Құрамы
Әр капсуланың құрамында:
белсенді заттар: 0.500 мг дутастерид,
0.400 мг тамсулозин гидрохлориді;
қосымша заттар: глицерин монокаприлокапраты, I типі, бутилгидрокситолуол (Е 321), желатин, 160 блюм, глицерин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), 30 % метакрил қышқылы және этилакрилат сополимерінің қоспасы (1:1), микрокристалды целлюлоза (тазалығы 101), тальк, триацетин, кальций стеараты, гипромеллоза, каррагинан, калий хлориді, титанның қостотығы (Е 171), күн батар түстес сары (FCF) (FD&C сары №6) (Е 110), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е 172), шеллак (Е 904), калий гидроксиді.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қара сиямен «0.5/0.4» жазуы басылған мөлдір емес қоңыр корпусты, құрамында бір жұмсақ желатинді дутастерид капсуласы және ақтан ақ дерлік түске дейінгі тамсулозин гидрохлориді түйіршіктері бар және мөлдір емес қызғылт сары қақпағы бар, қара сиямен «DTT» жазуы басылған, өлшемі «00» қатты целлюлоза капсулалары.