Показания к применению
- жеңіл және орташа ауырлықтағы псориазда

- жеңіл және орташа ауырлықтағы псориазда
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың қандай да біріне аса жоғары сезімталдық
- псориаздың үдемелі сатысы, пустулезді псориаз
- кальций метаболизмінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар, қатар жүретін кальций гомеостазының жүйелі (демеуші) терапиясы немесе гиперкальциемия
- бауырдың немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Псориазды жергілікті емдегенде кальцитриол мен бетаметазонды жеке-жеке қолдануға қарағанда, оларды бір мезгілде біріктіре қолдану тиімділігі жоғары болған.
Тиазидті диуретиктер гиперкальциемияның өршуін жоғарылатады.
ФОРКАЛ® жақпамайын гиперкальциемия даму қаупі артуына байланысты D дәруменінің белсенді метаболиттерін (кальцитриол, альфакальцидол), D дәруменінің және кальций препараттарының жоғары дозаларын бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.
ФОРКАЛ® жақпамайын құрамында салицил қышқылымен және ол құрамында бар препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Препаратты пилингке арналған дәрілермен, тұтқыр немесе тітіркендіргіш заттармен бір мезгілде пайдалану тітіркендіретін әсерін күшейтуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
ФОРКАЛ® жақпамайын ультракүлгін сәулеленумен (УКС) біріктіріп тағайындау жылдам емдік әсерін қамтамасыз етеді. Ультракүлгін сәулеленуді қолданып бір мезгілде емдегенде препаратты теріге сәулеленуден кейін жағу керек, өйткені ультракүлгін сәулелер Д3 дәруменін 30%-ға жояды.
Педиатрияда қолдану
Балаларда ФОРКАЛ® препаратын қолдану тәжірибесі жоқ.
Жүктілік және лактация кезінде.
Жүктілік
Жүктілік кезінде ФОРКАЛ® препаратын қолдану қауіпсіздігі әйелдерде анықтамаған. Жануарларға жүргізілген зерттеуде аналарында уыттылық туғызған дозаларда уыттылық дамыды.
ФОРКАЛ® препаратын жүктілік кезінде, аса қажеттілікте және әлеуетті артықшылықтар ұрық үшін ықтимал қауіптен басым болған жағдайлардан басқа кезде қолдануға болмайды. Кальций деңгейі бақылануы керек.
Лактация кезеңі
Препарат емшек сүтіне бөлінеді, сондықтан емшек емізетін аналарда емшек емізуді тоқтату немесе ФОРКАЛ® препаратын қабылдауды тоқтату жөнінде мәселені шешіп алу керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозаларда жергілікті қолданған кезде реакция жылдамдығына препараттың әсер ету ықтималдығы аз.
Дозалану режимі
Сыртқа қолдануға арналған. ФОРКАЛ® препаратын тазаланған және құрғатылған тері аймақтарына жұқалап күніне 2 рет (таңертең және кешке) жағады. Жақпамайды күнделікті қолдану тері беткейінің 30%-дан аспауы тиіс. Орташа емдеу ұзақтығы 6 аптаны құрайды, қажет болғанда ұзағырақ емдеуге, сондай-ақ препаратты 1 жылға дейін демеуші ем ретінде пайдалануға болады. Емнің тиімділігі 1-2 апта ішінде байқалады. Ең жоғары тәуліктік дозасы 30 г.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Препаратты ұсынылған дозада жергілікті қолданған кезде артық дозалануы ықтималдығы аз, алайда ұзақ емдегенде кезде және жақпамайды шамадан тыс (аптасына 100 г асыра) жаққанда мынандай гиперкальциемия симптомдары туындауы мүмкін: жүрек айну, құсу, салмақтың төмендеуі, бұлшықет әлсіреуі, миалгия, артральгия, сүйектің ауыруы, шаршау (ЭКГ өзгеруі), эндокринді психосиндром: қызығудың жоғалуы, депрессия, әлсіздік, көру бұзылуы шоғырлануының әлсіздігі
Емі:
- дозаны төмендету немесе препаратты тоқтату
- қан сарысуындағы кальций деңгейі қалпына келгенше, оған медициналық және күнделікті бақылау жасап отыру.
- симптоматикалық ем
- емдеуді төмендетілген дозада немесе бұрынғы дозада, бірақ препаратты қолданудың арасындағы үлкен аралықтарда қайта бастауға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек
30 г бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада.
Сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.