daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Дексилант Капсулалары 30 Мг №14 | Такеда ГмбХ

Сипаттама:

Мөлдір емес көк қақпақшасы және мөлдір емес сұр корпусы бар капсулалар. Қақпақшасына күңгірт-сұр сиямен «ТАР» логотипі, корпусына «30» деген жазу түсірілген. Капсуланың ішінде – ақтан ақ дерлік түске дейінгі түйіршіктер (30 мг доза үшін). Мөлдір емес көк қақпақшасы мен корпусы бар капсулалар. Қақпақшасына күңгірт-сұр сиямен «ТАР» логотипі, корпусына «60» деген жазу түсірілген. Капсуланың ішінде – ақтан ақ дерлік түске дейінгі түйіршіктер (60 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Декслансопразол

Өндіруші:

Такеда ГмбХ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: қант ұнтағы, магний карбонаты, сахароза, орын басуы төмен гипролоза, гипролоза, гипромеллоза 2910, тальк, титанның қостотығы (Е 171), метакрил қышқылы сополимерінің дисперсиясы, макрогол 8000, полисорбат 80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, метакрил қышқылы сополимері (В типі), метакрил қышқылы сополимері (А типі), триэтилцитрат 30 мг дозаға арналған капсуланың қабығы: каррагинан, калий хлориді, титанның қостотығы (Е 171), алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғыш, темірдің қара тотығы (Е 172), гипромеллоза, тазартылған сұр сия 60 мг дозаға арналған капсуланың қабығы: каррагинан, калий хлориді, титанның қостотығы (Е 171), алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғыш, гипромеллоза, тазартылған сұр сия - қант ұнтағының құрамы: сахароза, жүгері крахмалы; ** - метакрил қышқылы сополимерінің дисперсия құрамы: метакрил қышқылы, этилакрилат, натрий лаурилсульфаты, полисорбат 80; *** - тазартылған сұр сияның құрамы: темірдің қызыл тотығы (E 172), темірдің сары тотығы (E 172), алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғыш, карнауб балауызы, шеллак, глицерин монолеаты.

Белсенді заттың дозасы:

30 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде келесі көрсетілімдер бойынша:

эрозиялық рефлюкс эзофагитті емдеу;

емделген эрозиялық рефлюкс-эзофагитті демеуші ем және қыжыл біліністерін жеңілдету;

симптоматикалық эрозиялық емес гастроэзофагеальді рефлюксті ауруға байланысты (ГЭРА) қыжыл және кекіру симптомдарын аз уақытқа жеңілдету.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келген аса жоғары сезімталдық

сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Асқазандағы қатерлі жаңа түзілім

Дексилант® тағайындаған кезде ықтимал қатерлі жаңа түзілімнің жоқ екенін анықтау керек, өйткені декслансопразолмен емдеу симптоматикасын жасырып, диагноз қоюды кешіктіруі мүмкін.

АИТВ протеаза тежегіштері

Декслансопразолды биожетімділігінің едәуір төмендеуіне байланысты сіңуі атазанавир немесе нелфинавир сияқты асқазанішілік рН-ға тәуелді АИТВ протеаза тежегіштерімен бірлесе қолдану ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Декслансопразолды бауыр жеткіліксіздігі орташа пациенттерге сақтықпен тағайындайды. Декслансопразолды бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Бактериялар тудыратын асқазан-ішек инфекциялары

Асқазанішілік қышқылдықтың төмендеуі, оның ішінде  протонды сорғы тежегіштерін (ПСТ) қабылдаған кезде, бұларға декслансопразол да жатады, асқазанның шырышты қабығының асқазан-ішек жолында қалыпты түрде болатын бактериялармен көбеюіне әкеледі. ПСТ-ны емдеуде Salmonella, Campylobacter және Clostridium difficile бактерияларынан туындаған асқазан-ішек жолдарының инфекцияларының қаупі артуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді емдеу

Препаратты қолдану қауіпсіздігі туралы деректер 1 жылдан астам шектеулі, сондықтан қауіп/пайда арақатынасына жүйелі түрде мұқият бағалау жүргізу керек.

Гипомагниемия

Ауыр гипомагниемия декслансопразол сияқты ПСТ емделген пациенттерде кем дегенде үш ай бойы, көп жағдайда бір жыл бойы сирек байқалды. Гипомагниемияның қажу, делирий, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмиясы сияқты ауыр көріністері байқалуы мүмкін, дегенмен олар байқалмай басталуы мүмкін және олардың танылмауы ықтимал. Гипомагниемия гипокальциемияға және/немесе гипокалиемияға әкелуі мүмкін. Зардап шеккен пациенттердің көпшілігінде гипомагниемия (және гипокальциемиямен және/немесе гипокалиемиямен байланысты гипомагниемия) магнийді алмастыратын емнен және ПСТ емдеуді тоқтатқаннан кейін жақсарады. ПСТ-мен ұзақ емін тағайындаған кезде, сондай-ақ ПСТ дигоксинмен немесе гипомагниемияны тудыра алатын басқа препараттармен (мысалы, диуретиктер) бірге қолданғанда, ПСТ қабылдауды бастар алдында және мезгіл-мезгіл емдеу барысында магний деңгейін анықтау керек.

В12 дәруменінің сіңірілуіне ықпалы

Декслансопразол, қышқылдықты бөгейтін барлық препараттар сияқты, гипо немесе ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңірілуін  төмендетуі мүмкін. Бұл ақпарат адам резервін төмендететін препараттарды қолданатын немесе ұзақ емдеу кезінде немесе клиникалық симптомдар анықталған кезде В12 дәруменінің сіңуін төмендету қаупі факторы бар пациенттерде назарға алынуы тиіс.

Асқазан-ішек бұзылыстары

Лансопразолмен емдеу кезінде колит жағдайлары туралы өте сирек хабарланды. Декслансопразолмен емдегенде де осы жағымсыз әсердің дамуы мүмкін. Ауыр және/немесе тұрақты диарея жағдайында емді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Сүйектің сынуы

Протонды сорғы тежегіштерінің жоғары дозаларын ұзақ уақыт кезеңі бойы (1 жылдан астам) қабылдау егде жастағы пациенттерде немесе остеопороздың жалпыға белгілі басқа да қауіп факторлары бар болғанда ортан жілік, білезік және омыртқа сүйектерінің сыну қаупінің орташа артуына әкелуі мүмкін. ПСТ қабылдаған кезде остеопороздық сынудың жалпы қаупі 10-40%-ға артуы мүмкін. Қауіптің мұндай артуы басқа факторларға байланысты болуы мүмкін. Қауіп тобындағы пациенттерге Д дәрумені мен кальцийді талапқа сай дозаларда қабылдауды қоса, қазіргі заманғы клиникалық ұсынымдарды ескере отырып, профилактикалық ем тағайындау керек.

Метотрексат

Кейбір пациенттерде ПСТ-мен бірге қолданғаннан кейін метотрексат концентрациясының жоғарылауы байқалды. Метотрексаттың жоғары дозаларын тағайындағанда декслансопразолды уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Терінің ауыр жағымсыз реакциялары

Дексилант® денеңіздің кез келген бөлігіне зақым келтіретін сирек, бірақ ауыр тері реакцияларын тудыруы мүмкін. Бұл ауыр тері реакциялары ауруханада емдеуді қажет етуі және өмірге қауіп төндіруі мүмкін; Терінің кез келген аумағындағы (ерін, көз, ауыз, мұрын, жыныс мүшесі, қол немесе аяқты қоса) күлдіреуік, қабыршақтану немесе қан кету болуы мүмкін тері бөртпесі. Сондай-ақ қызба, қалтырау, дененің ауыруы, ентігу немесе лимфа түйіндерінің ұлғаюы мүмкін. Бұл симптомдар ауыр тері реакциясының алғашқы белгісі болуы мүмкін. Стивенс-Джонсон синдромын (СДС), уытты эпидермалық некролизді (УЭН), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияларды және мультиформалы эритеманы қоса алғанда, ауыр тері жағымсыз реакциялары хабарланды. Ауыр тері жағымсыз реакцияларының немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілерінің алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде декслансопразолды қабылдауды тоқтатыңыз және әрі қарай тексерілу мүмкіндігін қарастырыңыз.

Дексилант® құрамында сахароза бар

Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

Дексилант® құрамына 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайтын алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғышы кіреді.

Жеделге жуық терінің қызыл жегісі (ЖТҚЖ)

Протонды сорғы тежегіштерін қолдану ЖТҚЖ жағдайының өте сирек дамуымен байланысты. Пациент медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгінуі тиіс, ал дәрігер өз кезегінде пациентте зақымданулар (әсіресе күн әсеріне ұшыраған тері учаскелерінде) және артралгия туындаған кезде Дексилант® препаратын тоқтату мүмкіндігін қарастыруы қажет. Алдыңғы ПСТ қолдану арқылы индукцияланған ЖТҚЖ басқа ПСТ қабылдау кезінде қайталанудың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жедел тубулоинтерстициалды нефрит (ЖТН) деклансопразолды қабылдайтын пациенттерде байқалды және декслансопразолмен емдеу кезінде кез келген уақытта дамуы мүмкін. Жедел тубулоинтерстициальды нефрит бүйрек жеткіліксіздігіне дейін өршуі мүмкін.

Егер ЖТН күдіктенсе, деклансопразолды тоқтату және тиісті емді дереу бастау керек.

Зертханалық тесттермен өзара әрекеттесу

Сарысулық хромогранин А (CgA) деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік жаңа түзілімдерді зерттеуге кедергі келтіруі мүмкін. Осы өзара әрекеттесуді болдырмау үшін Дексилант® арқылы жүргізілген ем CgA зерттеуінен кемінде 5 күн бұрын тоқтатылуы тиіс. Егер алғашқы зерттеуден кейін CgA және гастрин деңгейлері қалпына келмесе, зерттеу ПСТ емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен соң қайталануы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа медициналық препараттардың декслансопразолға әсері

Декслансопразол метаболизміне CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері қатысады.

CYP2C19 изоферментінің тежегіштері

CYP2C19 изоферментінің тежегіштері (мысалы, флувоксамин) декслансопразолдың жүйелік әсерінің артуына ықпал етуі мүмкін.

CYP2C19 және CYP3A4 изофермент индукторлары

Рифампицин және шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) препараттары сияқты CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің индукторлары қан плазмасындағы декслансопразол концентрациясының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.

Басқа препараттар

Сукральфат/антацидтер

Сукральфат/антацидтер декслансопразолдың биожетімділігін төмендетуі мүмкін, сондықтан оларды осы препаратты қабылдағанға дейін кемінде бір сағат бұрын тағайындау керек.

Декслансопразолдың басқа медициналық препараттарға әсері

рН-тәуелді абсорбциясы бар дәрілік препараттар

Декслансопразол биожетімділігі атазанавир немесе нелфинавир, кетоконазол, итраконазол, эрлотиниб және дигоксин сияқты асқазан рН ортасына тәуелді дәрілік заттардың сіңуіне әсер етуі мүмкін.

АИТВ протеаза тежегіштері

Декслансопразолды олардың биожетімділігінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты сіңуі атазанавир немесе нелфинавир сияқты асқазанішілік рН-ға тәуелді АИТВ протеаза тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды.

Кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб

Кетоконазолды, итраконазолды және эрлотинибті асқазан-ішек жолынан сіңіру үшін асқазан қышқылының қатысуымен күшейеді. Декслансопразолды бірге қабылдағанда кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб концентрациясы емдік деңгейге жетпеуі де мүмкін. Сондықтан мұндай біріктірілім ұсынылмайды.

Дигоксин

Декслансопразол мен дигоксинді бірге қабылдағанда соңғысының қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Осыған байланысты декслансопразолмен ем жүргізу басында және соңында плазмадағы дигоксин деңгейін тексеру және қажет болған жағдайда, оның дозасын түзету керек.

P450 цитохромының изоферменттерімен метаболизденетін дәрілік препараттар

Дексилант® P450 цитохромының келесі изоформаларына тежегіш әсер етпейді: 1A1, 1A2, 2A6, 2B6, 2C8, 2C9, 2D6, 2E1 және 3A4. Демек, аталған изоформалардың қатысуымен метаболизденетін препараттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді. Бұдан басқа, in vivo зерттеулерінде Дексиланттың® бірге енгізілетін фенитоин (CYP2C9 субстраты) мен теофиллин (CYP1A2 субстраты) фармакокинетикасына әсері анықталған жоқ. Теофиллин мен декслансопразолдың өзара әрекеттесуі CYP1A2 цитохромының генотиптерін анықтамай, жүргізілген. Дексиланттың® CYP2C19-ға тежегіш әсер ету мүмкіндігі анықталды. Алайда, диазепамның (CYP2C19 субстраты) фармакокинетикасына Дексилант® әсері анықталмаған.

Такролимус

Декслансопразолды бірге қолдану, әсіресе, CYP2C19 баяу және аралық метаболизмі бар ағзалар трансплантациясын басынан өткерген пациенттердің қан плазмасында такролимус концентрациясының (CYP3A және P-гликопротеин [P-gp] субстраты) жоғарылауына ықпал етуі мүмкін. Мұндай пациенттерде декслансопразолмен емдеудің басында және соңында қан плазмасындағы такролимус концентрациясын бақылау қажет.

Варфарин

Дексилант® және варфаринді бірге қабылдаған пациенттерде варфарин фармакокинетикасында және халықаралық қалыптасқан қатынас шамасында (ХҚО) елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ. Алайда ПСТ және варфаринді бірге қолданғанда ХҚҚ және протромбин уақытының клиникалық мәнді жоғарылауының бірнеше жағдайлары хабарланды. Осыған байланысты осы препараттарды бірге қолданудың басында және соңында, әсіресе тиісті емнің басталуы немесе тоқтатылуы кезінде ХҚҚ және протромбин уақытына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Клопидогрел

Декслансопразолды (тәулігіне бір рет 60 мг) және клопидогрелді (75 мг) бірге қолдану клопидогрелдің белсенді метаболиті әсерінің төмендеуіне әкелетіні анықталды (AUC және Cmax мәндері тиісінше шамамен 9%-ға және 27%-ға төмендеді). Декслансопразолдың клопидогрелдің фармакодинамикасына клиникалық елеулі әсері анықталған жоқ. Тіркелген дозаларда Дексилант®тағайындағанда клопидогрел дозасын түзету қажет емес.

Метотрексат

Жағымсыз реакциялар және ретроспективті талдаулар туралы хабарламалар деректері бойынша ПСТ мен метотрексатты бірге қолдану (негізінен жоғары дозаларда – метотрексатты қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз) метотрексаттың уыттылығына әкелуі мүмкін, сарысулық концентрациясының жоғарылауына және метотрексаттың және/немесе оның метаболиті гидроксиметотрексаттың әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, егер метотрексаттың жоғары дозаларын тағайындау қажет болса, декслансопрозолды уақытша тоқтатуды қарастыру қажет. Алайда ПСТ мен жоғары дозаланған метотрексаттың өзара әрекеттесуі жүргізілген жоқ.

P-гликопротеин көмегімен тасымалданатын дәрілік препараттар

Лансопразол P-гликопротеинді (P-gp) тасымалдаушы ақуызды тежейді. Декслансопразолды қолданған кезде де осындай әсер болуы мүмкін. Бұл әлеуетті өзара әрекеттесудің клиникалық мәні анықталмаған.

Басқа да препараттар

Декслансопразолдың қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу жағдайлары байқалмады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Декслансопразолды жүктілік кезеңінде қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ. Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезеңінде Дексилант® қолданудан аулақ болған жөн.

Лактация

Декслансопразолдың адамның емшек сүтіне өтетіні туралы деректер жоқ. Препаратты бала емізетін ана қолданған кезде жаңа туған/ еметін баланың денесіне жағымсыз әсер ету қаупіне жол беруге болмайды. Егер декслансопразол емінің ана үшін пайдасы нәресте үшін емшек сүтімен емдеудің пайдасынан басым болса, бала емізуді тоқтату керек.

Фертильділік

Лансопразолды қолдану кезінде фертильділіктің төмендеуі туралы деректер анықталған жоқ. Декслансопразолмен де осындай нәтижелер күтілуі мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналу және көру қабілетінің бұзылу ықтималдығына байланысты көлік құралдарын және жоғары зейін қоюды қажет ететін басқа механизмдерді басқарудан тартына тұру керек.

Сақтық шаралары

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

14 капсуладан поливинилхлорид (ПВХ) /полиэтилен (ПЭ)/100 мкм полихлортрифторэтиленді (ПХТФЭ) ламинатталған қалыптық үлбірден және баспалы алюминий фольгадан тұратын термоформаланған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 немесе 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДексилант капсулалары 30 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube