daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Гексорал Табс Қосымша Лимон Таблеткалары №16 | Юник Фармасьютикал Лабораториз

Актобе қаласындағы Гексорал Табс Қосымша Лимон Таблеткалары №16 | Юник Фармасьютикал Лабораториз

Өндіруші:

Юник Фармасьютикал Лабораториз

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

Ықтимал артық дозалану асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдерінің анестезиясына әкелуі мүмкін. Емі: симптоматикалық. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар Қатысты емес Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау Қатысты емес Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар Дәрілік затты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгініңіз.

Қаптамадағы саны:

16 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттеріне, басқа амидтік жергілікті анестезиялық дәрілерге жоғары сезімталдық, анамнезде лидокаинге эпилепсия формасындағы құрысулардың болуы;

- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;

- 12 жасқа дейінгі балалар.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Сақтықпен: эпилепсия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, шок, бауыр функциясының бұзылуы кезінде препаратты қабылдау.

Препаратты препарат құрамына кіретін кез келген компонентке жоғары жекелей сезімталдық болғанда пайдалануға болмайды.

Егер ауру симптомдары нашарласа, сақталса немесе жаңалары пайда болса дәрігермен кеңесу керек.

Лидокаин шырышты қабықтың сезімталдығын төмендетеді, бұл аспирация қаупін арттыруы мүмкін.

Тамақ ауруы 2 күннен артық созылса немесе қатарлас жүретін бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу болса дәрігерден кеңес алу қажет.

Препараттың құрамында сахароза бар, мұны қант диабетінен зардап шегетін пациенттерге, сондай-ақ гипокалориялы диетадағы тұлғаларға ескеру қажет. Соруға арналған 1 таблеткада 1618,0 мг сахароза бар, бұл 0,20 НБ сай келеді.

Ұзақ уақыт қолданғанда (екі және одан көп апта бойы) тіске зақымдайтын әсер көрсетеді.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Бала препаратты жұтып қойған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа топтардағы дәрілік препараттарымен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Арнайы ескертулер

Таблетканы кеміруге және тұтастай жұтуға болмайды.

Егер дәрілік зат жарамсыз болып қалса немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе – оны ағын суға немесе көшеге тастамаңыз! Дәрілік затты пакетке салып, қоқыс контейнеріне тастаңыз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі!

Педиатрияда қолдану

Препарат 12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Жүктілік кезінде және лактация кезінде қолдану

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде дәрігердің қадағалауымен және анаға төнетін болжамды пайда шарана мен балаға төнетін қауіптен басым жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автомобильді басқару және қозғалмалы механикалық жабдықты жұмыс істеу қабілетіне ықпалы анықталмады.

Шығарылу түрі

4 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынады. 4 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыгексорал Табс қосымша лимон таблеткалары №16 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube