daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

warning
Құрметті тұтынушылар, техникалық жұмыстарға байланысты тапсырыстар уақытша қабылданбайды.

Актобе қаласындағы Глюкоза Ампуласы 40% 10 Мл №10 | Дальхимфарм ОАО

Актобе қаласындағы Глюкоза Ампуласы 40% 10 Мл №10 | Дальхимфарм ОАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе ашық сары сұйықтық.

Өндіруші:

Дальхимфарм ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар Натрий хлориді - 0,26 мг Инъекцияға арналған су - 1 мл дейін 0.1 м хлорсутек қышқылы – рН 3.0 - 4.0 дейін

Белсенді заттың дозасы:

40%

Дәрілік түрі:

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 400 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- көмірсулар көзі ретінде (жекелей немесе қажет болған жағдайда парентеральді тамақтанудың бөлігі ретінде)

- сұйықтық жоғалған жағдайда регидратация үшін, әсіресе көмірсуларға қажеттілігі жоғары пациенттерде

- енгізілген парентеральді дәрілік заттарды сұйылту және еріту үшін.

Қарсы көрсеткіштер

- аса жоғары сезімталдық

- гипергликемия

- қант диабеті

- гиперлактацидемия

- гипергидратация

- операциядан кейінгі глюкоза утилизациясының бұзылуы

- ми мен өкпе ісіну қаупін төндіретін айналымдық бұзылулар

- мидың ісінуі, өкпенің ісінуі

- жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік

- гиперосмолярлық кома

- ауыр дегидратация, алкогольдік делирийді қоса

- глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Жүректің декомпенсацияланған созылмалы жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек.

Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (олигоанурия), гипонатриемия кезінде сақтықпен қолдану керек.

Глюкозаның барынша толық және өте тез сіңуі үшін 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ есебінен 4-5 ӘБ инсулинді тері астына енгізуге болады.

Басқа дәрілік заттармен біріктірілімде үйлесімдігін көзбен көріп бақылау қажет (көрінбейтін химиялық немесе емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).

Глюкоза ерітіндісін енгізген кезде электролиттік теңгерімге, қандағы және несептегі глюкоза мөлшеріне бақылау жасау қажет.

Ерітіндіні көп мәрте енгізген кезде бауырдың функционалдық жағдайы бұзылуы және ұйқы бездерінің инсулярлық аппаратының әлсізденуі мүмкін.

Гипокалиемия кезінде глюкоза ерітіндісін енгізуді калий тапшылығын түзетумен бір мезгілде үйлестіру қажет (гипокалиемияның күшею қаупіне байланысты).

Балаларда қолдану

Препаратты балаларға тек дәрігердің тағайындауымен және бақылауымен қолдану керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Глюкоза ерітінділерін алкалоидтармен (олар ыдырайды), жалпы анестетиктермен араластырмаған жөн (белсенділігі төмендейді). Глюкоза жансыздандыратын, адреномиметикалық дәрілердің әсерін бәсеңдетеді.

Басқа дәрілік заттармен біріктірілімде үйлесімдігін көзбен көріп бақылау қажет (көрінбейтін химиялық немесе емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).

Глюкоза аминофилинмен, еритін барбитураттармен, гидрокортизонмен, канамицинмен, еритін сульфаниламидтермен, цианокобаламинмен ерітінділерде үйлеспейді.

Глюкоза барынша күшті тотықтырғыш болып табылатындықтан, оны бір шприцте гексаметилентетраминмен бірге енгізбеген жөн. Гемотрансфузия алдында немесе одан кейін жалған агглютинация пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты,  бір жүйеде бір мезгілде қолдануға болмайды.

Тиазидтік диуретиктермен және фуросемидпен бір мезгілде қолданған кезде олардың қан сарысуындағы глюкоза деңгейіне ықпал ету қабілетін ескерген жөн. Тиазидтік диуретиктер және фуросемидтің әсерімен глюкозаға төзімділік төмендейді.

Инсулин глюкозаның шеткергі тіндерге түсуіне мүмкіндік береді.

Глюкоза ерітінділері пиразинамидтің бауырға уытты әсерін төмендетеді. Глюкоза ерітіндісінің үлкен көлемін енгізу гипокалиемияның пайда болуына мүмкіндік береді, ол бір мезгілде қабылданған оймақгүл препараттарының уыттылығын арттырады.

Глюкоза ерітіндісі келесі біріктірілімдермен үйлеспейді:

- бевацизумаб

- бенфотиамин + пиридоксин

- кладрибин – кладрибиннің дегидратациясын күшейтеді

- пиридоксин + тиамин + цианокобаламин +[лидокаин]

- тиокты қышқылы.

Темір (III) ерітіндісі - декстран гидроксидін 5% декстроза ерітіндісімен араластыруға болады.

Линезолид инфузияға арналған ерітінді түрінде 5% декстроза ерітіндісімен үйлеседі.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препарат жүктілік және лактация кезеңінде ана үшін пайдасы шарана үшін қаупінен басым болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін (талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ). Нормогликемиясы бар жүкті әйелдерге препаратты қолдану шарананың гипергликемиясын, метаболизмдік ацидозды туындатуы мүмкін. Соңғысын әсіресе шараналық дистресс немесе гипоксия басқа перинатальді факторлармен байланысты болғанда ескерген маңызды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге

Венар ішіне - енгізуге 10-50 мл 5% және 10% ерітінді.

Зат алмасу қалыпты болатын ересектерде енгізілетін глюкозаның тәуліктік дозасы 4-6 г/кг аспауы тиіс, яғни тәулігіне 250-450 г жуық (зат алмасу қарқындылығы төмендегенде тәуліктік дозаны 200-300 г дейін азайтады), бұл ретте енгізілетін сұйықтықтың тәуліктік көлемі – 30-40 мл/кг.

Үлкен  дозада енгізілетін глюкозаның барынша толық сіңуі үшін 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ есебінен онымен бір мезгілде инсулин тағайындайды.
Қант диабеті бар науқастарға глюкозаны оның қандағы және несептегі мөлшеріне бақылау жасай отырып енгізеді.
Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Парентеральді түрде тамақтандыру үшін балаларға, майлармен және амин қышқылдарымен қатар, алғашқы күні тәулігіне 6 г/кг, одан кейін - тәулігіне 15 г/кг дейін глюкоза енгізеді. Глюкозаның  5% және 10% ерітінділерін енгізген кезде глюкоза дозасын есептеу үшін енгізілетін сұйықтық шекті көлеміне көңіл бөлу керек: дене салмағы 2-10 кг балалар үшін – тәулігіне 100-165 мл/кг, дене салмағы 10-40 кг балалар үшін - тәулігіне 45-100 мл/кг.

Электролит теңгерімін бақылау керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Вена ішіне.

Енгізу жылдамдығы: зат алмасудың қалыпты жағдайында енгізудің ең жоғары жылдамдығы ересектерде – сағатына 0,25-0,5 г/кг (зат алмасу қарқындылығы төмендеген кезде енгізу жылдамдығын сағатына 0,125-0,25 г/кг дейін төмендетеді).

Балаларда енгізу жылдамдығы 0,5 г/кг/с аспауы тиіс; ол 5% ерітінді үшін минутына 10 мл жуықты – минутына 200 тамшыны құрайды (20 тамшы = 1 мл).

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: гипергликемия, глюкозурия, гипергликемиялық гиперосмолярлық кома, асқын гидратация, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы, липонеогенездің күшейіп, көмір қышқыл газдың ұлғаюы, бұл минуттық тыныс алу көлемінің күрт артуы және мұның салдары ретінде тыныс алудың жиілеуі; бауырдың майлы инфильтрациясы.

Емі: глюкозаны енгізуді тоқтату, инсулин енгізу, симптоматикалық ем.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету

Бұл дәрілік затқа қатысты емес.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігерге қаралу қажет. Препаратты тек маман енгізуі керек.

Шығарылу түрі

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 400 мг/мл.

10 мл-ден бейтарап шыны ампулаларда.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен бірге картон қорапқа салынады.

Сындыру ойықтары, сақиналары және  нүктелері бар ампулаларды пайдаланғада ампулалық скарификатор немесе ампулаларды ашуға арналған пышақ салынбайды.

Сақтау шарттары

5-тен 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Ампулалар герметикалығы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Актобе қаласындағы «глюкоза ампуласы 40% 10 мл №10» бағасының өзгеру диаграммасы

010020030040050012-0217-0222-0227-0204-039-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-08
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыглюкоза ампуласы 40% 10 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube