Қолдану көрсеткіштері
2 типті қант диабетінде диетамен емдеу, дене жүктемелері және дене салмағын төмендету тиімділігі жеткіліксіз болғанда.

гликлазидке, сульфонилмочевинаның басқа туындыларына, сульфаниламидтерге немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттарға жоғары сезімталдық,
1 типті қант диабеті;
диабеттік кетоацидоз, диабеттік прекома, диабеттік кома;
ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі (бұл жағдайларда инсулинді қолдану ұсынылады);
миконазол қабылдау;
жүктілік және емшекпен емізу кезеңі;
18 жасқа дейінгі балалар.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Диабетке қарсы басқа препараттармен біріктіріп қолдану
Диабетон® MR 30 мг бигуанидтермен, альфа-глюкозидаза тежегіштерімен немесе инсулинмен бірге тағайындалуы мүмкін. Инсулинді бір мезгілде қабылдау дәрігердің қатаң қадағалауымен басталуы тиіс.
Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)
Препарат 65 жасқа толмаған пациенттердегідей дозада тағайындалады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттерге препарат әдеттегі дозаларында тағайындалады.
Гипогликемияның даму қаупі бар пациенттер
Гипогликемияның даму қаупі тобына жататын пациенттерде (гипопитуитаризм, гипотиреоз, адренокортикотропты гормонның жеткіліксіздігі);
ауыр немесе нашар компенсацияланатын эндокриндік бұзылыстар – гипофиздік және бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі, гипотиреоз;
оларды ұзақ уақыт қабылдаудан және/немесе жоғары дозаларда қабылдаудан кейін глюкокортикостероидтарды (ГКС) тоқтату;
жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары-жүректің ауыр ишемиялық ауруы, күретамыр артерияларының ауыр атеросклерозы, кең таралған атеросклероз, диффузиялық қантамыр аурулары).
Диабетон MR препаратының ең аз дозасын (30 мг) қолдану ұсынылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Гипогликемия даму қаупін арттыруға ықпал ететін препараттар мен заттар:
Қарсы көрсетілімді біріктірілімдер:
Миконазолмен (жүйелі түрде енгізгенде және гельді ауыз қуысының шырышты қабығында пайдаланғанда)гликлазидтің гипогликемиялық әсерін күшейтеді (гипогликемияның кома күйіне дейін дамуы мүмкін).
Ұсынылмайтын біріктірілімдер:
Фенилбутазонмен (жүйелі енгізу): сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсерін күшейтеді (оларды плазма ақуыздарымен байланыстан ығыстырады және/немесе олардың организмнен шығарылуын баяулатады).
Қабынуға қарсы басқа препаратты пайдаланған дұрыс. Егер фенилбутазон қабылдау қажет болса, пациентке гликемиялық бақылау қажеттілігі ескертілуі тиіс. Фенилбутазон қабылдау кезінде және ол аяқталған соң, қажет болса, Диабетон® MR препаратының дозасын түзету керек.
Алкогольмен: компенсаторлық реакцияларды тежеумен гипогликемияны күшейтеді, гипогликемиялық команың дамуына ықпал етуі мүмкін. Құрамына этанол кіретін дәрілік заттар қабылдаудан және алкоголь тұтынудан бас тарту қажет.
Сақтықты талап ететін біріктірілімдер:
Гликлазидті кейбір дәрілік заттармен біріктіріп қабылдау: басқа гипогликемиялық дәрілер (инсулин, акарбоза, метформин, тиазолидинидиондар, дипептидилпептидаза-4 тежегіштері, ГПП-1 агонистері); бета-адреноблокаторлар, флуконазол; ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштері – каптоприл, эналаприл; Н2-гистамин рецепторларының блокаторлары; моноаминоксидаза ингибиторлары; (сульфаниламидтермен; кларитромицинмен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен) гипогликемиялық әсердің күшеюімен және гипогликемия қаупімен қатар жүреді.
Қандағы глюкозаның жоғарылауына ықпал ететін дәрілер: Ұсынылмайтын үйлесімдер:
Даназолмен: диабетогенді әсері бар. Егер осы препаратты қабылдау қажет болған жағдайда пациент қанындағы глюкозаны мұқият бақылау ұсынылады. Препараттарды бірге қабылдау қажет болса, даназол қабылдау кезінде де, оны тоқтатудан кейін де гипогликемиялық дәрі дозасын таңдау ұсынылады.
Сақтануды талап ететін біріктірілімдер:
Хлорпромазинмен (нейролептик):
Глюкокортикоидтармен (жүйелі және жергілікті қолдану: тетракозактид: кетоацидоздың даму мүмкіндігімен қан глюкозасының концентрациясын арттырады (көмірсуларға төзімділіктің төмендеуі). Әсіресе, емнің басында мұқият гликемиялық бақылау ұсынылады. Препараттарды бірге қабылдау қажет болса, ГКС қабылдау кезінде де, оларды тоқтатудан кейін де гипогликемиялық дәрі дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Ритодрин, сальбутамол, тербуталинмен (вена ішіне енгізу):
бета-2 адреномиметиктер қандағы глюкоза концентрациясының жоғарылауына ықпал етеді.
Өздігінен гликемиялық бақылау маңыздылығына ерекше көңіл бөлу қажет. Қажет болса, пациентті инсулинмен емге көшіру ұсынылады.
Шайқурай препараттарымен (Hypericum perforatum): шайқурай (Hypericum perforatum) гликлазид концентрациясын төмендетеді. Қажет болса, қандағы глюкоза деңгейін бақылап отыру ұсынылады.
Қандағы глюкоза деңгейінің қалыптан ауытқуына әкелетін препараттар:
Сақтануды талап ететін біріктірілімдер:
Фторхинолонмен: Фторхинолондармен Диабетон® MR 30 мг бір мезгілде қолданғанда пациентті қандағы глюкоза деңгейінің қалыптан ауытқу мүмкіндігі туралы ескерткен жөн және қандағы глюкоза деңгейін бақылау ұсынылады.
Ескерілуі керек үйлесімдер:
Антикоагулянттар (мысалы, варфарин): сульфонилмочевина туындылары бірге қабылдағанда антикоагулянттар әсерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Гипогликемия
Препаратты тамақтануы жүйелі және таңғы ас ішуді қамтитын пациенттерге ғана тағайындауға болады. Көмірсулардың тамақпен жеткілікті түсуін қадағалау өте маңызды, өйткені гипогликемияның даму қаупі жүйесіз немесе жеткіліксіз тамақтану кезінде, сондай-ақ көмірсулары тапшы тағам тұтынғанда арта түседі. Гипогликемия калориясы төмен диетада, ұзаққа созылатын немесе энергия жұмсайтын дене жаттығуларынан кейін, алкоголь тұтынудан соң немесе бірнеше гипогликемиялық дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдағанда жиірек дамиды. Сульфонилмочевина туындыларын, оның ішінде гликлазидті қабылдаған кезде гипогликемия дамуы мүмкін, кейбір жағдайларда ауруханаға жатқызуды және бірнеше күн ішінде декстроза ерітіндісін вена ішіне енгізуді талап ететін ауыр және ұзақ түрде дамуы мүмкін. Гипогликемияның дамуын болдырмау үшін препараттарды және дозалау режимін әркімге жеке мұқият таңдау, сондай-ақ пациентке жүргізілетін ем жөнінде толық ақпарат беру қажет.
Келесі жағдайларда гипогликемияның жоғары даму қаупі білінуі мүмкін:
пациенттің (әсіресе, егде жастағы) дәрігер тағайындауларын қадағалаудан және өз жай-күйін бақылаудан бас тартуы немесе оған қабілетсіз болуы;
жеткіліксіз және жүйесіз тамақтану, тамақтану уақыттарын өткізіп алу, ашығу және рацион өзгерту;
дене жүктемесі мен қабылданатын көмірсу мөлшері арасындағы теңгерімсіздік;
бүйрек жеткіліксіздігі;
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі;
Диабетон® MR препаратының артық дозалануы;
кейбір эндокриндік бұзылыстар: қалқанша без аурулары, гипофиздік және бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігі;
кейбір дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр және/немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гликлазидтің фармакокинетикалық және/немесе фармакодинамикалық қасиеттері өзгеруі мүмкін. Осындай пациенттерде дамитын гипогликемия жағдайы мейлінше ұзаққа созылуы мүмкін, ондай жағдайларда дереу тиісінше ем жүргізу қажет.
Пациенттерге арналған ақпарат
Пациентті, сондай-ақ оның отбасы мүшелерін гипогликемияның даму қаупінен, оның симптомдарынан және оның дамуына ықпал ететін жағдайлардан хабарландыру қажет. Пациентке ұсынылатын емнің ықтимал қаупі мен артықшылықтары туралы хабарлау қажет.
Пациентке диетаны ұстанудың маңыздылығын, жүйелі дене жаттығуларының және қан глюкозасы концентрациясын бақылаудың қажеттілігін түсіндіруі керек.
Гликемиялық бақылаудың жеткіліксіздігі
Диабетке қарсы ем қабылдайтын науқастың қандағы глюкоза концентрациясын бақылау тиімділігі мынадай факторлардың әсерінен төмендеуі мүмкін: гиперикум препараттарын (Hypericum perforatum) қабылдау, жоғары температура, жарақат, инфекция немесе хирургиялық араласу. Жекелей жағдайларда инсулин енгізу қажет болуы мүмкін. Диабетке қарсы кез келген ішуге арналған дәрінің, соның ішінде гликлазидтің гипогликемиялық тиімділігі көптеген науқастарда уақыт өте азаяды: бұл диабеттің үдеу себебінен немесе препаратқа реакцияның әлсіреуінен болуы мүмкін. Бұл құбылыс, емнің алғашқы желісінде препаратты қолданудың ең басында-ақ оның бастапқы болмауынан ерекшелігі, ем әсерінің екінші қайтара болмауы ретінде белгілі. Екінші қайтара әсерінің болмауы туралы қорытындыны тек дозаны талапқа сай түзетуден кейін және науқас тамақтану режимін қадағалағанда ғана жасауға болады.
Қандағы глюкоза деңгейінің қалып шегінен ауытқуы
Фторхинолондар қабылдайтын диабетпен ауратын науқастарда, әсіресе, егде жастағы пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің қалып шегінен ауытқуы, соның ішінде гипогликемия және гипергликемия білінді. Диабетон® мr 30 мг және фторхинолондар тобының препаратын бір мезгілде қабылдайтын барлық пациенттерге қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Зертханалық тестілер
Гликемиялық бақылауды бағалау үшін ашқарында қандағы глюкозаның және гликозилденген гемоглобиннің концентрациясын жүйелі анықтау ұсынылады. Бұдан бөлек, қан глюкозасының концентрациясын бақылауды өздігінен жүргізу мақсатқа сай келеді.
Сульфонилмочевина туындылары глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде гемолиздік анемияны туындатуы мүмкін. Гликлазид сульфонилмочевина туындысы екендіктен, оны глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет. Осы топтың гипогликемиялық препаратын тағайындау мүмкіндігін бағалау керек.
Порфириясы бар пациенттер
Порфириясы бар пациенттерде кейбір басқа сульфонилмочевина препараттарын қабылдау кезінде жедел порфирия жағдайлары байқалды.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен жасөспірімдерде Диабетон® MR 30 мг препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі белгіленбеген. Деректер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүкті әйелдерде гликлазидті қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ (жүктіліктің 300 нәтижесінен аз), дегенмен сульфонилмочевина тобының басқа препараттары бойынша кейбір деректер бар.
Сақтық мақсатында жүктілік кезінде гликлазидті қолданудан аулақ болған жөн.
Компенсацияланбаған қант диабетімен байланысты туа біткен ауытқулардың қаупін азайту үшін бала бітуден бұрын қант диабетін бақылауға қол жеткізу керек.
Пероральді гипогликемиялық препараттар қолданылмайды, жүктілік кезіндегі қант диабетін емдеудің бірінші бағыттағы препараты инсулин болып табылады. Пероральді гипогликемиялық терапиядан инсулинге ауысу бала біткенге дейін немесе жүктілік фактісі расталғаннан кейін бірден ұсынылады.
Емшек емізу
Гликлазид пен оның метаболиттері сүтке бөлінетіні әлі белгісіз. Жаңа туған нәрестеде гипогликемия қаупін ескере отырып, бұл препаратты емшек емізген кезде қолдануға болмайды. Жаңа туған нәрестелер мен емшек еметін балаларда қауіпті жоққа шығаруға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Диабетон® МR 30 мг препаратының автокөлік жүргізу және машина жабдығын пайдалану қабілетіне әсері жоқ немесе шамалы. Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде, әсіресе емнің басында сақтық таныту керек.

30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.