Показания к применению
- артериялық гипертензияда
- созылмалы тұрақты стенокардияда (профилактикалық ем)
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)
- артериялық гипертензияда
- созылмалы тұрақты стенокардияда (профилактикалық ем)
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)
- карведилолға немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық
- бронх демікпесі
- бронх түйілу синдромы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы
- II, III дәрежедегі АV блокадасы, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, айқын брадикардия (егер тұрақты кардиостимулятор жоқ болса)
- кардиогенді шок
- инотропты әсер ететін препараттарды вена ішіне енгізу қажет болатын жедел және декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV функционалдық класс)
- артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым сын. бағ. аз)
- шеткері қан айналымының ауыр бұзылулары
- шеткері тамырлар аурулары
- бір мезгілде в/і верапамил, дилтиазем немесе аритмияға қарсы басқа дәрілерді (әсіресе, I класс) енгізу
- метаболизмдік ацидоз
- α1-рецепторлар немесе α2-рецепторлар антагонистерімен бір мезгілде емдеу
- феохромоцитома
- бауыр жеткіліксіздігі
- лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)
- Принцметал стенокардиясы
- кетоацидозды қант диабеті
- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Сақтықпен
- қант диабеті, гипогликемия
- гипертиреоз
- депрессия
- миастения
- псориаз
- бүйрек жеткіліксіздігі
Бета-адреноблокаторлардың басқа препараттармен фармакодинамикалық та, фармакокинетикалық та өзара әрекеттесуі туралы хабарланады.
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі
Дигоксин: бір мезгілде қолданғанда карведилол қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын шамамен 15 % арттырады, бұл дигоксиннен болатын брадикардияның күшеюіне әкеледі. Дигоксин мен карведилол AV өткізгіштігін баяулатады, бұл олардың әсер ету аддитивтілігіне әкелуі мүмкін. Карведилол қолданудың басында, дозаларын таңдағанда немесе емін тоқтатқанда плазмадағы дигоксин концентрациясын бақылау ұсынылады.
Циклоспорин: карведилол плазмадағы циклоспорин концентрациясын арттыруы мүмкін, сондықтан циклоспорин дозасын азайту қажет. Карведилолмен ем басталған соң циклоспорин деңгейін бақылау ұсынылады.
P450 цитохромы ферменттерін индукциялайтын немесе тежейтін препараттар: барбитураттармен және рифампицинмен бір мезгілде қолданғанда карведилол метаболизмі күшейеді, бұл оның плазмадағы концентрациясының азаюына алып келеді.
Циметидин, эритромицин, флувоксамин және гидралазин өз кезегінде карведилол метаболизмін баяулатып, карведилол әсерін күшейтеді.
Алюминий гидроксиді, холестирамин: бір мезгілде қолданғанда карведилол сіңірілуі кідіреді, бұл оның әсерінің азаюына алып келеді.
Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі
Диабетке қарсы препараттар, соның ішінде инсулин: карведилол гипогликемиялық әсерді күшейтеді және гипогликемияға тән сақтандыру белгілерін, мысалы, треморды бүркемелейді немесе азайтады.
Катехоламиндер деңгейін төмендететін препараттар: МАО тежегіштері, резерпин ауыр брадикардияны туындатып, карведилолдың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Верапамил, дилтиазем және аритмияға қарсы басқа да препараттар: карведилолмен бір мезгілде қолданғанда ауыр брадикардия немесе жүрек блокадасы туындауы мүмкін. Верапамил инъекциясы жағдайында айқын гипотензия мен асистола болуы мүмкін. Амиодарон вентрикулярлы аритмиялардың пайда болу қаупін арттырады.
Клонидин: карведилмен бір мезгілде қолданғанда қан қысымын бақылау керек. Клонидинмен бір мезгілде емдеуді тоқтату қажет болатын жағдайларда, алдымен карведилол қолдануды тоқтату керек, бірнеше күн өткен соң, дозаны біртіндеп азайтумен клонидинмен емді тоқтатады.
Эрготамин немесе эргометрин: карведилолмен бір мезгілде қолдану шеткері қан тамырларының жиырылуын күшейтеді.
Безгекке қарсы дәрілер: карведилолдан болатын брадикардияның туындау қаупін арттырады.
Симпатомиметикалық дәрілер: карведилол адреналиннің (эпинефрин) прессорлық әсерін арттыру немесе азайтуы мүмкін. Карведилолмен ұзақ уақыт емдеу десенсибилизациялық ем жағдайында адреналин әсерін азайтуы мүмкін.
Хлорпромазин: бір мезгілде карведилол мен хлорпромазин қолдану плазмада екі препараттың да концентрациясын арттыруы жәнe олардың әсерлерін күшейтуі мүмкін.
Гипертензияға қарсы дәрілер: карведилол бір мезгілде қолданылатын гипертензияға қарсы дәрілердің әсерін және гипертензияға қарсы дәрілерге тән жағымсыз әсерлер туғызатын дәрілердің, мысалы, ұйықтататын дәрілер, анксиолитикалық дәрілер немесе алкоголь әсерін күшейтуі мүмкін.
Анестезияға арналған дәрілер: анестезия жасағанда карведилол мен жансыздандыруға арналған жекелеген дәрілердің теріс инотропты және гипотензиялық әсерлерінің қосылып кетуі мүмкін екендіктен сақ болу керек.
ҚҚСП және кортикостероидтар карведилолдың гипотензиялық әсерін антагониздейді.
АКЭ тежегіштері, диуретикалық дәрілер, кальций өзекшелерінің блокаторлары және алпростадил: гипотензиялық әсерінің артуы мүмкін екендіктен қан қысымын мезгіл-мезгіл бақылау қажет.
Дозалау режимі
Артериялық гипертензияда: алғашқы 2 күнде күніне 1 рет 12,5 мг, артынан күніне 1 рет 25 мг, кемінде 2 апта аралықпен дозаны біртіндеп арттыру мүмкіндігімен. Ең жоғары тәуліктік доза – 50 мг, бүкіл дозаны бірден немесе оны 2 қабылдауға бөліп қабылдаумен.
Тұрақты стенокардияда: алғашқы 2 күнде күніне 2 рет 12,5 мг, артынан күніне 2 рет 25 мг. Қажет болса, кемінде 2 апта аралықты сақтап, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (оймақгүл препараттарымен, диуретиктермен және ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен таңдалған ем аясында) – 2 апта бойы күніне 2 рет 3,125 мг-ден бастап, артынан сол дозаны (жақсы көтерімді болса) күніне 2 рет 6,25 мг дейін, одан кейін күніне 2 рет 12,5-25 мг дейін арттырады.
85 кг-ден аз дене салмағында – ең жоғары бір реттік доза 25 мг, ең жоғары тәуліктік доза 50 мг құрайды.
85 кг-ден көп дене салмағында – ең жоғары бір реттік доза 50 мг, ең жоғары тәуліктік доза 100 мг құрайды.
Егер ем 2 аптадан көп уақытқа тоқтатылса, оны жаңғырту күніне 2 рет 3,125 мг дозадан басталып, доза кейіннен арттырылады.
Емдеу курсының ұзақтығын және дозаны емдеуші дәрігер белгілейді.
Егде пациенттерде плазмадағы карведилол концентрациясы шамамен 50 %-ға ұлғаяды, сондықтан осы жас тобында дозаны түзету (жартысын азайту) керек.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде карведилолдың биожетімділігі 4 есе өседі, плазмадағы ең жоғарғы концентрация – 5 есе үлкен; сондықтан осы пациенттер тобы үшін де азайту жағына қарай дозаны түзету керек.
Гипертензиясы бар және бүйрек функциясы орташадан ауыр дәрежеге (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) дейін бұзылған пациенттерде плазмадағы карведилол концентрациясының шамамен 40-50 %-ға жоғарылауы байқалды, бұл да дозаны түзетуді талап етті.
Енгізу әдісі және жолы
Сұйықтықтың жетілікті мөлшерімен ішу керек.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Симптомдары: артериялық қысымның айқын төмендеуі (систолалық АҚ
- сын. бағ. 80 мм және одан төмен), брадикардия (минутына 50 реттен аз соғу), жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок, жүректің тоқтауы, тыныс алу функциясының бұзылуы, бронх түйілуі, құсу, естен тану, конвулсиялар.
Емі: пациент жатқан күйде болуы тиіс. Қажет болса, дәрігердің қадағалауымен қарқынды ем жүргізу керек. Артық дозаланудан соң бірден құстыруға немесе асқазанды шаюға болады.
Айқын брадикардия: 2 мг в/і атропин.
Жүрек-қантамыр функциясын демеу: 30 секундтай в/і 5-10 мг глюкагон енгізу, оны сағатына 5 мг үздіксіз инфузиямен енгізуді жалғастыру; симпатомиметиктер (добутамин, изопреналин, адреналин) тағайындау.
Бронх түйілуі: бета-симпатомиметиктер (в/і немесе аэрозоль көмегімен ингаляциялар) немесе в/і аминофиллин.
Конвульсиялар жағдайында в/і диазепам немесе клоназепамды баяу енгізу ұсынылады.
Артық дозаланудың ауыр жағдайларында (шок симптомдарымен), карведилолдың 7-10 сағат жартылай шығарылу кезеңін ескеріп, емдеуді барынша ұзақ жүргізген жөн.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от