daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Диклофенак - DF Көз Тамшылары 0,1% 5 Мл | Досфарм ТОО

Актобе қаласындағы Диклофенак - DF Көз Тамшылары 0,1% 5 Мл | Досфарм ТОО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Мөлдір түссіз немесе ашық сары ерітінді.

Международное наименование:

Диклофенак

Производитель:

Досфарм ТОО

Страна производитель:

Республика Казахстан

Действующее вещество:

қосымша заттар - пропиленгликоль, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий гидрофосфат додекагидраты, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі немесе 1 М хлорсутек қышқылы ерітіндісі, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе ашық сары ерітінді.

Дозировка активного вещества:

0,1%

Количество в упаковке:

1 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

- катарактаны алып тастау операциясы немесе басқа хирургиялық араласым кезіндегі операциядан кейінгі қабынуда;

- мөлдір қабықтың зақымдануы кезіндегі ауырсынуды жеңілдетуде;

- катарактаны алып тастау операциясы аясында афакиялық кистозды макулярлы ісіну мен миоздың алдын алу.

Противопоказания

- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

- натрий диклофенагы немесе ацетилсалицил қышқылы немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) сияқты белсенділігі ұқсас заттардан туындаған анамнезінде аллергия, есекжем, жедел ринит немесе демікпе бар;

- жүктіліктің 20-шы аптадан бастап және кейінгі кеш мерзімінде.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

ҚҚСП қолдану, соның ішінде ДИКЛОФЕНАК-DF, жедел көз инфекциясының белгілерін уақытылы тануға кедергі келтіруі мүмкін, өйткені олардың микробқа қарсы қандай да бір қасиеттері жоқ. Көз инфекциясы дамыған жағдайда жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды бактерияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдану сақтық шараларын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Диклофенак көзге тамызатын дәріні хирургиялық араласымға ұшырайтын, қан кетуге бейімділігі белгілі пациенттерге немесе қан кету уақытын ұзартуы мүмкін басқа препараттарды алатын пациенттерге тағайындағанда сақ болу ұсынылады, себебі хал-ахуал нашарлауының теориялық қаупі бар. Алайда бұл жағдай туралы хабарламалар түскен жоқ.

Көзге тамызатын дәріні инъекция ретінде қолдануға болмайды. Оларды ешқашан субконъюктивальді инъекция ретінде енгізуге болмайды, дәл сол сияқты оларды көздің алдыңғы камерасына тікелей енгізуге болмайды.

ҚҚСП, соның ішінде жергілікті қолдануға арналған диклофенакты қолдану, тіпті қысқа уақыт ішінде қолданылса да, жазылу үдерісін баяулатуы немесе кешеуілдетуі мүмкін, оның салдары мөлдір қабықтың жай-күйіне және инфекция қаупіне қатысты түсініксіз.

Жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтар мөлдір қабықтың жазылуын баяулатуы немесе кешеуілдетуі мүмкін. Жергілікті ҚҚСП және жергілікті кортикостероидтарды біріктіргенде, жараның баяу жазылу қаупі артуы мүмкін.

Ұзақ уақыт бойы жоғары дозада емдегенде, жергілікті қолдануға арналған ҚҚСП қолдану кератиттің дамуына әкелуі мүмкін. Кейбір сезімтал пациенттерде жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды ұзақ уақыт қолдану эпителий бөгетінің жыртылуына, мөлдір қабықтың жұқаруына, мөлдір қабықтың инфильтрациясына, мөлдір қабықтың эрозиясына, мөлдір қабықта ойық жараның түзілуіне немесе мөлдір қабықтың тесілуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыстар көру қабілетінің жоғалу қаупін туындатуы мүмкін. Эпителий бөгетінің зақымдану белгілері бар пациенттер препаратты қолдануды дереу тоқтатуы және бақылауда болуы тиіс, оның мақсаты мөлдір қабықтың жай-күйін мониторингілеу болып табылады.

Ацетилсалицил қышқылына, сондай-ақ басқа ҚҚСП айқаспалы сезімталдық реакциясының даму мүмкіндігі бар.

Жергілікті қолдануға арналған ҚҚСП қолдану тәжірибесі хирургиялық офтальмологиялық араласулардан кейінгі асқынулары, мөлдір қабық эпителийінің ақаулары, қант диабеті, көздің беткейлік аурулары (мысалы, құрғақ көз синдромы), ревматоидты артрит немесе қысқа уақыт аралығында көзге қайталанатын хирургиялық араласу жүргізілген пациенттерде мөлдір қабық тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Жергілікті қолдануға арналған ҚҚСП мұндай пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен пайдаланылуы тиіс. Ұзақ уақыт бойы қолдану мөлдір қабық тарапынан жағымсыз реакцияларының пайда болу қаупін және ауырлық деңгейін арттыруы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында диклофенак бар көзге тамызатын дәріні антибиотиктермен және бета-блокаторлармен біріктіріп қолдану кезіндегі өзара әрекеттесу туралы хабарламалар жоқ.

Мөлдір қабықтың айтарлықтай қабынуы бар пациенттерге диклофенак және жергілікті стероидтар сияқты жергілікті ҚҚСП-ны бір уақытта қолдану, мөлдір қабықтың асқыну қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан сақтық таныту керек.

Егер қосымша көзге арналған препараттар қолдану қажет болса, онда екі инстилляция арасында шамамен 5 минут аралық болуы керек.

Арнайы ескертулер

Көздің қабынуын емдеу кезінде жанаспалы линзаларды (қатты немесе жұмсақ) тағу ұсынылмайды. Жанаспалы линзаларды көзге тамызатын дәріні қолданар алдында алып тастау керек және алдымен ДИКЛОФЕНАК-DF тамызғаннан кейін 15 минуттан соң енгізіледі.

Жүктілік

Диклофенакты жүктіліктің 20-шы аптадан бастап және кейінгі кеш мерзімінде қолдану шаранада бүйрек функциясының бұзылуын тудырады, бұл қағанақ суының мөлшерінің төмендеуіне (олигогидрамнион) әкелуі мүмкін. Бұл жағымсыз нәтижелер препаратты қолдану басталғаннан кейін көп ұзамай байқалуы мүмкін және әдетте терапияны тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.

Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде диклофенакты тағайындау шұғыл қажеттілік болған кезде ғана мүмкін болады. Жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге немесе жүктіліктің бірінші және екінші триместріне диклофенак тағайындаған кезде ең аз тиімді дозаларды ең аз уақыт аралығында қолдану керек. Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап, диклофенакты бірнеше күн қолданғаннан кейін олигогидрамнионға антенатальді мониторинг жүргізу керек. Егер қағанақ суының аздығы анықталса, диклофенакты қабылдауды тоқтату керек.

Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландин синтезінің тежегіштерін қолдану аясында шаранада келесі ауытқулар болуы мүмкін:

жүрек-өкпе уыттылығы (мысалы, шаранада артериялық түтігінің мерзімінен бұрын жабылуы және өкпе артериясы жүйесіндегі гипертензия);

бүйректің дисфункциясы, ол бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдеуі мүмкін.

Анасы мен нәрестеде:

қан кету уақытының ұлғаюы мүмкін – тромбоциттер агрегациясының тежелу әсері, тіпті препаратты өте төмен дозаларда қолданғанда да болуы мүмкін;

босанудың кешеуілдеуі мен созылуына әкелетін жатырдың жиырылу белсенділігінің бәсеңдеуі.

Диклофенакты жүктіліктің 3 триместрінде қолдануға болмайды.

Бала емізу

Басқа ҚҚСП сияқты, диклофенак аз мөлшерде емшек сүтіне түседі. Сондықтан балада жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін диклофенакты бала емізу кезінде енгізуге болмайды.

Фертильділік

Басқа ҚҚСП сияқты, диклофенакты қолдану әйелдердің фертильділігін нашарлатуы мүмкін және жүкті болуға тырысатын әйелдерге ұсынылмайды. Бала көтеруде қиындықтар туындауы мүмкін немесе бедеулікке қатысты тексеріліп жүрген әйелдер диклофенак қолдануды тоқтатуды қарастыруы керек.

Взаимодействие

Форма выпуска

5 мл және 10 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш құтыда. Әрбір құтыға заттаңбалық немесе жазылатын қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде, 15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 28 күн ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Объем

5 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

График изменения цены на «Диклофенак - DF көз тамшылары 0,1% 5 мл» в Актобе

017034051068085012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-09
Средняя цена
Минимальная цена

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаДиклофенак - DF көз тамшылары 0,1% 5 мл онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube