daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Клофан Кремі 1% 20 Г | Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Қоймада жоқ
Актобе қаласындағы Клофан Кремі 1% 20 Г | Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Сипаттама:

Ақ түсті, біртекті, тұтқыр және консистенциясы біркелкі крем.

Халықаралық атауы:

Клотримазол

Өндіруші:

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: цетилпальмитат, цетостеарил спирті, сорбитан моностеараты, полисорбат-60, октилдодеканол, бензил спирті, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті, біртекті, тұтқыр және консистенциясы біркелкі крем.

Белсенді заттың дозасы:

1%

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

1 г препараттың құрамында
белсенді зат - 10.0 мг клотримазол,

қосымша заттар: цетилпальмитат, цетостеарил спирті, сорбитан моностеараты, полисорбат-60, октилдодеканол, бензил спирті, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түсті, біртекті, тұтқыр және консистенциясы біркелкі крем.

Қолдану көрсеткіштері

- өңезді зеңдерден және басқа зеңдерден (мысалы, Trichophyton түрі) туындаған барлық дерматомикоздар

- ашытқы зеңдерден (Candida түрі) туындаған барлық дерматомикоздар

- ашытқы (оның ішінде Сandida), өңезді, басқа зеңдік немесе белсенді компонентке сезімтал қоздырғыштар туғызған салдарлы инфекциясы бар тері аурулары

- кандидоздық базданулар, вульвит және баланит

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Сақтық шаралары

Егер зақымданған теріде ашық жаралар болса, КЛОФАН® кремін қолдану ұсынылмайды.

КЛОФАН®, кремін тырнақ және бас терісі инфекцияларында қолдануға болмайды.

Препарат тек сыртқа қолдануға арналған.

Шырышты қабықтарға жағуға болмайды. Кремді көзге тигізбеңіз.

Егер клотримазолға тітіркену немесе аллергиялық реакциялар пайда болса, онда емдеуді тоқтату керек.

Өзара әрекеттесуі

Зертханалық сынақтар көрсеткендей, бірге қолданған кезде бұл өнім латексті контрацептивтерге зақым келтіруі мүмкін.

Сондықтан мұндай ұрықтануға қарсы дәрілік заттардың тиімділігі төмендеуі мүмкін. Пациенттерге осы өнімді қолданғаннан кейін кем дегенде бес күн ішінде баламалы сақтық шараларын қолдану ұсынылады.

Арнайы нұсқаулар

Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүкті әйелдерде клотримазолды қолдану туралы шектеулі мәліметтер бар. Зерттеулер пероральді жоғары дозаларда репродуктивті уыттылықты көрсетті. Жергілікті емдеуден кейін клотримазолдың жүйелі әсері төмен кезінде репродуктивті уыттылыққа қатысты зиянды әсерлері болжанбайды.

Тағайындаудың орындылығы туралы мәселе дәрігердің кеңесінен кейін жеке қарастырылуы тиіс.

Емшек емізу

Жануарлардағы қолда бар фармакодинамикалық / токсикологиялық деректер вена ішіне енгізгеннен кейінгі сүттегі клотримазолдың / метаболиттердің экскрециясын көрсетті. Бала үшін қаупін жоққа шығару мүмкін емес. Препаратты сіңірілуінің өте аздығына байланысты сәбиді емізу кезеңінде сақтықпен қолдануға болады, бірақ тек дәрігердің бақылауымен ғана.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Крем алдын ала тазартылған (рН мәні бейтарап сабынды қолдана отырып) және терінің құрғақ зақымдалған жерлеріне күніне 2-3 рет жұқа қабатпен жағылады және ақырын сылайды. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, патологиялық өзгерістердің орналасуына және емнің тиімділігіне байланысты. Дерматомикоздарды емдеу кем дегенде 4 апта, кебек тәрізді теміреткі – 1-3 апта.

Аяқ терісінің зеңдік аурулары үшін емді аурудың симптомдары жойылғаннан кейін кем дегенде 2 апта бойы жалғастыру ұсынылады.

Кандидозды вулвит/баланит кезінде емдеу ұзақтығы әркімде жеке түрде және аурудың ауырлығына және орналасуына байланысты болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар мен егде жастағы пациенттер

Балалар мен егде жастағылар үшін жеке дозалау режимі жоқ.

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Жедел уыттану қаупі байқалмайды, өйткені оның теріге бір рет жаққаннан кейін немесе кездейсоқ ішке қабылдағаннан кейін болуының ықтималдығы аз.

Симптомдары: жағымсыз әсерінің күшеюі.

Емі: зақымданған аумақты жуып-шаю, симптоматикалық ем.

Кездейсоқ пероральді қабылдаған кезде осының алдыңдағы сағат ішінде клотримазолдың өмірге қауіпті дозасын қабылдаған жағдайда немесе егер артық дозаланудың клиникалық симптомдары (мысалы, бас айналу, жүрек айну немесе құсу) байқалса асқазанды шаю қажет. Асқазанды шаюды тыныс алу жолдарын тиісті түрде қорғау мүмкін болғанда ғана жүргізу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Сізде осы дәрілік препаратты қолдану туралы қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізге қаралыңыз.

Артық дозалану

Жедел уыттану қаупі байқалмайды, өйткені оның теріге бір рет жаққаннан кейін немесе кездейсоқ ішке қабылдағаннан кейін болуының ықтималдығы аз.

Симптомдары: жағымсыз әсерінің күшеюі.

Емі: зақымданған аумақты жуып-шаю, симптоматикалық ем.

Кездейсоқ пероральді қабылдаған кезде осының алдыңдағы сағат ішінде клотримазолдың өмірге қауіпті дозасын қабылдаған жағдайда немесе егер артық дозаланудың клиникалық симптомдары (мысалы, бас айналу, жүрек айну немесе құсу) байқалса асқазанды шаю қажет. Асқазанды шаюды тыныс алу жолдарын тиісті түрде қорғау мүмкін болғанда ғана жүргізу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Сізде осы дәрілік препаратты қолдану туралы қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізге қаралыңыз.

Шығарылу түрі

Бұрандалы ақ қақпағы бар алюминий сықпаға 20 г препараттан салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

20 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Актобе қаласындағы «Клофан кремі 1% 20 г» бағасының өзгеру диаграммасы

09018027036045012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКлофан кремі 1% 20 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube