Показания к применению
- ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензия
- ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензия
- Флупамид СР-сановельге және басқа сульфонамидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
- бауыр функциясының ауыр бұзылуы, бауыр энцефалопатиясы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- гипокалиемия
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- лактоза жақпаушылығы, лактоза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулар
Ұсынылмаған біріктірілімдер
Литий:
Плазмадағы литий мөлшерінің жоғарылауы тұзсыз диета сақтап жүргендегідей артық дозалану белгілерімен қатар жүреді (литийдің несеппен шығуының азаюы). Алайда, егер диуретик қабылдау қажет болса плазмадағы литий мөлшерін мұқият мониторингілеу және дозаны тиісінше өзгерту ұсынылады.
Пайдаланғанда сақтықты талап ететін біріктірілімдер
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардия туындатуға қабілетті дәрілік препараттар:
- I A класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид);
- III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид);
- кейбір психозға қарсы препараттар:
фенотиазиндер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифтороперазин);
бензамидтер (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд);
бутирофенондар (дроперидол, галоперидол);
басқа препараттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин в/і, галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин в/і.
Вентрикулярлық аритмияның жоғарғы қаупі, атап айтқанда «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (гипокалиемия қауіп факторы болып табылады).
Аталған біріктірілімді қолдануды бастар алдында қан плазмасындағы калий мөлшерін анықтау және қажет болса оны түзету керек. Пациенттің клиникалық жай-күйін, плазмадағы және ЭКГэлектролиттер мөлшерін бақылау.
Гипокалиемия болған жағдайда «пируэт» типті қарыншалық тахикардия туындатпайтын препараттарды қолданған жөн.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттар (жүйелі қолдану), циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін (ЦОГ-2) және жоғарғы дозаларда(күніне 3 г) салицил қышқылын қоса:
Индапамидтің гипертензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.
Организмі сусызданған (төмендеген шумақтық сүзіліс) пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі. Емнің басында пациенттің су теңгерімін қалпына келтіру, бүйрек функциясын бақылау керек.
Ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері:
Бұрыннан бар натрий жеткіліксіздігі аясында АӨФ тежегішін қолданудың басында кенеттен болатын гипотензия және/немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі қаупі (әсіресе бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде).
Гипертензия жағдайында, егер бұрынырақ жүргізілген диуретикпен емдеу натрий жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін болса, мыналар қажет:
- немесе АӨФ тежегішімен емді бастағанға дейін 3 күн бұрын диуретик қабылдауды тоқтату және жаңарту, қажет болса, калий жинақтайтын қасиеттері жоқ диуретикті қабылдау;
- немесе қабылдауды АӨФ тежегішінің аздаған дозасымен бастау және оның дозасын біртіндеп жоғарылату.
Жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінде АӨФ тежегіштерімен емдеуді өте төмен дозадан бастау керек, мүмкін калий жинақтайтын қасиеттері жоқ қатар диуретиктің дозасын төмендеткеннен кейін.
Барлық жағдайларда, АӨФ тежегішімен емдеудің бірінші апталарында бүйрек функциясын (плазмадағы креатинин мөлшері) бақылау керек.
Гипокалиемия туындататын басқа препараттар: амфотерицин B (в/і), глюко- және минералокортикоидтар (жүйелі қолдану), тетракозактид, ішек моторикасын стимуляциялайтын іш жүргізетін дәрілер:
Гипокалиемия қаупінің ұлғаюы (аддитивті әсер).
Плазмадағы калий мөлшерін мониторингілеу және қажет болғанда түзету. Ішек моторикасын стимуляцияламайтын іш жүргізетін дәрілерін қолдану ұсынылады.
Баклофен:
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі. Емнің басында пациенттің су теңгерімін қалпына келтіру, бүйрек функциясын бақылау керек.
Жүрек гликозидтері:
Гипокалиемия және/немесе гипомагниемия жүрек гликозидтерінің уытты әсерін ұлғайтады. Плазмадағы калийдің, магнийдің деңгейін, ЭКГ мониторингілеу және қажет болса емді түзету керек.
Назарға алынуы тиіс біріктірілімдер
Калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен):
Бұл біріктірілім кейбір пациенттерде мақсатқа сай болса да гипокалиемия немесе гиперкалиемия (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі немесе диабеті бар пациенттер) дамуы мүмкін. Плазмадағы калий мөлшерін және ЭКГ көрсеткіштерін бақылау және қажет болса емді түзету керек.
Метформин:
Диуретиктерді және әсіресе ілмектік диуретиктерді қолданудан туындаған бүйрек функциясының ықтимал бұзылуымен байланысты метформин туындатқан сүт қышқылды ацидоздың жоғарғы қаупі. Плазмадағы креатинин еркектерде 15 мг/л (135 мкмоль/л) асып кетсе және әйелдерде 12 мг/л (110 мкмоль/л) асып кетсе метформин қолданбаған жөн.
Құрамында йод бар рентгеноконтрастылы заттар:
Диуретиктер қабылдау аясында, әсіресе құрамында йод бар рентгеноконтрастылы заттарды жоғарғы дозаларда қолданғанда организмнің сусыздануы жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін ұлғайтады.
Құрамында йод бар заттарды енгізу алдындағы регидратация.
Имипрамин тәрізді антидепрессанттар, нейролептиктер:
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі және ортостаздық гипотензия (аддитивті әсер) қаупінің жоғарылауы.
Кальций (тұздар):
Кальцийдің несеппен шығарылуының төмендеуі нәтижесінде гиперкальциемия қаупі.
Циклоспорин, такролимус:
Айналымдағы циклоспорин деңгейінің қандай да бір өзгерістерінсіз, тіпті су/натрий мөлшерінің төмендеуі болмағанда плазмадағы креатинин мөлшерінің ұлғаю қаупі.
Кортикостероидтар, тетракозактид (жүйелі қолдану):
Гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі (кортикостероидтар сұйықтық пен натрийдің кідіруін туындатады).
10 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилдихлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.