Показания к применению
- ересектердегі артериялық эссенциалды гипертензияда
- ересектердегі артериялық эссенциалды гипертензияда
индапамидке, басқа сульфонамидтерге немесе "Дәрілік препараттың құрамы" бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
бауыр энцефалопатиясы (миға әсер ететін дегенеративті ауру) және бауыр функциясының ауыр бұзылулары
бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің ауыр түрі
қандағы калий деңгейінің төмендеуі (гипокалиемия)
жүктілік және бала емізу кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дәрігерге немесе фармацевтке соңғы уақытта қабылдаған немесе қабылдаған барлық препараттар туралы хабарлаңыз.
Индап® препаратын литиймен бірге қолдануға болмайды (депрессияны емдеуде қолданылады), өйткені қандағы литий деңгейінің жоғарылау қаупі бар.
Индап® препаратын және басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда олардың өзара әрекеттесуі мүмкін. Егер сіз келесі дәрілердің бірін қабылдасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз:
ауыруға қарсы стероид емес қабынуға қарсы дәрілер (мысалы, ибупрофен) немесе ацетилсалицил қышқылының жоғары дозалары,
тетракозактид (Крон ауруын емдеу үшін),
тітіркендіргіш іш жүргізетін препараттар,
баклофен (шашыраңқы склероз сияқты аурулармен бірге жүретін бұлшықет түйілуін емдеу үшін),
ангиотензин өзгертуші фермент (AӨФ) тежегіштері (жоғары қан қысымы мен жүрек жеткіліксіздігін емдеуде қолданылады),
жүрек ырғағының бұзылуын емдеу үшін қолданылатын дәрілер (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид, дигиталис, бретилия тозилаты),
метформин (қант диабетін емдеу үшін),
құрамында йод бар контрастты заттар (рентгенографиялық зерттеу үшін қолданылатын),
депрессия, мазасыздық, шизофрения сияқты психикалық бұзылуларды емдеу үшін қолданылатын дәрілер (мысалы, трициклді антидепрессанттар, селективті серотонинді қайта қармау тежегіштері (циталопрам, эсциталопрам), психозға қарсы препараттар, нейролептиктер (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд, дроперидол, галоперидол)),
кальций таблеткалары немесе құрамында кальций бар басқа биологиялық белсенді қоспалар,
ауыр демікпе мен ревматоидты артритті қоса, әртүрлі күйлерді емдеу үшін қолданылатын пероральді кортикостероидтар,
калий сақтайтын диуретиктер (несеп айдайтын заттар) (амилорид, спиронолактон, триамтерен),
циклоспорин, такролимус немесе ағзаларды транспланттаудан кейін иммундық жүйенің функциясын төмендету үшін, аутоиммундық ауруларды немесе ауыр ревматизмдік немесе тері ауруларын емдеу үшін қолданылатын басқа да дәрілер,
бепридил (стенокардияны емдеу үшін қолданылады - кеудедегі ауырсынудың себебі болып табылатын ауру),
цизаприд, дифеманил (ас қорыту проблемаларын емдеу үшін қолданылады),
инъекция түріндегі спарфлоксацин, моксифлоксацин және эритромицин (инфекцияларды емдеуде қолданылатын антибиотиктер),
инъекция түріндегі винкамин (егде жастағы пациенттердің есте сақтау қабілетінің жоғалуы сияқты когнитивті бұзылыстарының симптомдарын емдеу үшін қолданылады),
галофантрин (безгектің белгілі бір түрлерін емдеу үшін қолданылатын паразитке қарсы дәрі),
пентамидин (өкпенің қабынуының белгілі бір түрлерін емдеу үшін қолданылады),
инъекция түріндегі амфотерицин В (зеңдік ауруларды емдеу үшін қолданылады),
аллергиялық ринит (астемизол, терфенадин, мизоластин) сияқты аллергиялық реакцияларды емдеуге арналған препараттар,
метадон (токсикоманияны емдеу үшін қолданылады),
аллопуринол (подаграны емдеу үшін қолданылады).
Тамақ өнімдері немесе сусындар Индап®препаратын қолдануға әсер етпейді.
Дозалау режимі
Әрқашан препаратты емдеуші дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 84₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Актобе:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
1214₸
1130₸
84₸