daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Эмерон 100 Мг/2 Г №30 Суспензия Дайындауға Арналған Түйіршіктер | FINE FOODS PHARMACEUTICALS N.T.M. S.p.A

Актобе қаласындағы Эмерон 100 Мг/2 Г №30 Суспензия Дайындауға Арналған Түйіршіктер | FINE FOODS PHARMACEUTICALS N.T.M. S.p.A

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Апельсин дәмі бар оңай ағатын сарғыш түйіршіктер. Суспензиядан кейін - өзіне тән апельсин дәмі бар мөлдір немесе сәл бозаңданатын бозғылт сары суспензия

Международное наименование:

Нимесулид

Производитель:

FINE FOODS PHARMACEUTICALS N.T.M. S.p.A

Страна производитель:

Италия

Действующее вещество:

қосымша заттар: сахароза, мальтодекстрин, лимон қышқылы, апельсин хош иістендіргіші. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Апельсин дәмі бар оңай ағатын сарғыш түйіршіктер. Суспензиядан кейін - өзіне тән апельсин дәмі бар мөлдір немесе сәл бозаңданатын бозғылт сары суспензия

Дозировка активного вещества:

100 мг 2 г

Количество в упаковке:

30 шт

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

- жедел ауырсынуларды емдеу

- бастапқы дисменореяны емдеу.

Эмерон препаратын екінші қатардағы препарат ретінде ғана тағайындау қажет. Нимесулидпен емдеу туралы шешім әрбір пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдануы тиіс.

Противопоказания

- әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға байланысты бұрын байқалған аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронх түйілуі, есекжем, ринит, мұрындағы полиптер)

- бұрын болған нимесулидке гепауытты реакциялар

- бауыр үшін әлеуетті уытты басқа дәрілерді қатар қабылдау, алкоголизм, есірткіге тәуелділік

-алдыңғы ҚҚСП емдеумен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілу

- асқыну сатысындағы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, анамнезде ойық жараның, тесілудің немесе асқазан-ішек жолында қан кетудің болуы

- цереброваскулярлық қан кетулер немесе қан ұюының басқа да жедел бұзылулары

- қан ұюының ауыр бұзылулары

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- бауыр жеткіліксіздігі

- қызба және/немесе тұмау симптомдары бар пациенттер

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктіліктің үшінші триместрі және бала емізу кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары

Нимесулидті басқа ҚҚСП-мен, оның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бірге қолданудан аулақ болу керек. Екі ҚҚСП бір мезгілде қолдануға жол берілмейді. Эмерон препаратымен емдеу кезінде пациент басқа анальгетиктерді қабылдаудан бас тартуы керек.

Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, анықталған жүрек ишемиясы диагнозы, шеткері артерия аурулары, цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерді пайда/қауіп арақатынасын мұқият қарастырғаннан кейін ғана Эмерон препаратымен емдеуге болады.

Осындай тәсіл жүрек-қан тамырлары ауруларының (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және темекі шегу) қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ емдеуді бастар алдында қажет.

Нимесулид тромбоциттердің функциясын бұзуы мүмкін болғандықтан, геморрагиялық диатезі бар пациенттерде оны сақтықпен қолдану керек, бірақ жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін Эмерон ацетилсалицил қышқылын алмастыра алмайды.

Осы пациенттер үшін, сондай-ақ асқазан-ішектің жағымсыз әсерлерінің қаупін арттыратын ҚҚСП тобындағы аспириннің немесе басқа да препараттардың төмен дозаларын қабылдайтын пациенттер үшін қорғағыш құралдарын (мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет.

Эмерон препаратын асқазан-ішек жолдарының аурулары, оның ішінде пептидтік ойық жарасы бар, анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кету , спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл аурулар өршуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): құрамында нимесулид бар дәрілік заттарды кез келген қабынуға қарсы дозаларда ацетилсалицил қышқылын қоса, басқа ҚҚСП-мен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды (бір қабылдауға ≥1 г немесе жалпы тәуліктік дозада ≥ 3 г).

Антикоагулянттар: ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Варфаринді, осы тектес антикоагулянттарды немесе ацетилсалицил қышқылын қабылдайтын пациенттерде нимесулидпен бір мезгілде қолданғанда қан кетудің даму қаупі жоғары, сондықтан осы біріктірілімді қолдану ұсынылмайды, ал қан ұюының ауыр бұзылулары бар пациенттерге оны қолдануға болмайды. Егер біріктірілген емді болдырмау мүмкін болмаса, қанның ұю көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет.

Антиагреганттар мен серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ): антиагреганттар мен СКҚСТ асқазан-ішек жолынан қан кету қаупін арттырады.

Диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, ангиотензин II антагонистері: ҚҚСП диуретиктер мен басқа да гипотензивті препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы төмендеген кейбір пациенттерде (мысалы, сусыздану кезінде немесе бүйрек функциясы бұзылған егде пациенттерде), ҚҚСП-ны АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен бір мезгілде тағайындау бүйрек функциясының нашарлауын (жедел бүйрек жеткіліксіздігіне дейін) туындатуы мүмкін, ол негізінен қайтымды сипатқа ие. Препараттардың бұл біріктірілімі әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындалуы керек.

Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін алуы тиіс және біріктірілген ем басталғаннан кейін және оны жүргізу процесінде кезең-кезеңімен бүйрек функциясын бақылау қажеттілігін анықтау керек.

Диуретиктер: дені сау еріктілерде нимесулид натрийдің шығарылуына және аз дәрежеде калийдің шығарылуына фуросемидтің әсерін уақытша төмендетіп, несеп айдайтын әсерін азайтты.

Бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде фуросемид пен Эмерон препаратын бір мезгілде қолданғанда сақтық қажет.

ҚҚСП литий клиренсін төмендетеді, бұл плазмадағы литий деңгейінің жоғарылауына және оның уытты әсерінің дамуына әкеледі. Эмерон препаратын литий препараттарын бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге тағайындаған кезде қан плазмасындағы литий деңгейіне жиі бақылау жүргізу қажет.

Басқа ақпарат

Глибенкламидпен, теофилинмен, варфаринмен, дигоксинмен, циметидинмен және антацидтік препараттармен (мысалы, алюминий және магний гидроксидінің біріктірілімі) ықтималды өзара әрекеттесуін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілді. Клиникалық маңызды өзара әрекеттесу байқалмады.

Нимесулид CYP2C9 басады. Нимесулидпен бір мезгілде қолданғанда осы ферменттің субстраты болып табылатын препараттардың плазмадағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Эмерон препаратын метотрексатты қолданудан 24 сағат бұрын немесе одан кейін тағайындағанда сақ болу керек, өйткені мұндай жағдайларда плазмадағы метотрексат деңгейі жоғарылауы және оның уытты әсерін тудыруы мүмкін.

Бүйрек простагландиндеріне әсер етуіне байланысты, оларға нимесулид те жататын простагландинсинтетаза тежегіштері циклоспориндердің нефроуыттылығын арттыруы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей, нимесулид толбутамид, салицил және вальпрой қышқылымен байланысқан жерлерден шығарылады. Алайда, оның плазмадағы деңгейіне ықтималды әсеріне қарамастан, осы өзара әрекеттесулердің клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ.

Кортикостероидтар: кортикостероидтар асқазан-ішек жолынан ойық жаралар мен қан кетудің даму қаупін арттырады.

Взаимодействие

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Жағымсыз жанама әсерлерді барынша азайту үшін емдеудің ең аз ұзақтығында ең аз тиімді дозаны қабылдау керек.

Ересектер: тамақтанғаннан кейін тәулігіне екі рет 1 пакеттен (100 мг нимесулид).

Балалар: құрамында нимесулид бар дәрілік препараттарды 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жасөспірімдер (12 жастан 18 жасқа дейін): бұл пациенттер үшін дозаны өзгерту қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін Эмерон препаратын қолдануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: жеңіл және орташа айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Эмерон препаратын тағайындауға болмайды.

Форма выпуска

2 г препараттан қағаздан, алюминий және полиэтилен үлбірден жасалған термодәнекерленген үш қабатты пакетке салынған.

30 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге литографталған картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаЭмерон 100 мг/2 г №30 суспензия дайындауға арналған түйіршіктер онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube