daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Клавунат BID Форте Суспензиясы 400 Мг / 57 Мг 70 Мл | АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Қоймада жоқ
Актобе қаласындағы Клавунат BID Форте Суспензиясы 400 Мг / 57 Мг 70 Мл | АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С
Сипаттама:

Сарғыштау-ақ түсті, біртекті, сусымалы, таңқурай иісі бар ұнтақ. Суспензия сарғыштау-ақ түсті, біркелкі, таңқурай иісі болуы керек.

Өндіруші:

АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

142.528 мг калий клавуланаты: силоид (1:1) (57 мг клавулан қышқылына баламалы) қосымша заттар: гидроксипропилметилцеллюлоза, ксантан шайыры, кристалды натрий сахаринаты, аэросил 200, таңқурай ұнтағы TR 9570.

Белсенді заттың дозасы:

400 мг/57 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Клавунат BID Форте ересектер мен балалардағы келесі инфекцияларды емдеуге арналған:

- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде)

- ортаңғы жедел отит

- созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде)

- ауруханадан тыс пневмония

- цистит

- пиелонефрит

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы, атап айтқанда целлюлит, жануарлардың шағуы, жедел абсцестер және жақсүйек-бет аймағының флегмоналары

- сүйектер мен буындардың инфекциясы, атап айтқанда остеомиелит.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға, пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

анамнезіндегі басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдар) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы

анамнезіндегі амоксициллин/ клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы

Өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Практикада пероральді антикоагулянттар мен пенициллин қатарындағы антибиотиктер кеңінен қолданылады, бірақ олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар тіркелген жоқ. Алайда, аценокумарол немесе варфарин қабылдаған және амоксициллинмен емдеу курсы тағайындалған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылаған жағдайлары сипатталған. Егер осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, амоксициллинді қосқанда немесе тоқтатқанда протромбин уақытын немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты мұқият бақылау керек. Бұдан бөлек, пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Метотрексат.

Пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын төмендетуі мүмкін, бұл уыттылықтың ықтимал жоғарылауын туындатады.

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректің өзекшелік секрециясын төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қолдану қандағы амоксициллиннің (бірақ клавулан қышқылының емес) деңгейі мен болу ұзақтығының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Микофенолат мофетил.

Микофенолат мофетилмен ем алатын пациенттерде клавулан қышқылымен пероральді амоксициллинді қолдануды бастағаннан кейін микофенол қышқылының белсенді метаболитінің дозаға дейінгі концентрациясы шамамен 50% - ға төмендеуі мүмкін. Дозаға дейінгі деңгейдің бұл өзгеруі микофенол қышқылының жалпы экспозициясының өзгеруіне толық сәйкес келмеуі мүмкін. Демек, трансплантат дисфункциясының клиникалық растамасы болмаса, микофенолат мофетил дозасын өзгерту әдетте қажет емес. Дегенмен, біріктірілімді қолданғанда және антибиотиктермен емдеуден кейін көп ұзамай мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүктілік кезінде Клавунат BID Форте қолданудың шектеулі деректері препараттың жүктілік ағымына немесе шарананың/жаңа туған нәрестенің дамуына тигізетін жағымсыз әсерін анықтаған жоқ. Бүгінгі таңда қандай да бір маңызды эпидемиологиялық деректер алынған жоқ. Қағанағы мерзімінен бұрын жарылған (pPROM) әйелдердің қатысуымен жүргізілген бір зерттеуде Клавунат BID Форте препаратын профилактикалық қолдану жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігі хабарланды. Басқа дәрілік препараттар жағдайындағыдай, жүктілік кезінде қолданудан аулақ болу керек, егер дәрігер оны қажет деп санайтын жағдайлардан басқа.

Бала емізу

Препараттың екі әсер етуші заты да емшек сүтімен бірге шығады (клавулан қышқылының емшектегі балаларға әсері туралы деректер жоқ). Демек, бала емізген кезде сәбилерде диарея мен шырышты қабықтардың зең инфекциясының даму ықтималдығы бар, осылайша ондай жағдайларда бала емізуді тоқтату керек. Клавунат BID Форте препаратын бала емізетін кезде емдеуші дәрігердің пайда-қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолдану керек.

Қосымша заттар туралы ерекше ақпарат

Бұл препараттың құрамында бір дозасына 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, пациенттерді аталған әрекет түрлеріне әсер етуі мүмкін ықтимал жағымсыз құбылыстар (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) туралы хабардар ету керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшерлік бірліктерінде көрсетіледі.

Клавунат BID Форте препаратының дозасын таңдағанда келесі факторларды ескеру керек:

- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы

- инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы

- пациенттің жас шамасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.

Қажет болса, Клавунат препаратының баламалы дәрілік түрлерін (мысалы, амоксициллиннің ең жоғары дозаларын және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылының әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндер) қолдануды қарастырған жөн.

Артық дозалану

Асқазан-ішек жолының бұзылыстары және су-электролит теңгерімінің бұзылуы дамуы мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдағанда құрысулар туындауы мүмкін. Кейбір жағдайларда амоксициллин қабылдаған кезде туындайтын және кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелетін кристаллурия байқалды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде және жоғары дозаларды қабылдайтын пациенттерде құрысулар туындауы мүмкін.

Амоксициллин қуық катетерінде, негізінен препараттың жоғары дозаларын вена ішіне енгізгеннен кейін шөгуі мүмкін. Катетерлердің өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролит теңгерімін түзету. Амоксициллинді/клавулан қышқылын гемодиализдің көмегімен қанағымнан шығаруға болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Дозаны өткізіп алған жағдайда, препараттың дозасын есіне түсірген бойда қабылдау керек. Келесі дозаны тым ерте қабылдауға болмайды, келесі дозаны қабылдау үшін шамамен 4 сағат күту қажет. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамау керек.

Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

Препаратты емдеуші дәрігер көрсеткен уақыт ішінде қабылдауды жалғастыру керек. Препаратты қабылдауды, тіпті көңіл-күй жақсарған жағдайда да тоқтатуға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сауалдар туындағанда дәрігерге хабарласу керек.

Жанама әсерлері

Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)

тері және шырышты жамылғылардың кандидозы

диарея, жүрек айну, құсу. Жүрек айну ең жоғары дозаларды пероральді қабылдаған кезде жиірек туындайды. Асқазан-ішек жолының бұзылуларын азайту үшін препаратты тамақтану басында қабылдау керек.

Шығарылу түрі

Препарат аузы бұралатын және тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған қақпағы, 70 мл және 100 мл-ге дейінгі құю сызығы бар, сыйымдылығы 100 және 125 мл янтарь түсті шыны құтыларға салынады.

1 құтыдан сыйымдылығы 5 мл 1 пластик қасықпен, медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Дайындалған суспензияны тоңазытқышта (2-8 °C) 7 (70 мл үшін) -10 (100 мл үшін) күн бойы сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

70 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКлавунат BID Форте суспензиясы 400 мг / 57 мг 70 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube