daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Кальций D3 Никомед Апельсин Хош Иісті Шайнайтын Таблеткалар 500 Мг / 200 ХБ №60 | Такеда АС

Сипаттама:

Ақ түсті қабығы жоқ, апельсиннің хош иісі бар екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар. Аздап теңбілденуі және шеттері тегіс болмауы мүмкін.

Өндіруші:

Такеда АС

Өндіруші ел:

Норвегия

Қаптамадағы саны:

60 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

кальций және Д дәрумені тапшылығын емдеуде және профилактикасында;

кальций мен Д дәруменінің тапшылық қаупі бар пациенттерді остеопороздан емдеу кезінде қосымша ем ретінде кальций мен Д дәруменін қабылдау.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы <30 мл/мин / 1,73 м2)

гиперкальциемияның және/немесе гиперкальциурияның дамуына себепші болатын аурулар және/немесе жағдайлар

бүйрек-тас ауруы (нефролитиаз)

Д дәруменінің гипервитаминозы

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Кальций-Д3 Никомедті қабылдамас бұрын емдеуші дәрігеріңізбен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз:

Егер Сіз ұзақ емделіп жатсаңыз, әсіресе егер Сіз диуретиктерді (қан қысымын және сұйықтықтың іркілісін емдеуге арналған дәрілік заттар) немесе жүрек гликозидтерін (жүрек ауруларын емдеуге арналған оймақгүл препараттары) қабылдап жүрсеңіз;

Егер Сізде бүйрек функциясының бұзылу белгілері болса немесе тастардың пайда болуына аса бейімділік болса;

Егер Сізде саркоидоз болса (организмдегі Д дәруменінің деңгейін жоғарылататын иммундық жүйенің ауруы);

Егер Сізде остеопороз болса және сол уақытта қозғала алмасаңыз;

Егер Сіз құрамында Д дәрумені бар басқа дәрі-дәрмектерді қабылдап жүрсеңіз. Кальций мен Д дәруменінің қосымша дозаларын дәрігер мұқият бақылауы керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Тиазидті диуретиктер несеппен кальцийдің шығарылуын тежеуі мүмкін. Қандағы кальций мөлшерінің арту қаупінің жоғарылауына байланысты Кальций-Д3 Никомед пен тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қабылдағанда, сарысудағы кальций деңгейін ұдайы бақылау қажет.

Қандағы кальций мөлшері жоғарылағанда жүрек гликозидтері олардың уытты әсерін арттыруы мүмкін. Кальций-Д3 Никомед пен жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдағанда қан сарысуындағы кальций деңгейін және электрокардиография (ЭКГ) көрсеткіштерін бақылау қажет.

Кальций карбонаты тетрациклин қатарындағы антибиотиктердің сіңуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан тетрациклиндерді Кальций-Д3 Никомед қабылдағаннан кейін кемінде екі сағат бұрын немесе төрт-алты сағаттан соң қабылдау керек.

Хинолонды антибиотиктердің әсері кальциймен бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Хинолонды антибиотиктерді Кальций-Д3 Никомед қабылдаудан екі сағат бұрын немесе алты сағаттан кейін қабылдау керек.

Құрамында бисфосфонаттар бар препараттарды (остеопорозға қарсы дәрілік заттар) Кальций-Д3 Никомед қабылдаудан кемінде бір сағат бұрын қабылдау қажет.

Левотироксиннің тиімділігі левотироксин сіңуінің төмендеуіне байланысты кальцийді бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін. Кальций-Д3 Никомед пен левотироксинді қабылдау арасында кемінде төрт сағат өтуі тиіс.

Кальций тұздары темір, мырыш және стронций ранелатының сіңуін төмендетуі мүмкін. Демек, темір, мырыш немесе стронций ранелаты препараттарын Кальций-Д3 Никомед қабылдаудан кем дегенде екі сағат бұрын қабылдау керек.

Орлистатпен емдеу майда еритін дәрумендердің (мысалы, Д3 дәруменінің) сіңуін бұзуы ықтимал.

Арнайы сақтандырулар

Ұзақ емдегенде қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылау және қан сарысуындағы креатинин деңгейін өлшеу арқылы бүйрек функциясын бақылау керек. Бақылау әсіресе егде жастағы пациенттерде жүрек гликозидтерімен және диуретиктермен қатар емдегенде және тастардың түзілуіне бейімділігі жоғары пациенттерде өте маңызды. Гиперкальциемия немесе бүйрек функциясының бұзылу белгілері жағдайларында дозаны азайту немесе емдеуді тоқтату керек.

Гиперкальциемиясы немесе бүйрек функциясының бұзылу белгілері бар пациенттерге холекальциферолы бар кальций карбонатын сақтықпен тағайындау керек, қандағы және несептегі кальций мен фосфаттар деңгейін бақылау қажет. Жұмсақ тіндерді кальцификациялау қаупін ескеру қажет.

Д дәруменінің басқа көздерін және/немесе құрамында кальций бар дәрілік препараттарды немесе қоректік заттарды бір мезгілде қабылдағанда гиперкальциемия және кейіннен бүйрек функциясының бұзылуымен байқалатын сүтті-сілтілік синдромы қаупі бар. Мұндай науқастарда кальцийдің сарысулық деңгейі және бүйрек функциясы бақылануы тиіс.

Кальций-Д3 Никомед Д дәруменінің белсенді түрге айналу қаупіне байланысты саркоидозбен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Мұндай пациенттерде қан сарысуындағы және несептегі кальций деңгейі бақылануы тиіс.

Кальций-Д3 Никомед гиперкальциемияның даму қаупіне байланысты остеопорозы бар иммобилизацияланған науқастарға сақтықпен тағайындалуы тиіс.

Кальций-Д3 Никомед препараты құрамында сахароза бар, ол тіске зиянды болуы мүмкін. Таблеткалардың құрамында изомальт (E953) бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі аурулары бар пациенттерге бұл препаратты қолдануға болмайды.

Кальций-Д3 Никомед бір таблеткасында 23 мг-ден аз натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.

Бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Жүктілік

Кальций-Д3 Никомедті жүктілік кезінде кальций мен Д дәрумені тапшылығы жағдайында әйелдер қолдана алады. Жүктілік кезінде тәуліктік дозада кальций 2500 мг-нан және Д дәрумені 4000 ХБ-ден аспауы тиіс. Бірақ жүкті әйелдерде кальций мен Д дәруменінің артық дозалануын болдырмау керек, өйткені тұрақты гиперкальциемия дамып келе жатқан шаранаға теріс әсер етеді.

Д дәрумені емдік дозаларда тератогендік әсерге ие емес.

Бала емізу

Кальций-Д3 Никомед бала емізу кезінде қолданылуы мүмкін. Кальций мен Д3 дәрумені емшек сүтіне енеді. Мұны балаға Д дәрумені қосымша тағайындалған жағдайда ескеру керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кальций-Д3 Никомед көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Кальций және Д дәрумені тапшылығының профилактикасы және емдеуде.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар – күніне 2 рет 1 таблеткадан немесе күніне бір рет 2 таблеткадан.

5-тен 12 жасқа дейінгі балалар – күніне 1-2 таблеткадан.

3-тен 5 жасқа дейінгі балалар – дәрігердің нұсқауларына сәйкес доза.

Кальций мен Д дәруменінің тапшылық қаупі бар пациенттерде остеопорозды емдеуде қосымша ем ретінде

Ересектер – күніне 2-3 рет 1 таблеткадан.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблетканы шайнауға немесе соруға болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Егер Сіз Кальций-Д3 Никомед қажет болғаннан көп қабылдаған болсаңыз, дереу емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Препараттың өткізіп алған қабылдауының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар.

Препаратты әрдайым осы қосымша параққа және емдеуші дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің нұсқауларына сәйкес қабылдаңыз. Егер күмән туындаса, емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

30, 60 немесе 120 таблеткадан бұрандалы қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтилен құтыда.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, тығыздалып жабылған құтыда, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

30 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, тығыздалып жабылған құтыда, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКальций D3 Никомед апельсин хош иісті шайнайтын таблеткалар 500 мг / 200 ХБ №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube