Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 257.00 мг және 515.50 мг кларитромицин ( 250 мг және 500 мг сусыз кларитромицинге баламалы ),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, повидон, стеарин қышқылы, тальк, магний стеараты.
Қабығы: гипромеллоза, пропиленгликоль, сорбитан моноолеаты, құрғақ ванильді хош иістендіргіш, титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары бояғыш (Е 104), гидроксипропилцеллюлоза, сорбин қышқылы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сындыру сызығы бар сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, ядро өлшемі 14 х 8 мм (250 мг доза үшін).
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, ядро өлшемі 19 х 10 мм (500 мг доза үшін).