздан және бауыр цирроздан зардап шегетін адамдарда кортикостероидтардың жоғары әсері байқалады. Стероидтар сперматозоидтардың қозғалғыштығы мен санын көбейтуі немесе азайтуы мүмкін.

Церебральді безгек кезінде кортикостероидтарды қолдану ұзаққа созылған комамен және пневмония мен асқазан-ішектен қан кету жиілігінің артуымен байланысты.

Кортикостероидтар амебиазды немесе стронгилоидозды белсендіруі немесе белсенді ауруды күшейтуі мүмкін. Сондықтан даму қаупі бар немесе осы аурулардың кез келгенінің симптомдары бар пациенттерге кортикостероидты емді бастар алдында белсенді амебиазды немесе стронгилоидозды алып тастауға тырысу ұсынылады.

Көрудің бұзылуы

Кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану субкапсулярлық катаракта, көру жүйкелерінің зақымдануы мүмкін глаукоманы туындатуы мүмкін және зеңдер мен вирустар туындатқан көздің салдарлық инфекцияларының туындауына ықпал етуі мүмкін.

Кортикостероидтарды көздің қарапайым герпесі бар пациенттерге мөлдір қабықтың тесілуі мүмкін болғандықтан сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолдану

Ұзақ кортикостероидтық емде жүрген балалар бойының өсуі мен дамуын мұқият бақылау керек.

Жүйелі жолды қоса, кортикостероидтарды кез келген енгізу жолымен қабылдайтын балалар жасындағы пациенттерде бойдың өсу қарқыны баяу болуы мүмкін. Кортикостероидтардың бойдың өсуіне тигізетін теріс әсері төмен жүйелік дозаларда және гипоталамус-гипофиз-бүйрекүстібез осін тежеудің зертханалық белгілері болмаған кезде байқалды. Кортикостероидтардың бойдың өсуіне ықтимал әсерін азайту үшін балаларға ең төмен тиімді дозаны таңдау керек.

Иммундық жүйені тежейтін препараттармен ем қабылдаған пациенттер сау адамдарға қарағанда инфекцияларға көбірек бейім болып келеді. Желшешек пен қызылша, мысалы, иммунизацияланбаған балаларда немесе кортикостероидтық ем алатын ересектерде неғұрлым ауыр немесе өлімге әкелетін ағымда болуы мүмкін. Мұндай аурулары жоқ мұндай балаларда немесе ересектерде әсер етуін болдырмау үшін сақ болу керек. Кең таралған инфекцияның даму қаупі адамнан адамға дейін өзгереді және кортикостероидтарды енгізу дозасымен, жолымен және ұзақтығымен, сондай-ақ негізгі аурумен байланысты болуы мүмкін. Әсері тиген пациенттер дереу дәрігерге қаралу керек. Егер пациенттер қызылшамен ауырған болса, бұлшықет ішіне гипериммундық иммуноглобулинмен (IG) профилактика көрсетілуі мүмкін. Егер желшешекпен ауырған болса, желшешектің иммуноглобулинімен (VZIG) профилактика көрсетілуі мүмкін. Желшешек асқынған жағдайда вирусқа қарсы дәрілермен емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.

Постмаркетингтік қолдану тәжірибесінде гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерге дексаметазонды бөлек немесе басқа химиотерапиялық дәрілермен біріктіріп қолданғаннан кейін ісік лизисінің синдромы дамығаны (ІЛС) туралы хабарланған. Жоғары пролиферациялық жылдамдығы, жоғары ісіктік жүктемесі және цитоуытты препараттарға жоғары сезімталдығы бар пациенттер сияқты ІЛС туындау қаупі жоғары пациенттер мұқият бақылануы және тиісті сақтық шараларын қабылдауы керек.

Препараттың кейбір ингредиенттері туралы арнайы ақпарат

Дексамедтің құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын бұзылуы, лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдау ұсынылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында кобицистат бар препараттарды қоса алғанда, CYP3A тежегіштерін бірге қолданғанда жүйелі жағымсыз құбылыстардың даму қаупі артуы ықтимал. Егер пайдасы кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз құбылыстарының даму қаупінен аспаса, мұндай біріктірілген ем ұсынылмайды. Бұл жағдайда пациентті кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз құбылыстарының білінуіне бақылау керек.

Кортикостероидтардың метаболизмі аминоглутетимидпен, карбамазепинмен, эфедринмен, фенобарбитонмен, фенилбутазонмен, фенитоинмен, примидонмен, рифабутинмен және рифампицинмен күшейеді, осыған байланысты олардың емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Кортикостероидтар гипогликемиялық (инсулинді қоса) және гипертензияға қарсы препараттардың әсерін әлсіретеді.

Кортикостероидтар ацетозоламидтің, карбеноксолонның, ілмектік және тиазидтік диуретиктердің, жүрек гликозидтерінің гипокалиемиялық әсерін күшейтеді.

Гипопротромбинемия кезінде антикоагулянттарды дексаметазонмен бірге қолданғанда сақтық таныту қажет.

Фенитоинді, барбитураттарды, эфедринді және рифампицинді бір мезгілде қолдану дексаметазон-супрессорлық тестілерді талапқа сай жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін. Дексаметазонды және қабынуға қарсы стероид емес дәрілерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Пероральді контрацептивтер (эстрогендер мен прогестагендер) плазмадағы кортикостероидтар концентрациясын арттырады. Ритонавирдің вирусқа қарсы дәрілік заты плазмадағы дексаметазон концентрациясын да арттырады.

Дексаметазон плазмадағы индинавир мен саквинавирдің вирусқа қарсы препараттарының концентрациясын төмендетеді.

ҚҚСП қабылдайтын пациенттер бақылануы керек, өйткені асқазан-ішек жолы ойықжарасымен аурушаңдық және/немесе оның ауырлығы артуы мүмкін.
Метотрексат пен дексаметазон қабылдайтын пациенттерде гематологиялық уыттылық қаупі жоғары.
Антацидтер. Алюминий гидроксидін немесе магний гидроксидін бір мезгілде қабылдау дексаметазон тиімділігі төмендегенде глюкокортикоидтар сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Бір және басқа препаратты қабылдау арасында екі сағаттық аралық болуы керек.
Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 тежейтін препараттар: кортикоидтардың әсерін арттырылуы мүмкін.
АӨФ тежегіштері: қан көрсеткіштерінің өзгеру қаупінің жоғарылауы.
Жүрек гликозидтері: гликозидтердің әсері калий тапшылығымен жоғарылауы мүмкін.
Салуретиктер/ іш жүргізетіндер: калийдің шығарылуы артуы мүмкін.
Диабетке қарсы дәрілер: гипогликемиялық әсер азаюы мүмкін.
Кумарин туындылары: антикоагулянттық әсер азаюы немесе артуы мүмкін. Антикоагулянт дозасын реттеу бірге қолданғанда қажет болуы мүмкін.
Деполяризацияланбайтын миорелаксанттар: бұлшықет релаксанты ұзағырақ болуы мүмкін.
Атропин, басқа антихолинергиялық дәрілер: бір мезгілде қолданғанда көзішілік қысымның қосымша жоғарылауы мүмкін.
Празиквантел: кортикостероидтар қандағы празиквантел концентрациясының төмендеуін туындатуы мүмкін.
Хлорохин, гидроксихлорохин, мефлохин: Миопатияның, кардиомиопатияның даму қаупі жоғары.
Соматропин. Соматропиннің әсері ұзақ емдеу кезінде төмендеуі мүмкін.
Протирелин: протирелинді қабылдау кезінде TSH төмендетілген жоғарылауы байқалуы мүмкін.
Иммунодепрессанттар: инфекцияларға сезімталдықтың жоғарылауы және жасырын инфекциялардың өршуі немесе көрінуі. Одан өзге, циклоспорин үшін: қандағы циклоспорин деңгейі жоғарылайды: құрысулардың даму қаупі жоғары.
Фторхинолондар сіңірдің бұзылу қаупін арттыруы мүмкін.
Зерттеу әдістеріне әсері: аллергиялық тестілерде тері реакциялары тежелуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Дексамед плацента арқылы өтеді. Жүктілік кезінде, әсіресе бірінші триместрде, препаратты қауіп пен пайданы мұқият бағалағаннан кейін ғана енгізу керек.
Жүктілік кезінде глюкокортикоидтармен ұзақ уақыт емдегенде ұрық өсуінің бұзылуын алып тастауға болмайды.

Буаз жануарларға кортикостероидтарды енгізу ұрықтың дамуында бұзылыстар тудыруы мүмкін, оған қоса жарық таңдай, құрсақішілік дамудың кідіруі және мидың өсуі мен дамуына әсер етуі мүмкін. Кортикостероидтардың адамда қасқыр араны/ерні сияқты туа біткен ауытқулар жиілігінің жоғарылауын туындататыны туралы ешқандай дәлел жоқ. Егер глюкокортикоидтар жүктіліктің соңына қарай енгізілсе, ұрықтың бүйрекүстібез қыртысының атрофиялану қаупі бар, бұл жаңа туған нәрестеге алмастыру емін жүргізу талап етуі мүмкін, ол біртіндеп төмендеуі керек.

Дексамед организмнен емшек сүтіне бөлінеді. Нәрестеге зиян келтірудің белгілі жағдайлары жоқ. Дегенмен, препаратты емізу кезінде қатаң түрде қолданылуы керек. Егер ауру жоғарырақ дозаны қажет етсе, емшек емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып (бас айналу, бас ауыру және т.б.) автомобиль жүргізуден және аса зейін қоюды талап ететін басқа да аса қауіпті механизмдерді басқарудан бас тарту ұсынылады.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ішке қабылдау бойынша жалпы нұсқаулар

Дозалар аурудың сипатына және пациенттің жүргізілетін емге реакциясына байланысты әрбір пациент үшін жекелей белгіленеді. Әдетте бастапқы тәуліктік дозасы 0,75 мг-нан 15 мг-ға дейін өзгереді және ауруға байланысты болады (балалар үшін ұсынылған дозасын әдетте азайтады, бірақ дозасы жасына немесе дене салмағына қарағанда аурудың ауырлығына сәйкес таңдалуы керек).

Кортикостероидтармен емдеу стандартты емді алмастырмайды және қатарлас ем ретінде ғана қолданылады.

Дексаметазонның бастапқы дозасы клиникалық жауапқа жеткенге дейін қабылданады, содан кейін дозаны клиникалық тиімді болып қалатын ең төменгі деңгейге дейін біртіндеп төмендетеді. Егер жоғары дозалармен емдеу бірнеше күннен астам уақытқа созылса, онда дозаны қатарынан бірнеше күн ішінде немесе тіпті одан да ұзақ уақыт бойы төмендету керек.

Созылмалы аурулар кейде өздігінен болатын ремиссияны туындатуы мүмкін. Бұл жағдайда кортикостероидтар біртіндеп шығарылуы керек.

Ұзақ ем кезінде жүйелі зертханалық зерттеулер жүргізген жөн.

Кез келген басқа глюкокортикоидтар қабылдаған пациенттер дозаны тиісінше түзеткеннен кейін дексаметазонға көшіруге болады.

Салмақ негізіндегі баламалы белсенділіктің келесі шкаласы басқа глюкокортикоидтық емнен дексаметазонға ауысуды жеңілдетеді:

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДексамед таблеткалары 0,5 мг №100 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube