Қолдану көрсеткіштері
Кешенді ем құрамында дәрілік препарат 18 жастан асқан ересектерде, 1 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға көрсетілген.
- радиациялық зақымдануларда;
- гемопоэздің бұзылуында;
- цитостатикалық және/немесе сәулемен емдеу (гемопоэзді тұрақтандыру, химиопрепараттардың кардио- және миелоуыттылығының төмендеуі) аясында дамыған онкологиялық науқастардағы миелодепрессия мен цитостатиктерге резистенттілікте;
- цитостатикалық еммен индукцияланған стоматиттерде;
- асқазанның және 12-елі ішектің ойық жарасында, эрозиялық гастродуоденитте;
- жүректің ишемиялық ауруында;
– аяқ тамырларының облитерациялайтын ауруларында, аяқ-қолдың II-III сатысындағы созылмалы ишемиялық ауруында;
- трофикалық ойық жараларда, ұзақ уақыт емделмейтін жараларда,
- одонтогенді сепсисте, іріңді-сепсистік асқынуларда;
- ревматоидты артритте;
- күйік ауруында;
- операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңдерде (хирургиялық тәжірибеде);
- эндометритте, сальпиногоофоритте, эндометриозда, миомаларда;
- хламидиозда, уреаплазмозда, микоплазмозда;
- простатитте, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында;
- өкпенің созылмалы обструктивті ауруларында;
- өкпе туберкулезінде, тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 1 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
- Деринат препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- Гипотензияға бейімділігі бар пациенттерге препаратты баяу енгізу және инъекциядан кейін 10-15 минут бойы тұрмау ұсынылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Деринат препаратын тағаммен және темекімен қолдануды шектеу туралы деректер жоқ. Препаратты алкогольмен бірге қолдану ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Егде жастағы пациенттер - қарттарда сақтықпен қолдану керек, себебі қауіпсіздік бойынша ұзақ мерзімді деректер жоқ
Қант диабеті бар пациенттер: Қант диабетімен ауыратын науқастарда гипогликемиялық әсер байқалады, оны қандағы қант деңгейін бақылау кезінде ескеру керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану кезінде жағымсыз реакциялар туралы деректер жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану кезінде жағымсыз реакциялар туралы деректер жоқ.
Гипотензияға бейімділігі бар пациенттерге препаратты баяу енгізу және инъекциядан кейін 10-15 минут ішінде тұрмау ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
1 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды, себебі қауіпсіздік бойынша ұзақ мерзімді деректер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде Деринатты қолдану туралы деректер жоқ. Деринатты жүктіліктің I триместрінде - эмбриогенез кезеңінде тағайындауға болмайды, егер әйелдің клиникалық жай-күйі терапияны қажет етпесе, өйткені эмбриоуытты, тератогендік, мутагендік әсер ету қаупі және басқа да жағымсыз әсерлер қалады.
Дәрігердің кеңесі қажет. Жүктілік кезінде препаратты тағайындау қажет болған жағдайда ана үшін күтілетін пайда мен шарана үшін ықтимал қауіпті бағалау керек.
Бала емізу кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қатаң түрде қолдану керек.
Препарат фертильділікке және репродуктивті функцияға теріс әсер етпейді. Препарат жүктілік кезінде енгізген кезде эмбрионуытты және тератогендік әсерге ие болмайды.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе емізіп жүрсеңіз, жүкті деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деринат препаратын қолдану зейін қоюдың жоғарылауы және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін (оның ішінде көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу) әлеуетті қауіпті қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.