daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Галазолин Мұрын Тамшылары 0,1% 10 Мл | АО Варшавский фармацевтический завод «Польфа»

Актобе қаласындағы Галазолин Мұрын Тамшылары 0,1% 10 Мл | АО Варшавский фармацевтический завод «Польфа»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мұрынға тамызатын дәрі. Мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Ксилометазолин

Өндіруші:

АО Варшавский фармацевтический завод «Польфа»

Өндіруші ел:

Республика Польша

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сорбитол, динатрий фосфат додекагидраты, натрий дигидрофосфат моногидраты, динатрий эдетаты, натрий хлориді, бензалконий хлоридінің ерітіндісі, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мұрынға тамызатын дәрі. Мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

0.1%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Суық тию ауруларында, маусымдық және аллергиялық ринитте (оның ішінде пішен қызбасы), синуситте мұрын бітелуін жеңілдету үшін.

Қарсы көрсеткіштер

ксилометазолин гидрохлоридіне немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

басқа симпатомиметикалық препараттарды бір уақытта қолдану

гипертензияны қоса, жүрек-қантамыр аурулары

қант диабеті

феохромоцитома

гипертиреоз

жабық бұрышты глаукома

моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін қолдану және оларды қолдануды тоқтатқаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең

бета-блокаторларды қолдану

атрофиялық ринит

гипофизді трансфеноидальді жолмен алып тастаудан немесе мидың қатты қабығын ашумен жүретін басқа хирургиялық операциялардан кейінгі пациенттерде қолдануға болмайды

2 жасқа дейінгі балалар (Галазолин® 0.05% үшін)

12 жасқа дейінгі балалар (Галазолин® 0.1% үшін)

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Ксилометазолин қабылдайтын, QT аралығының ұзаруы синдромы бар пациенттер күрделі қарыншалық аритмиялар даму қаупінің жоғарылауына ұшырауы мүмкін.

Галазолин® препаратын созылмалы немесе вазомоторлы ринитке шалдыққан пациенттерге қолданбаған жөн, өйткені оларда препаратты 5 күннен астамға қолдану үрдісі білінеді. Дәрілік препаратты ұсынылған уақыттан ұзақ қолдану қан тамырларының қайтара кеңеюіне және артынша ятрогенді ринитке (rhіnіtіs medіcamentosa) әкелуі мүмкін. Мұндай аурудың анағұрлым шындыққа жақын себебі, норадреналиннің жүйке ұштарынан пресинаптикалық альфа α2-рецепторларының қозуы арқылы босап шығуын басу болып табылады.

Пациенттерге антиконгестанттарды қатарынан 5 күннен ұзақ қолдану ұсынылмайды. Галазолин®, осы топқа жататын басқа препараттар сияқты ұйқысыздық, бас айналуы сияқты симптомдармен және т.б. байқалатын симпатомиметиктерге жоғары сезімталдығы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Препаратты 5 күннен артық қолданбау керек. Егер 5 күннен кейін жақсару басталмаса, пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.

Әсіресе балалар мен егде жастағы пациенттерде ұсынылған дозаларды арттырмаған жөн.

Қуықасты безінің гиперплазиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Мұрын жолдары сезімтал кейбір пациенттер мұрынға тамызатын дәріні қолданған кезде жергілікті жайсыздықты сезінуі мүмкін.

Инфекцияның берілуін болдырмау мақсатында әр құтыны тек бір пациент пайдалануы тиіс.

Алғаш ашқаннан кейін құтыны 12 апта ішінде пайдалану қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер пациент басқа да дәрілік препараттарды қолданып жүрсе, ол Галазолин® препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесуі тиіс.

Үшциклді антидепрессанттармен және МАО тежегіштерімен бірге қолдану артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осы дәрілік препараттармен емделу кезінде препаратты қолдануға болмайды.

Әсерінің жиынтықталуына байланысты ксилометазолинді басқа симпатомиметиктермен (мысалы, суық тию кезінде қабылданатын препараттардың құрамына кіретін эфедрин, псевдоэфедрин) бір мезгілде қолдануға болмайды.

Арнайы ескертулер

Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар

Бензалконий хлоридінің болуына байланысты препарат мұрынжұтқыншақтың шырышты қабығының тітіркенуін туындатуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Галазолин® 0.05% препараты, мұрынға тамызатын дәріні 2 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.

Галазолин® 0.1% препараты, мұрынға тамызатын дәріні 12 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.

Кіші жас топтарындағы балаларда қозу немесе ұйықтай алмау байқалуы мүмкін. Егер осы тектес симптомдар пайда болса, препаратты қолдануды тоқтату қажет.

Егер бала басқа да дәрілік препараттарды қабылдап жүрсе, немесе дәрігердің бақылауында болса, ата-аналары/қамқоршылары препаратты қолданбас бұрын дәрігермен кеңесуі тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Егер пациент жүкті болса немесе емшек емізіп жүрсе ол Галазолин® препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесуі тиіс.

Галазолин® препаратын жүктілік кезінде қолданбау керек.

Ксилометазолиннің емшек сүтімен бөлініп шығуына қатысты деректер жоқ.

Галазолин® препаратын лактация кезеңінде қолдану сақтық танытуды талап етеді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Егер ұсынылған дозада және қысқа мерзімде ғана қолданғанда препарат көлік құралын басқару және қозғалыстағы механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне ықпал етпейді.

Препаратты ұзақ уақыт немесе үлкен дозада қолданғанда жүрек-тамыр жүйесі мен орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ұсынылған дозаларын арттырмау керек.

Шығарылу түрі

10 мл ерітіндіден тамшылатқыш дозаторы мен кепілдік сақиналы қақпағы бар полиэтилен құтыларда. Құтыға заттаңба жапстырылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Ашылған құтыны 12 апта ішінде пайдалану қажет.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГалазолин мұрын тамшылары 0,1% 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
525

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 194

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Актобе:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

719

525

194

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube