daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Кваматель Таблеткалары 20 Мг №28 | Гедеон Рихтер ОАО

Актобе қаласындағы Кваматель Таблеткалары 20 Мг №28 | Гедеон Рихтер ОАО
Сипаттама:

Бір жағында «F20» таңбалануы бар, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар (20 мг доза үшін). Бір жағында «F40» таңбалануы бар, күңгірт-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар (40 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Фамотидин

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, повидон К 90, натрий крахмалы гликоляты (А типі), тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты; үлбірлі қабықтың құрамы: темірдің қызыл тотығы (Е172), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 6000, сепифильм 003; Сепифильм 003 құрамы: макрогол-40 (І типі) (Е431), микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг және 40 мг.

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 20 мг және 40 мг фамотидин,

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, повидон К 90, натрий крахмалы гликоляты (А типі), тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты;

үлбірлі қабықтың құрамы: темірдің қызыл тотығы (Е172), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 6000, сепифильм 003;

Сепифильм 003 құрамы: макрогол-40 (І типі) (Е431), микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза.

Қолдану көрсеткіштері

он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында;

асқазан мен он екі елі ішектің симптоматикалық ойық жараларын емдеуде (ҚҚСП-гастропатия, стрестік, операциядан кейінгі ойық жаралар);

ойық жаралардың қайталануының профилактикасында;

гастроэзофагеальді рефлюксте;

асқазан сөлінің аса жоғары секрециясымен қатар жүретін басқа да ауруларда (мысалы, Золингер –Эллисон синдромы);

жалпы анестезия жүргізген кезде асқазанның ішіндегісінің аспирациялануының профилактикасында (Мендельсон синдромы).

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

Н2-гистаминдік рецепторлардың басқа антагонистеріне аса жоғары сезімталдық;

жүктілік және бала емізу кезеңі (қолдану тәжірибесі болмауына байланысты);

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Арнайы нұсқаулар

Бауыр жеткіліксіздігі жағдайында фамотидинді сақтықпен, аз дозада қабылдау қажет.

Егер пациентте жұтынудың қиындауы болса, немесе егер іштегі жағымсыз сезінулер кетпесе, медициналық көмекке жүгіну керек.

Асқазан ісігі

Қатерлі үдерісті Квамател препаратын қолданумен асқазанның ойық жарасын емдеуге дейін жоққа шығару қажет. Асқазанның ойық жарасын фамотидинмен емдеуден болатын симптоматикалық әсер асқазанда ісіктік үдерістің болуын жоққа шығармайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Фамотидин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, оны бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Егер креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен болса, күнделікті доза төмендетілуі тиіс.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы

Клиникалық зерттеулерде фамотидинді егде жастағы пациенттерде қолданғанда жағымсыз әсерлер жиілігінің жоғарылауы немесе фамотидинге тән жағымсыз әсерлердің пайда болуы байқалған жоқ. Жасына байланысты дозаны түзету қажет емес

Жалпы нұсқаулар

Жоғары дозалармен ұзақ уақыт емдеген жағдайда бауыр функциясы мен қан талдауын жүргізу керек.

Асқазанның созылмалы ауруы болған жағдайда препаратты күрт тоқтатуға болмайды.

Қосымша заттар

Лактоза жақпаушылығы жағдайында әрбір 20 мг Квамател үлбірлі қабықпен қапталған таблеткасының құрамында 105 мг лактоза бар екенін, ал әрбір 40 мг Квамател үлбірлі қабықпен қапталған таблеткасының құрамында 90 мг лактоза бар екенін ескеру керек. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын патологиясы, лактаза жеткіліксіздігі, лактоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамаулары тиіс.

Бұл препараттың құрамында үлбірлі қабықпен қапталған бір таблеткада 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни, іс жүзінде натрий жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

Он екі елі ішектің жедел ойық жарасын емдеу үшін ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 40 мг ұйықтар алдында немесе тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 4–8 аптаны құрайды. Егер эндоскопиялық зерттеуде ойық жараның ерте жазылуы көрінсе, емдеу ұзақтығы қысқа болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда жазылуы шамамен 4 апта ішінде байқалады. 4 аптадан кейін ойық жарасы жазылмаған пациенттерде препаратты келесі 4 апта бойы қолдану ұсынылады.

Асқазан мен он екі елі ішектің симптоматикалық ойық жараларын емдеу (ҚҚСП-гастропатия, стрестік, операциядан кейінгі ойық жаралар)

Ұсынылатын доза ұйықтар алдында тәулігіне 1 рет 40 мг. Емдеу ұзақтығы егер эндоскопия ойық жараның ертерек жазылуын көрсетпесе, 4–8 апта.

Ойық жараның қайталануының профилактикасы

Ойық жараның қайталану профилактикасы мақсатында түнге қарай тәулігіне 1 рет 20 мг қолданады.

Гастроэзофагеальді рефлюкс

6–12 апта бойы тәулігіне екі рет 20 мг (бір таблетканы таңертең және бір таблетканы кешке). Гастроэзофагальді рефлюкс ауруы өңештің қабынуымен қатар жүрген жағдайда Квамател препаратының ұсынылатын дозасы 12 апта бойы 20–40 мг құрайды.

Золингер – Эллисон синдромы

Бастапқы доза әдетте бұрын секрецияға қарсы ем қолданбаған пациенттерде әр 6 сағат сайын 20 мг құрайды. Бұдан кейін доза пациенттің жай-күйіне байланысты түзетілуге тиіс.

Бұрын H2-гистаминдік рецепторлардың басқа блокаторын қабылдаған пациенттер әр 6 сағат сайын 20 мг-ге тең бастапқы дозамен салыстырғанда жоғарырақ дозаларды пайдаланумен Квамател препаратын қабылдауға көшуіне болады.

Ол үшін клиникалық көрсетілімдер бар болса, препаратты қолдану жалғаса беруге тиіс.

Жалпы анестезия жүргізген кезде асқазанның ішіндегісінің аспирациялануының профилактикасы

Операция қарсаңында кешке немесе операция жасалатын күні таңертең 40 мг.

Артық дозалану

Симптомдары: препараттың артық дозалануынан болатын жағымсыз реакциялар әдеттегі клиникалық тәжірибеде қолданғанда кездесетін жағымсыз реакцияларға ұқсас.

Золингер–Эллисон синдромы бар пациенттерде фамотидинді тәулігіне 800 мг дейінгі дозада бір жылдан астам уақыт бойы қолдану ешқандай күрделі жағымсыз құбылыстарды туғызған жоқ.

Емі: асқазанды босату (шаю), симптоматикалық және демеуші ем және пациенттің жалпы жай-күйіне клиникалық мониторинг жүргізу.

Шығарылу түрі

14 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 (40 мг доза үшін) немесе 2 (20 мг доза үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15-тен 30 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл (20 мг доза үшін)

5 жыл (40 мг доза үшін)

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыкваматель таблеткалары 20 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube